Научные направления Антропоцентрическое и семиотическое описание онтологии языка


Әде­би­ет­те­гі гу­ма­низм мә­се­ле­ле­рі



бет7/17
Дата04.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
#176244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Әде­би­ет­те­гі гу­ма­низм мә­се­ле­ле­рі


Же­тек­ші: ф.ғ.д., про­фес­сор
Жұ­ма­ға­ли За­дан Тас­қа­лиұ­лы
М.Горь­кий ір­ге­сін қа­ла­ған ке­ңес­тік әде­би­ет­тің қай­рат­кер­ле­рі мен шет ел­дер­дің бір алу­ан қа­лам­гер­ле­рі­нің өз­де­рі­нің твор­че­ство­лық са­па­рын­да кү­ні ке­ше­ге дейін та­лайы­мыз ең озық ең гу­ма­нис­тік әдіс деп ас­қақ­та­та ас­пан­ға кө­тер­ген со­циа­лис­тік реа­лиз­мге ар­қа сүйе­ге­ні мә­лім. Бел­гі­лі жағ­дай­ға бай­ла­ныс­ты оның тап­тық пар­тия­лық де­лі­не­тін прин­цип­те­рі­нің әде­би­ет­тің, өнер­дің та­ным­дық, эс­те­ти­ка­лық ерек­ше­лік­те­рі­не жа­нас­пай­ты­нын, тек сая­сат­қа, әкім­ші­лік­ке құл­дық ұр­ғы­за­тын ай­ла-амал еке­нін се­зін­сек те, тіс жа­рып жөн­ді еш­те­ңе ай­та ал­ма­дық. Дүр­мек­тен қал­мау­ға ты­рыс­тық. Егер бі­реу-мі­реу жа­за­тайым осы қа­лай дей қал­са, бар бә­ле­ні үйіп-тө­гіп аяусыз қу­ғын­ға сал­дық. Оның есе­сі­не со­циа­лис­тік реа­лизм дү­ние­нің, қо­ғам­ның да­му заң­ды­лық­та­рын ашып қа­на қой­май, Адам­ның мүд­де­сі­не, та­лап-ті­ле­гі­не орай оны қа­лай қай­та­дан жа­сау ке­рек еке­нін тү­бе­гей­лі тұ­жы­рым­да­ған мар­ксизм-ле­ни­низм қа­ғи­да­ла­ры­нан ту­ын­дай­тын бап­тар­дан тұ­ра­ты­нын жа­ры­са «дә­лел­деп» бақ­тық. Сын­шыл реа­лизм за­ман­ның, дәуір­дің қат­пар-қыр­ты­сын, тап­тық қай­шы­лық­ты, же­ке мен әлеу­мет­тік құ­ры­лыс­тың ара­сын­да­ғы сәй­кес­сіз­дік­ті ке­ңі­нен сипат­та­ға­ны­мен, адам­ды тір­ші­лік етіп отыр­ған ор­та­сы­нан бө­ліп, дер­бес қа­рас­ты­ра ал­ма­ға­нын, яғ­ни сом­да­ған кейіп­кер­ле­рі қан­ша бұл­қын­ға­ны­мен сол қо­ғам­ға тәуел­ді бо­лып қа­ла бер­ге­нін, кем­ші­лік­ке сайып, со­циа­лис­тік реа­лиз­мнің мә­се­ле­ні тө­те­сі­нен қоя­ты­нын, оның ге­рой­ла­ры­ның сон­ша­ма қа­бі­лет­ті­лі­гін, қа­жет бол­са, тө­ңі­ре­гін тү­гел­дей өз­гер­ту­ге дейін тай­сал­май ба­ра­тын «жой­қын құ­ді­ре­тін» зор ер­лік ре­тін­де дә­ріп­теу­мен бол­дық. Мұ­ны, қыс­қа­сы, оның Адам­ның өзі­нің та­би­ғи мүм­кін­ді­гі­не сай, бар­лық жа­ғы­нан да жар­қы­рай кө­рі­нуі­не бө­гет жа­сай­тын ке­дер­гі-жай­сыз­дық­тар­дың қай­сы­сы­мен де қи­ра­та, бұ­за-жа­ра кү­рес жүр­гі­зу­ін бел­се­не қол­дай­тын озық та үз­дік қа­сие­ті деп ма­ра­пат­та­дық.

Бі­рақ қа­лай де­сек те, хал­қы­мыз­дың ал­ғаш­қы он - он бес жыл­дың өзін­де жап­пай сауат­та­нуы­на бай­ла­ныс­ты, маң­дай ал­ды қай­рат­кер­ле­рі­нің жол­сыз жа­за­ға ұшы­ра­ға­ны­на қа­ра­мас­тан, әде­би­ет, өнер, мә­де­ни­ет, ғы­лым­ның то­қы­рау­шы­лық­тан тез айы­ғып, үл­кен қар­қын­мен да­мы­ға­ны, өт­кен-кет­ке­ні­міз бен бү­гін­гі­міз­ді еуро­па­лық өл­шем-үл­гі дең­гейін­де өр­нек­тей­тін, төрт тақ­та­сы тү­гел сан алу­ан ру­ха­ни дү­ние­лер­дің өмір­ге кел­ге­ні та­ғы рас. Бұл — әкім­ші­лік-то­та­ли­тар­лық жүйе­нің қан­ша­ма қа­тал, қа­ты­гез бол­ға­ны­мен өсу, іл­ге­рі­леу про­це­сін түп-тү­гел тұм­ша­лай ал­ма­ға­ны­ның бел­гі­сі.

Ке­ңес өкі­ме­ті ке­зін­де жа­ңа­лық, жақ­сы­лық көр­ген емес­піз, бір өң­кей қия­нат-қы­сым­нан көз аш­па­дық де­ме­сек те, хал­қы­ның әдет-ғұр­пын, салт-дәс­тү­рін қа­дір­леп, оның еш­кім­нің та­ба­ны­на тап­тал­май, ер­кін­дік­те, тең­дік­те тұр­мыс ше­гу­ін ар­ман­да­ған аза­мат­тар­дың ақ-қа­ра­сы жан-жақ­ты тек­се­ріл­мей, қа­раң­ғы қа­пас­қа қа­ма­луы, та­лай жыл­дар бойы жат, жау­лар­дың ті­зі­мі­не тір­ке­луі — ар­қа­ны аяз­дай қа­ри­тын жағ­дай­сыз жайт. Өмір­ба­қи ұмы­тыл­май­тын, шек­тен шық­қан өрес­кел­дік деп бі­ле­міз.

Бү­гін­де­рі бай­қас­тай қа­ра­сақ, қан­ша­ма кө­тер­ме­лей сөй­ле­сек те, ты­мақ­пен ұрып ала­тын мөл­шер­ден алыс­қа ұза­мап­пыз. Таз ке­пе­ші­міз­ді ше­ке­міз­ге ші­кі­рей­те ки­іп, кө­сем­дер­дің өси­ет­те­рін сар­на­ту­дан өз­ге­ні ой­лас­ты­рып жа­рыт­пап­пыз. Бә­рі­нен бұ­рын бай­лық­ты, бар­лық­ты сы­нап, жа­ман­дай­мыз деп жү­ріп, бәз-бая­ғы бөс­те­гі­міз­дің ма­ңайын ши­ыр­лау­дан әрі аса ал­ма­ға­ны­мыз зор өкі­ніш. Ал көр­ші­ле­рі­міз бол­са, сиы­на­ры мен сүйі­не­рін, біз си­яқ­ты ки­із кі­тап­тар­дан із­де­мей, өмір­дің өзі­нен тауып, іл­ге­рі­лей бе­ріп­ті, да­ми бе­ріп­ті. Қай­шы­лық-қақ­ты­ғыс­тың ем-до­мын да ес­тен шы­ғар­мап­ты. Бас­қа­сы бас­қа, ке­ше­гі өзі­міз ор­да­сын ой­ран­дап, күл-қо­қыс­қа кө­міп кет­кен ел­дер­ден кеу­сен сұ­ра­ған­дай күй ке­шіп отыр­ға­ны­мыз­ды нен­дей уәж­бен бүр­ке­ме­ле­мек­піз? Бұл сы­қыл­ды ке­ре­ғар­лық­тың түп­кі жауыр­ды жа­ба то­қу, қа­зір­гі­міз­ді бір ың­ғай көп­ті­рі мақ­тап, өт­кен­де­гі­міз­ді кеп­ті­ре жа­ман­дау тен­ден­ция­сы­ның ке­шік­пей айық­пас дер­тке ай­нал­ға­ны сон­ша­ма, одан кү­ні бү­гін­ге дейін жөн­ді айық­пай ке­ле жат­қа­ны­мыз алыс-жа­қын­ның бә­рі­не аян.

Қа­зір де­мок­ра­тия­ның ар­қа­сын­да, оң-со­лы­мыз­ды ай­қын­дап, бұ­рын­ғы кет­кен қа­те-кем­ші­лік­тер­ді жөн­деп-тү­зе­ту­ге тыр­мы­сып жат­қан­дай жай­да­мыз. Ке­ше­ге дейін тек ма­дақ­та­лу­мен бол­ған боль­ше­вик­тер пар­тия­сы мен олар жүр­гіз­ген іс-қи­мыл­дар­ды бел­се­не қол­да­ған: «Тар жол, тай­ғақ ке­шу», «Со­вет­стан», «Бо­та­көз», «Ақ Жайық», «Өс­кен өр­кен», «Мил­лио­нер» жә­не та­ғы бас­қа­лар­ды сө­ре­ден алас­тап, жы­лы жауып тас­тай­мыз ба? Ит­бай, Абы­ла­ев, Қо­ян­жы­рық­тар­ды та­за қи­ял­дың, әсі­ре со­ла­қай әкім­шіл­дік­тің же­мі­сі­не ба­лап, ав­тор­лар­дың олар­ды тү­бе­гей­лі өң­деуін, жөн­деуін та­лап ете­міз бе? Дауыс шық­са, ал­ды-ар­ты­на қа­ра­май қа­на­тын бір­ден қа­ға жө­не­ле­тін кей­бір пы­сы­қай­лар ашық­тан-ашық: Жам­был, С.Сей­фул­лин, С.Мұ­қа­нов­тар бү­кіл өмір бойы со­циа­лизм үшін ат са­лыс­ты, ком­му­нис­тік пар­тия­ны, Ле­нин­ді, со­вет өкі­ме­тін жыр­лау­дан ауыз­да­ры бо­са­ған жоқ, сон­дық­тан олар­ды оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­нан шы­ға­рып, кі­тап­та­рын қол­да­ныс­тан алып тас­тау ке­рек де­ген ұсы­ныс­тар ай­ту­да. Ал бы­лай­ғы­ла­ры­мыз үшін Аман­тай, Ас­қар, То­қаш, Ха­кім, Ела­ман­дар — ту­ған хал­қы­ның бү­гін­гі­сі мен бо­ла­ша­ғы, бос­тан­ды­ғы мен ер­кін­ді­гі жо­лын­да ба­сын бәй­ге­ге ті­гу­ге дейін бар­ған ай­дын­ды да ар­дақ­ты гу­ма­нис­тер. Сан жыл­дар бойы үл­кен-кі­ші­мен ең жа­қын ет бауырын­дай сыр­ла­сып кел­ген, қи­ын-қи­ын си­туа­ци­ялар­дан жол тауып шы­ғу­дың ақыл­ға сай, кө­ңіл­ге қо­ным­ды жөн-жо­ба­сын ұсы­на біл­ген қа­дір­мен­ді жан­дар­дың жи­ын­тық бей­не­сі. Олар­ды дәл, сол қал­пын­да адам­зат­тың тағ­ды­ры­на бө­тен по­зи­ция­дан қа­ра­ған­дар­ға, елі­міз­дің өмі­рін­де орын ал­ған сан қи­лы жөн­сіз­дік­тер­ге, апат, қа­сі­рет­тер­ге қа­ты­сы бар деу­ге еш не­гіз жоқ. Ен­де­ше ол шы­ғар­ма­лар­ды сөз ет­кен­де ға­сыр­ға жу­ық та­ри­хы­мыз­ға то­пы­рақ шаш­пай, қа­лам­гер­лер­дің кей­бір әсі­ре­леу­лер­ге, иіп-бү­гу­ге ба­ру се­беп­те­рін сая­си-әлеу­мет­тік жағ­дай­лар­мен са­бақ­тас­ты­ра оты­рып сал­қын қан­ды­лық­пен әң­гі­ме­леу қа­жет. Сон­да ға­на сөз өне­рі­нің мақ­сат-мін­де­тін ай­қы­ны­рақ се­зі­ніп, адам ба­ла­сы­на тән жақ­сы­лық пен жа­ра­сым­ды­лық­тың — гу­ма­низ­мнің — те­ре­ңі­не бой­лаң­қы­рай тү­се­міз, дұ­рыс­тық­қа, әділ­дік­ке жа­қын­дай тү­се­міз. «Мі­не осын­дай да за­ман бол­ды» деп өт­кен-кет­кен­нің қа­те­лі­гін жіп­ке тіз­сек, оны бір­ден жөн­деу­ге, тү­зе­ту­ге кі­рі­су­дің ор­ны­на, бір алу­ан күш-жі­гер­ді қу­да­лау, күс­тә­на­лау әре­ке­ті­не жұм­са­сақ, бе­ре­ке­лі еш­те­ңе тап­пай­мыз. Бұл — тә­жі­ри­бе­де сан рет дә­лел­ден­ген ақ­бе­рен ақи­қат.

Жұ­мыс нә­ти­же­сі


Зерт­теу жұ­мы­сы­ның нә­ти­же­сі — Филол. фа­куль­те­ті сту­дент­те­рі­не ма­ман­дан­ды­ру пә­ні ре­тін­де ғы­лы­ми ой-пі­кір­лер­дің жүйе­лі түр­де оқы­ты­лу­ын­да.

Со­ны­мен қа­тар көп­те­ген кур­стық жұ­мыс­тар мен дип­лом­дық жұ­мыс­тар нә­ти­же­лі қор­ғал­ды жә­не қор­ға­ла бер­мек.


Жа­рия­лан­ған ең­бек­тер


Жүр­гі­зіл­ген зерт­теу­дің нә­ти­же­сін­де 4 мо­ног­ра­фия­лық ең­бек жә­не 50-ден ас­там ғы­лы­ми ма­қа­ла­лар жа­рия­лан­ды.

Мо­ног­ра­фия жә­не оқу құ­ра­лы


  1. Өр­шіл гу­ма­низм өне­ге­сі, 1977.

  2. Уақыт жә­не әде­би­ет, 1999.

  3. За­ма­на са­зы, 2002.

  4. Жыл­дар, ой­лар, 2004.

  5. Шын­дық жә­не көр­кем әде­би­ет, 1993.

  6. Ке­зең жә­не әде­би­ет, 2004.

Ғы­лы­ми ма­қа­ла­лар


    1. Дауыл­ды жыл­дар ше­жі­ре­сі. — Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1987.

    2. От­ты жыл­дар еле­сі: Ас­пи­рант­тар мен із­де­ну­ші­лер жи­н., 1963.

    3. Бан­ды­ны қу­ған Ха­мит // Қа­зақ­стан мек­те­бі. — 1964.—№ 11.

    4. Ер­лік өмір бей­не­сі. — Ас­пи­рант­тар мен із­де­ну­ші­лер жи­н., 1965.

    5. Жа­ңа өмір үшін кү­рес хи­кая­ла­ры // Жұл­дыз. — 1966. — № 8.

    6. Дәуір ше­жі­ре­сі ту­ра­лы // Қа­зақ ті­лі мен әде­бие­ті мә­се­ле­ле­рі: жо­ға­ры жә­не ар­нау­лы ор­та бі­лім ми­нистрлі­гі­нің жи­н. — VІІІ шы­ғ. — 1971.

    7. «Тар жол, тай­ғақ ке­шу­дің» екі нұс­қа­сы // Қа­зақ ССР Ғы­лым ака­де­мия­сы­ның ха­бар­шы­сы. — 1973. — № 6.

    8. Де­рек­ті шы­ғар­ма­лар ту­ра­лы // Жұл­дыз. — 1973. — № 2.

    9. Та­ри­хи ке­зең жә­не реа­лис­тік тұл­ға // Жа­лын. — 1974. — № 2.

    10. Ар­да­гер ақын­ның көр­кем бей­не­сі // Қа­зақ­стан ком­му­ни­сі.— 1974. — № 11.

    11. Өс­кен әде­би­ет­тің өре­лі та­қы­ры­бы // Қа­зақ ті­лі мен әде­бие­ті. — Қаз­МУ. — ІV шы­ғ. — 1974.

    12. Жа­лын­дап өт­кен жақ­сы өмір: сб. нау­ч. тр. по гу­ма­ни­т. нау­кам. — Вып. І. — Караганда: Изд. Кар­ГУ, 1974.

    13. Өмір сы­ры­нан бір бе­лес: сб. на­уч. тр. по гу­ма­ни­т. нау­кам. — Вып. І. — Караганда: Изд. Кар­ГУ, 1974.

    14. Ұлы кү­рес дәуірі жә­не көр­кем әде­би­ет // Гу­ма­ни­тар­ные нау­ки: сб. ст. — Вып. 2. — Караганда: Изд. Кар­ГУ, 1975.

    15. Ұлы Ок­тябрь жә­не әде­би­ет // Жұл­дыз. — 1977. — № 2.

    16. Сыр ту­ра­лы сыр // Бі­лім жә­не ең­бек. — 1978. — № 1.

    17. Әде­бие­ті­міз­дің би­ік бе­ле­сі // Қа­зақ Филол.­сы­ның мә­се­ле­ле­рі: жин. — Алматы: Каз­МУ, 1979.

    18. «Өмір мек­те­бі» өр­нек­те­рі // Жа­лын. — 1980. — № 2.

    19. Өмір өзе­гі // Қа­зақ әде­бие­ті­нің мә­се­ле­ле­рі: жин. — Алматы: Қаз­МУ, 1982.

    20. Қа­зақ про­за­сын­да­ғы ха­лық об­ра­зы // Қа­зақ ССР Ғы­лым ака­де­мия­сы­ның ха­бар­шы­сы. — 1982. — № 3.

    21. Про­за­да­ғы ли­ризм ту­ра­лы кей­бір ой­лар // Қа­зақ көр­кем шы­ғар­ма­ла­ры­ның жан­ры мен сти­лі: Қаз­ПИ жин. — 1982.

    22. Ли­ри­ка­лық про­за ту­ра­лы кей­бір ой­лар // Ли­те­ра­ту­ра и фольклор Ка­зах­ста­на: жин. — Карағанды: Изд. Кар­ГУ, 1983.

    23. Сә­кен ту­ра­лы бі­рер сөз // Қа­зақ ССР Ғы­лым ака­де­мия­сы­ның ха­бар­ла­ры. — 1984. — № 2.

    24. Ре­во­лю­ция­лық гу­ма­низм жә­не көр­кем әде­би­ет // Қа­зақ әде­бие­ті­нің стиль проб­ле­ма­ла­ры: жин. — Алматы: Қаз­МУ, 1986.

    25. Ж.Ай­мауытов­тың су­рет­кер­лі­гі ха­қын­да бі­рер сөз: ХV ғыл.-практ. конф. бая­нд. тез. — ІІІ б. — Қа­ра­ған­ды, 1990.

    26. Пуш­кин жә­не Шә­кә­рім: Рес­п. ғыл.-әдіст. конф. бая­нд. тез. — Қа­ра­ған­ды, 1991.

    27. Пуш­кин жә­не Шә­кә­рім // Поэ­ти­ка жан­ра: Қар­МУ жи­н. — 1992.

    28. Із­гі­лік пен ірі­лік иірі­мі // Ис­то­ри­чес­кая поэ­ти­ка: сб. нау­ч. тр. — Ка­ра­ган­да, 1993.

    29. Су­рет сы­ры // Уче­ные за­пис­ки. — Кар­ПИ, 1994. — Т. І.

    30. Ке­зең шын­ды­ғы­нан бір елес // Жан­ро­во-сти­ле­вые про­цес­сы в фолькло­ре и ли­те­ра­ту­ре: сб. нау­ч. тр. — Ка­ра­ган­да, 1995.

    31. Абай мұ­ра­сы­ның та­ным­дық, та­ғы­лым­дық мә­ні: Абай­дың сая­си-құ­қық­тық мұ­ра­сы жә­не жа­ңа ке­зең: ғыл. ең­б. жин. — Карағанды: Қар­МУ баспасы, 1995.

    32. Ұлы­лық ұла­ға­ты // Қар­қа­ра­лы. — 1998.— № 1,2; — 1999. — № 1–2.

    33. Өр­нек сы­ры. С.Мұ­қа­нов­тың әде­би-мә­де­ни мұ­ра­сы жә­не қа­зір­гі за­ман: жин. — Пет­ро­павл, 2000.

    34. За­ма­на өр­не­гі // Қар­қа­ра­лы. — 2000. — № 1, 2.

    35. Ой­тол­ғақ // Азия-тран­зит. — 2001. — № 6.

    36. Ж.Ай­мауытов­тың та­ным­дық, эс­те­ти­ка­лық әле­мі // Азия-тран­зит. –2001. № 10, 11.

    37. Сөз жә­не су­рет. М.Әуезов жә­не әлем әде­бие­ті: Ха­лы­қа­ра­л. ғыл.-те­ор. конф. ма­те­ри­ал­да­ры. — Ал­ма­ты: Қаз­МҰУ, 2002.

    38. Елін сүй­ген есіл ер // Азия-тран­зит. — 2002. — № 2, 3.

    39. Асыл қа­зы­на // Қа­зақ ті­лі мен әде­бие­ті. — 2002. — № 4.

    40. Бұ­лың­ғыр бағ­дар, бұл­дыр тағ­дыр // Азия-тран­зит. — 2002. — № 9, 12.

    41. «Бо­ран­ның» қа­зақ­ша­сы ха­қын­да. Ғ.Мұс­та­фин жә­не қа­зір­гі қа­зақ про­за­сы: жин. — 2002.

    42. «Ту­ла­ған тол­қын­да» по­ве­сі­нің көр­кем­дік си­па­ты // Қа­зақ ті­лі мен әде­бие­ті.— 2002. — № 11.

    43. Шә­кә­рім — аудар­ма­шы. «Шә­кә­рім дә­ріс­те­рі»: ІІІ рес­п. ғыл.-тә­жір. конф. — Се­мей, 2002.

    44. Кең өріс­ті ке­мел жанр. Қа­зір­гі таң­да­ғы қа­зақ тіл бі­лі­мі мен әде­би­ет­та­ну­дың өзек­ті мә­се­ле­ле­рі: жин.– Қа­ра­ған­ды, 2002.

    45. «Абай жо­лы» эпо­пея­сы­ның тіл көр­кем­ді­гі // Қа­зақ ті­лі мен әде­бие­ті. — 2003. — № 4.

    46. Ер­лік пен ел­дік тол­ға­мы // Азия-тран­зит. — 2003. — № 9, 10, 12.

    47. Көр­кем әде­би­ет­те­гі Қа­ра­ған­ды бей­не­сі. Сыр сан­ды­ғым Са­ры­ар­қа: «Ор­та­лық Қа­зақ­стан­да­ғы ха­лық шы­ғар­ма­шы­лы­ғы мен әде­би­ет­тің қа­лып­та­суы жә­не да­муы» ат­ты рес­п. ғыл.-практ. конф. ма­те­ри­ал­да­ры. –Қа­ра­ған­ды: Қар­МУ баспасы, 2005. — 44–46 - б.

    48. «Абай жо­лы» — ел­дік, өр­ке­ни­ет­ті­лік жар­шы­сы // Азия-тран­зит. — Қа­ра­ған­ды, 2005. — № 10 — 12.

    49. А.Бай­тұр­сы­нұ­лы — аудар­ма­шы. Ах­мет­та­ну бас­та­ма­ла­ры. — Қа­ра­ған­ды: Бо­ла­шақ бас­па, 2005. — 141–148 – б.



Ақ­па­рат­тық бай­ла­ныс


100028, Қа­ра­ған­ды қ., Мұ­қа­нов көш-сі, 1,
Е.А.Бө­ке­тов атын­да­ғы Қар­МУ. Филол. фа­куль­те­ті.
Қа­зақ фолькло­ры жә­не әде­би­ет та­ри­хы ка­фед­ра­сы.


8 (3212) 77–04–32

phil_faculty@ksu.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет