Наурыздың он төрті Сынып жұмысы Етістіктен өткенді қайталау Ұяшығыңды таңда 1 3



Дата08.02.2024
өлшемі268.9 Kb.
#491433
508544.pptx


Наурыздың он төрті
Сынып жұмысы
Етістіктен өткенді қайталау

Ұяшығыңды таңда
1
3
4
7
5
6
2
8
9
10
11
Ұяшығыңды таңда
13
14
15
16
12
20
19
18
17
21
22


Етістік дегеніміз не?


Етістік—заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті?деген сұрақтарына жауап береді.

Етістік құрамына қарай қаншаға бөлінеді?
Мысал келтір.


  • Дара етістік-жүр

  • 2. Күрделі етістік-бері кел


Етістік тұлғасына қарай қаншаға бөлінеді ? Мысал келтір.

  • Негізгі түбір етістік – отыр,
  • туынды түбір етістік – сәнде




Болымды және болымсыз етістікке мысал келтір.


  • Жазды
  • Жазбады



Есімше дегеніміз не? Жұрнақтарын ата

Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылатын етістіктің ерекше түрі. қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады; ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек , -атын, -етін, -йтын, -йтін

Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметінде: Айтылған сөз – атылған оқ;
кім? не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес түйені де көрмейді. Ақылды байқап сөйлер.

Көсемше дегеніміз не? Жұрнақтарын ата

Көсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады: 1) күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-әрекетті білдіреді. 2) қимыл- әрекеттің әр түрлі сипатын, амал-тәсілін, себеп-мақсатын білдіреді. Мысалы, Тапсырманы орындап болды. -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі

Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
  • Баяндауыш – Біз ақырын әңгімелесіп келеміз,
  • Пысықтауыш – Қасқырлар жылқыға топтанып келіп шапты.

Етістіктің шақ категориясын дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
Іс-әрекеттің мезгілге, уақытқа байланысын көрсететін етістікке тән категория шақ деп аталады. Шақтың үш түрі бар:
        • осы шақ,
        • өткен шақ,
        • келер шақ.

Осы шақ дегеніміз не? Түрлерін ата.
Мысал келтір

Осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанын көрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді:
  • нақ осы шақ – оқып отыр
  • ауыспалы осы шақ – күн күркірейді



Өткен шақ дегеніміз не? Түрлерін ата.
Мысал келтір

Өткен шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын көрсетеді. Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай үшке бөлінеді:
1) жедел өткен шақ,
2) бұрынғы өткен шақ
3) ауыспалы өткен шақ

Келер шақ дегеніміз не? Түрлерін ата. Мысал келтір
Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар:
1) болжалды келер шақ,
2) мақсатты келер шақ,
3) ауыспалы келер шақ

Етістіктің райлары дегеніміз не?
Қандай рай түрлері бар?

Іс-әрекеттің орындаушымен, уақытпен байланысты болып, жаққа, шаққа түрленуі етістіктің райы деп аталады. Етістіктің рай категориясының төрт түрі бар:
          • ашық рай,
          • қалау рай,
          • бұйрық рай,
          • шартты рай



Ашық райдың жасалу жолы.
Ашық рай іс-қимылдың үш шақтың бірінде орындалуын көрсетеді Мысалы: Қар жауып тұр
Бұйрық райдың жасалу жолы.
Бұйрық рай іс-қимылдың орындалуын талап ету мағынасында айтылады.
Қалау райдың жасалу жолы

Қалау рай істі орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіреді

Шартты райдың жасалу жолы
Шартты рай іс-әрекеттің орындалу не орындалмауының шартын білдіреді
Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш
Тұйық етістіктің жұрнағын ата.
Мысал келтір
-у, оқу, тоқу
Фонетика тіл білімінің қай саласын зерттейді?
Морфология тіл білімінің қай саласын зерттейді?
Синтаксис тіл білімінің қай саласын зерттейді?
Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет