Наурыз Серуен 1 Маусымдық өзгерістерді бақылау



бет1/24
Дата20.05.2023
өлшемі147.44 Kb.
#474013
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Серуен картотекасы КӨКТЕМ "(3-4жас)




Наурыз
Серуен 1
Маусымдық өзгерістерді бақылау
Мақсаты:

  • Табиғаттағы көктемгі өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • айнала қоршаған ортадан көктем өзгерістерін көре білуге үйрету;

  • табиғатты бақылауға деген қызығушылығын арттыру, қамқор болуға тәрбиелеу.

Бақылау барысы
Тәрбиеші:
Балалар, мені тыңдаңдар, қазір мен сендерге өлең оқимын, сендер жасырынған сөздерді табыңдар.
Жауған қарымен,
... құнар береді. (қыс)
Үлкендер қарбалас,
... дән себеді. (көктемде)
Бақ пенен бақшаны,
... баптап өсіреді. (жазда)
Дихандар жемісін,
... жинап береді. (күзде)
Тәрбиеші сұрақтары:

  • Өлеңде қандай жыл мезгілдері туралы айтылған?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктемнің алдында қай мезгіл болды?

  • Көктемнің келуімен табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Қазір айналадан қандай өзгерістерді көруге болады?

Зерттеу жұмысы: Балабақша ауласынан күннің жылуымен еріген қар суын (қар айналасындағы ылғалды жер) табу, оның неге ерігенін әңгімелеу. (көктемде күн шуағы молаяды, күн көзі көп түскен жердегі қар жібиді де, ылғал пайда болады)
Еңбек
Гүл егетін жерді тазалау.
Мақсаты: Еңбекке деген оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Кім жылдам?».
Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.
Жаттығу ойыны:
Орнында тұрып биіктікке секіру.
Мақсаты: секіре білу дағдыларын дамыту, жылдамдықтары мен күштерін есептей білу




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет