Мақал-мәтел:
Бір тал кессең, он тал ек.
Бір ағаштан жасалады мың шырпы,
Мың ағашты өртеп кетер бір шырпы.
Сәуір
Серуен № 5
Ауладағы бұталар мен өсімдіктерді бақылау
Мақсаты: бұталар мен кез келген ағаштардың тіршілік иелері екендігі туралы түсініктерін тиянақтау.
Бақылау барысы
Көркемсөз «Көктем» Б. Жақып
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі_- түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызыл - жасыл аймақ,
Қырға шықтық ойнап.
Балаларға сұрақтар:
Көктем келгелі айнала қоршаған ортада қандай өзгерістерді байқадыңдар?
Ауламыздағы ағаштар бойында қандай өзгерістер бар?
Бұталар мен шөптерден қандай көктем бейнесін көріп тұрсыңдар?
Дидактикалық тапсырма:
Ауламыздағы ағаштардың қалай қыстап шыққанын қарау: сынған бұталар көп пе?
Еңбек
Алаңдағы сынған ағаш бұталарын жинау, бұталар түбін тазалау.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке баулу, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту, істеген жұмыс нәтижесіне қуана білу.
Қимылды ойын «Кім аталған ағашқа тез жетеді?».
Мақсаты: ағаш аттарын дұрыс атай білу, ойлау қабылеттерін дамыту, жылдамдыққа баулу.
Жаттығу ойыны: Қозғалыстарын дамыту.
Мақсаты: сапта дұрыс жүрулері мен жеңіл жүкірулерін тиянақтау
Мақал мәтел:
Бабасы еккенді, баласы орады.
Сәуір айы су айы, мамыр айы гүл айы.
Дана көптен, дәрі шөптен
Достарыңызбен бөлісу: |