Өтеғалиева Н. О. Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбекші мектеп балабақшасының



Дата03.07.2016
өлшемі53 Kb.
#174727
Өтеғалиева Н.О.

Ақтөбе облысы

Темір ауданы

Еңбекші мектеп балабақшасының

мұғалімі

Мұғалім: Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде ананың ақ сүтінен нұр алып өсіп-өніп келеміз. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. «Құрметтесек – ананы құрметтейік» дегендей, мереке қарсаңында бізде осы бір аяулы аналарымыздың басын қосып отырмыз. Жылына бір келетін мерекеде еңбектерін бағалап сый-құрмет көрсету біздер үшін қуаныш әрі парыз да. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші әрқашан да аман жүріңіздер аяулы жандар.

Ана үш –ақ әріптен құралған. «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқаны кез-келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есімінен артық, қасиетті киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын-жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тебіреніп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама.... Қазақ халқы оны: «Ана сүтін, Анаңды меккеге үш рет апарып әкелсеңде, өтей алмайсың» - деп нақтырақ түсіндіреді. Баласының ақылды, саналы, әдепті болып өсуін кез-келген ана қалайды, және Алла Тағаладан үнемі амандығын тілеп жүретінін естен шығармайық.


Жангүл:

Сөзің шырақ секілді,

Сүйем соған жетуді.

Қанат қағып самғауға,

Балаң бекем бекінді.
Досымжан:

Шарлап әлем қиянын,

Бар жақсылық жиямын.

Қуат беріп күн нұры,

Жүрегіңе құямын.
Ақжүніс:

Сүйіктім деп жүретін,

Қадіріңді білетін.

Өссем ұл боп жан ана,

Орындалар тілегің.
Рамир: Атыңнан айналайын ана деген. Ана деген қасиетті сөзді ойға алғанда тебіренбейтін жан жоқ. Әр адамның өз анасы өзіне асқар тау, биік шың болып көрінері хақ. Жер бетіндегі әсемдік атаулының бәрі анаңа деген сүйіспеншіліктен туған.
Аяна:

Тербейді ана қуанышты, бақытты,

Тербейді ана – тебіренеді жаны шын.

Тербейді ана уақытты,

Барлық әлем бір – ақ бесік Ана үшін,

Тербейді ана бөбегін

Сол арқылы тербетеді өз елін,

Құмын, тауын, өзенін.

Тербейді ана көлеңкені, шуақты,

Планетаның алақаны сияқты.


Ән: «Мерекеңмен»

Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік,

Жастарды имандылыққа әзірлейік.

Тәрбие мен білімді тең игерген,

Болашағы қазақтың деп тілейік – деп отырып сайыскерлерді ортаға шақырайық.

Әділқазы алқасын таныстыру.

Шарттармен таныстыру


  1. Сөздің көркі – мақал

  2. Сұрақ-жауап бөлімі

  3. Мерекелік дастархан

  4. «Кім жылдам» капитандар сайысы

  5. Мақтан тұтамын

  6. Өнерлінің өрісі кең

  7. Қорытынды


І-тур

Аналар келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды көрсетуге.

Тыңдаңыздар халайық аналардың,

Өздерінің таныстыру кезеңдерін – дей отырып әр топ өздерін таныстырады.
ІІ-тур «Сөздің көркі - мақал»

Мұнда алдымен сұрақтың жауабын тауып, сол сөзге байланысты мақал айту керек. Егер жұмбақтың немесе сұрақтың жауабын шешсе 10 ұпай, ал оған мақал тауып айтса тағы 10 ұпай қосылады, іске сәт.


Рамир:

Теспес жерді тескен,

Сол тесікте өскен. (тышқан)

Мақал: Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.



Жангүл:

Төр аяқты шалғы,

Орып кетер малды (қасқыр)

Мақал: Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.



Диас:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойындарында наны бар. (бидай)

Мақал: Арпа бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Арай:

Бір ғажап бар тілі жоқ,

Сөйлеп берсе міні жоқ (хат)

Мақал: Ғалымның хаты өлмейді,

Жақсының аты өлмейді.

Досымжан:

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Мақал: Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.



Ақжүніс:

Нағашы жұрт кімге қамқоршы (Жиенге)

Мақал: Жиен ел болмас, желке ас болмас.

Бекбол:

Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Мақал: Соңғы түйенің жүгі ауыр.

Аяна:

Жат елге түскен қыз кім болады? (Келін)

Мақал: Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан.

Әлішер:

Екі ағайынды, екеуіде бір үйде,

Бірін-бірі көрмейді. (Көз)

Мақал: Шынымен жыласа, соқыр көзден жас шығар.



Мейірбек:

Сүйексіз қып жаратқан,

Жұртты аузына қаратқан. (Тіл)

Мақал: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.



Рамир:

Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар шапаны жоқ. (мысық)

Мақал: Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.



Жангүл:

Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)

Мақал: Көз қорқақ, қол батыр.



Диас:

Қарап тұрсаң өзіне

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды,

Дәл қазіргі өзіңе. (Айна)

Мақал: Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме.



Мейірбек: Теңізден де мұхиттан да өткізеді,

Аңсаған алысқа жеткізеді. (Кеме)

Мақал: Мектеп кеме, білім теңіз.
ІІІ-тур «Сұрақ-жауап» бөлімі

Жас ұрпақтың ұлттық дүниеге танымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары, наным-сенімдерінің алатын орны ерекше. Өйткені оларды халықтың ғасырлар бойы жинақтап бай тәжірибесі сақтаған.



1-топ «Қыз өмірдің қызғалдағы» Ендеше қыздарға байланысты үш мақал-мәтел айтыңыз.

1) Қыз еркем, өнерімен көркем.

2 ) Қызы бар үйдің қылығы бар.

3) Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без.


2. Қазақта «жаушы жіберу» деген салт бар. Бұл туралы не білесіңдер?

Жаушы – қыз айттыруға, құда түуден бұрын немесе алдын ала көріп сынауға жіберілетін өкіл жігіт. Ол сөзге шешен, әзіл-қалжыңға жүйрік көркем. Қыз аулына барғанда ақбоз ат мініп, шалбарының бір балағын сыртқа шығарып киеді екен. Ол сәтті сапар болсын деген ырым. Оның міндеті – бойжеткен қыздың әке-шешесін, туыстарын көріп құда келеді дегенді білдіріп кету.


3. Киелі аң-құсты ата. (киік, аққу)
2-топ. «Ұлдар – ел қорғаны» ендеше ер балаларға байланысты үш мақал-мәтел айтыңыздар.

1) Талапты бала талпынған құстай,

Құмары қанбас аспанға ұшпай.

2) Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

3) Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.
2. Қазақ халқы «Адамның жеті жетекшісі бар» деп ұрпақтарының болашағын жеті ауыз сөзбен түйіндеген. Осыларды атап беріңіз.

1. Адамның басшысы – ақыл

2. Жетекшісі – талап

3. Жолдасы – кәсіп

4. Жолаушысы – ой

5. Қорғаны – сабыр

6. Қорғаушысы – мінез

7. Сынаушысы – халық


3. Бесік жырын айтыңыз.
ІҮ-тур «Мерекелік дастархан» үй тапсырмасы

Ү-тур «Мен анамның өнерін мақтан тұтамын» (Балаларға киім кигізу)

ҮІ-тур «Кім жылдам» капитандар сайысы. Минут, уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген сұрақтарға тез жауап беру.
І-топ

1. Сіздің анаңыз балаңызға кім болады? (нағашы әже)

2. Әйелдер мерекесін қай күні тойлайды? (8-наурыз)

3. «Күйеу» сөзінің баламасы (жұбайы, отағасы)

4. Екі қыздың баласы бір – біріне кім болады (бөле)

5. 1 км неше метр бар? (1000м)

6. Бала дүниеге келген күні қандай той жасалады? (Жарысқазан)

7. Өз атын қайталайтын құс (көкек)

8. «Тақиялы періште» фильмінің басты кейіпкері кім? (Тайлақ)

9. Төлегеннің сүйіктісі (Жібек)

10. Тышқанның жауы (мысық)
ІІ-топ


  1. Сіздің әкеңіз балаңызға кім болады? (нағашы ата)

  2. Күйеуіңнің шешесі саған кім болады? (ене)

  3. Құрт неден жасалады? (сүт)

  4. Қозы Көрпештің сүйіктісі (Баян Сұлу)

  5. Енеңіздің есімі кім?

  6. 1 тоннада неше кг бар? (1000кг)

  7. «Қыз Жібек» фильмінің басты кейіпкері кім? (Жібек)

  8. Қантқа қайнатылған жеміс-жидек (тосап)

  9. Пингвиннің Отаны (Антарктида)

  10. Алғашқы мүшелі жас (13 жас)


ҮІІ-тур «Өнерлінің өрісі - кең» (өз өнерлерін көрсету)

Қорытынды

Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдікте

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін ынтымаққа – бірлікке – дей келе сайысымызды ақтаймыз.

Еңбекші мектеп – балабақшасы




(аналар сайысы)



Өткізген: Өтеғалиева Н.О.

2013жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет