5
ПІКІР
«Білімге ден қоймаған
халық қаншалықты бай
болғанмен, уақыт өте келе бүкіл байлығы білімді, өнерлі
халықтың қолына өтеді» деп ұлы жазушы Мұхтар
Әуезов келешекке кемел бағдар жасаған. Өркениеттің
керуеніне ілесіп, көштен қалмауға талпынған еліміз ру-
хани салада да бірқатар белестерді бағындырып келеді.
Дін турасында келелі
еңбектер мен тағылымы мол
кітаптар көпшіліктің қолына тиген сайын ескішілдік
пен надандық келмеске кетіп, рухы мығым, ойы тұнық,
санасы парасатты ұлт өрендері қалыптасып,
теңіз
түбінен шағылысқан жақұттай көзге түсе бастады.
Әрине, мұның бәрі дінге жанашыр, ұлтқа жанашыр
азаматтарымыздың маңдай терінің еленгені деп білеміз.
Осы орайда қолдарыңызға тиіп отырған кітаптың
арқалар жүгі өзгеше. Діни ахуалдың бір кетігін кірпіш
боп қалауға ұмтылған еңбек айрықша тақырыптарымен-
ақ өз алдына бөлек ізденістің нәтижесі екенін көрсетеді.
Автор Тағанұлы
Наурызбай Өтпенов көп жыл
дін саласында аянбай қызмет атқарып, ел ықыласына
бөленіп жүрген жан. Дін насихатындағы талай жылғы
тәжірибесін ортаға салған ол кітабында Исламдағы
құндылықтар жүйесіне
ерекше мән беріп, өзгеден
ерек ұмтылып,
тың тақырыптарға қалам тартып,
оқырмандарға жаңа туынды ұсынып отыр. Айталық,
адами мінез, адамгершілік қасиеттерді сөз етумен
қатар, «Қайғыны сейілту», «Мансап – уақытша ләззат»,
6
Үміт cәулесі
«Достық», «Кешегі тарих өтті, ертеңгі белгісіз, бүгінгің
сый» сынды тақырыптар Исламның нәзік тұстарының
сырларын тереңірек аша түскендей.
Жүрекке иман орнықса да қайғының тұңғиығына
түсіп, уайым шыңырауынан шыға алмай жүрген бауыр-
ларымызды арагідік кездестіретініміз рас. Кітап авторы
осы маңызды тұсты ескеріп, ешбір ғылым түсіндіріп
бере алмайтын қилы сезімдерді тепе-теңдікте ұстауды,
Жаратушының адам бойына дарытқан құпия қасиеттерді
шыңдауды, уайымды артқа тастап, қайғының бұлтын
сейілтіп, ақиқат дінмен бақытқа жетуді кеңінен ашып
түсіндіреді. Кітаптан үзінді келтіре кетсек:
«Қолда барды қанағат тұтпай, наразылық таныту
адамды көптеген қиындықтарға жетелейді. Соңы жоқ
азаппен, таршылықпен күн кешеді. Ақыреттің және
осы дүниенің қиындығын тартатындар – өздеріне тиіс
еместі іздегендер әрі шамасы жетпейтін істің соңында
жүргендер де солар». Сонымен қатар «Дүниенің
қиыншылығы қанша көбейсе де, түрленсе де ол мәңгілік
жалғаса бермейді. Қиыншылықтың уақыты, қуаныштың
уақытынан көп болмайды.
Ауыртпалықтың уақыты
жеңілдіктің уақытынан артық емес. Қиналып төрт жыл
оқуың қырық жылға жетеді. Ал жетпіс жылдық бұл
дүние өмірінде сабыр еткен жан жаннатқа кіріп, рахат
өмір сүреді. Құранда ауыртпалықтан кейін жеңілдік бар
деп сүйіншіленген. Басқа келген бәлені көріп, одан да
қиынына ұшыраған жандарды еске алу және бұл кел-
ген қиындықтар, күнәнің кешірілуіне себеп деп білу
үлкен сауапқа кенелудің ең төте жолы» деп толғанысты,
мағыналы сөз саптауымен ойын қорытады.
Кітап оқырманның Жаратушыға құлшынысын
күшейтіп, рухын шыңдап, Исламды жаңа тұнығынан та-
7
Үміт cәулесі
нытады. Оң жақтан келіп, құрығына ілетін шайтанның
қайғы, уайым деген түпсіз
кеселдерінен арылудың
жолдарын көрсетіп, әрбір сөзін қасиетті Құранның аят-
тары мен пайғамбарымыздың хадистерімен қуаттап,
жеңіл әрі жүрдек баяндайды. Алла тағаланың сансыз
нығметтеріне басқаша қырдан қарап,
көкірек көзін
аша түседі. Сан түрлі тақырыптардың тобықтай түйіні
бір арнада тоғысып, оқушысын шабыттандырып, қос
өмірдің құндылықтарын игеруге ұмтылдырады.
Өз тарапымнан автордың қаламы ұштала түссін,
дін қамындағы асыл азаматтарымыздың қатары молая
берсін деген тілек айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: