Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


Алладан шын қорқатындар – ғұламалар



Pdf көрінісі
бет63/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   98
Үміт сәулесі

Алладан шын қорқатындар – ғұламалар»
64
, – деу 
арқылы ғалым, көкірек көзі ояу кісілердің Жаратушы-
сын танудағы ерекшеліктерін арнайы атап өтеді. Ра-
сында да, күллі ғаламның жаратылысынан бейхабар, 
тек бір күндігін ғана ойлап, көп нәрсеге өресі жете 
бермейтін адамға қарағанда, жаратылысқа ойлы жүзбен 
қарай білетін ойлы жанның деңгейі бір емес. Сондай-ақ 
дүние ақырет өнімі, ақырет азығы болатын егіс алқабы 
64
«Фатыр», 28-аят. 


133
Үміт cәулесі
іспетті. Осы дүние арқылы мәнгілік ақырет жәннатына 
ие боламыз. Дүниеде игі істер істеу арқылы сауабымыз-
ды молайтып, күнәлардан тыйылу арқылы Алланың 
бұйрығын орындап, фирдаус жәннатына кіреміз. Олай 
болса, осы дүниеде не ексек, ақыретте соны орамыз. 
Сондықтан болса керек Алла елшісі (с.а.с.): 
ةعرزم ايندلا 
ةرخلا «Дүние – ақырет егістігі» деп нақты айтқан. 
БОС УАҚЫТТЫ ПАЙДАЛЫ ІСПЕН 
ӨТКІЗ
Дүние тіршілігінде бос адамдар – сөзқұмарлар мен 
өсекқұмарлар. Ондай адамдарды Алла тағала Құранда: 
ِفِلاَو َخْلا َعَم اوُنوُكَي نَأِب او ُضَر «Олар артта қалушылармен 
бірге болуды қоштады»
65
, – деп сипаттайды. Адамның 
зейіні үшін ең қатерлі нәрсе еш нәрсемен айналы-
спай, уақытты бос өткізу. Сол уақытта адам зейіні 
жүргізушісі жоқ көлік секілді оңға бір, солға бір 
теңселіп, соқтығысады. Бос қалған адамды шайтан 
үйірсектеп, түрлі жаман ой салып, түбінде соларды 
жасатуға итермелейді. 
Адамзаттың асылы, ардақты Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): 
ُغاَرَفْلاَو ،ُة َّح ِّصلا : ِساَّنلا َنِم ٌريِثَك اَمِهيِف ٌنوُبْغَم ِناَتَمْعِن «Адам 
баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және 
денсаулық»
66
– дей отырып уақытты бос, пайдасыз 
істермен өткізбеуге шақырады. Ол шақырып қана 
қойған жоқ, ісімен көрсете білді. Қыруар міндетінің 
арасында құлшылығын да жасады, үй тіршіліктеріне де 
қарасты, елшілерді де қабылдап, жамағатына дінін де 
65
«Тәубе» сүресі, 87-аят. 
66
Бұхари. 


134
Үміт cәулесі
үйретті. Бір істі бітірсе екінші іспен айналысып, ұтымды 
пайдаға қол жеткізді. Мұсылман адамды сипаттағанда 
«Мұсылман дегеніміз өзгеге тілімен де, қолымен де 
зиян келтірмеген адам» деп пайдалы болудың жолын 
нұсқаған-ды. Хәкім Абайша айтқанда: 
«Сағаттың шықылдағы емес ермек, 
Үнемі өмір өтпек – ол білдірмек. 
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек». 
Уақыт – саған берілген ең қымбат капитал. Оны 
орнымен жұмсасаң табысқа кенелесің, ал беталды 
жұмсасаң тақырға отырып, бармағыңды тістеп қаласың. 
Орыстың атақты қолбасшысы А.В.Суворов: «Ми-
нут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас тағдырын 
шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді» деген 
екен.
Ғалымдар уақытын бос өткізушілерді батып бара 
жатқан кемеде алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған 
жолаушыларға теңеген. Уақыт сені күтіп тұрмайды. Өз 
қозғалысымен алға жылжып кете береді. Бізбен сана-
спайды, сарқырап аққан өзендей тез ағып кете шығады. 
Сондықтан өмірдің әрбір сәтін екі дүниенің пайдасы-
на шешілетін істермен толтырып қалуға тырыс. Елге, 
қоғамға, адамзат баласына пайдаң тисін. 
Қазақ халқы «уақыттың бос өткені, өмірдің бос 
өткені» деп босқа айтпаса керек. Адам қаншама ұзақ 
өмір сүрсе де бәрібір бұл дүние көзді ашып-жұмғандай-
ақ. Мұны уақытша өлімді бастан өткерген адамдардың 
«Сол сәтте бүкіл өмірім көз алдыма келді» дегеніне 
қарап-ақ бағамдай беріңіз. Иә, бұл өмірдің өткінші 
екенін бәрі де мойындайды, бірақ сәттерден тұратын 
сол өмірді тиімді өткізуді тек ақылдылар ғана біледі. 


135
Үміт cәулесі
Рахаттану бір ғапылдық болса, бос уақыт бір 
ұрлықшы. Ал адамның ақылы – осы екі нәрсенің 
арасындағы жемтік. Олай болса бүгіннің ісін ертеңге 
қалдырма. Бүгіннен бастап уақытты бос жібермеуге 
тырыс. Кітап оқы немесе Алланы еске алып, мақтау 
айт, намаз оқы, кеңсеңді ретте, үйіңді түзе, басқаға 
пайдаңды тигіз, бос уақытыңды осылайша өткіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет