«Балапан»
балабақшасы
НАУРЫЗ КЕЛДІ, АЛАҚАЙ!
Дайындаған:
Мақсаты :
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау: қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейрімділікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрімен
кеңірек таныстыру, әртүрлі ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту.
Зал мерекеге орай безендірілген. Балалар музыка әуенімен кіріп келеді.
Жүргізуші:
Армсыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!
Мереке Наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау болсын!
Аман – есен болайық! –
деп, бүгінгі Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Қымбатты ата- аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз – жыл басы. Наурыз- ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата – аналарымыз бен әжелеріміз үй – үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Ал, енді, «тойдың көркі - ән», - дейді халқымыз. Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
«Наурыз – біздің жаңа жыл» әні (балалар орындықтарға отырады, тақпақ айтатын балалар шығады)
1 бала: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән, өнерге тамсанайық.
Аңызбен, ертегімен бізге жеткен
Наурызды, қонақтарды қарсы алайық.
2 бала: Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз,
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр - әніміз.
3 бала: Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық,
Баянды болып, мереке
Қыр гүліндей жайнайық.
Жүргізуші: Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Ал, енді, балалар, айтыңдаршы, Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде бізге келіп отыр
Балалар: Көктемде
Жүргізуші: Дұрыс, көктемде Ал көктемді қалай сипаттауға болады.
Балалар: Күн жылынады. Жер көгере бастайды. Гүлдер өседі.
Жүргізуші: Иә, табиғат құлпырып, бізді бір әдемі әлемге алып барады,
Шомылып нұрға атырап,
Ағаштар жайды жапырақ
Далаға бірден таралды,
Гүлдерден жұпар шашырап
Олай болса, қазір «Гүлдер биін » тамашалайық. Өте тамаша. ал, енді, тақпақтарымызбен мерекемізді жалғастырайық.
4 бала: Ойнаймыз шаттана,
Ішеміз күнде айран
Балаға, қартқа да,
Ортақ қой бұл мейрам.
5 бала: Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді.
Жүргізуші: Қанеки қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың
Барайық төрт көз түгел келер жылға,
Аман боп алыс, жақын кәрі – жасың.
(Есікті біреу тақылдатқандай болады. Бұл жыл басы – барс)
Барс: Мен келдім, міне ортаңызға
Амандық тілеп баршаңызға
Саулығын берсін деймін бәрімізге
Жеткенше келесі жаңа жылға.
Жүргізуші: Біздің тойдың бас қонағы өзіңсің ғой. Төрлет, бүлдіршіндер өнер көрсетіп жатыр. Тамашалайық бірге.
6 бала: Өмір бағы жайнасын,
Бақта бұл бұл сайрасын
Өркендесін тірщілік
Өсірілсін бір шыбық
7 бала: Ару көктем, армысың!
Көкке біткен әнбісің
Жерге біткен сәнбісің
Алтын арай таңбысың
Хош келіпсің, армысың!
Достарыңызбен бөлісу: |