Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылатын етістіктің ерекше түрі. қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады; ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек , -атын, -етін, -йтын, -йтін
Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметінде: Айтылған сөз – атылған оқ;
кім? не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес түйені де көрмейді. Ақылды байқап сөйлер.
Көсемше дегеніміз не? Жұрнақтарын ата
Көсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады: 1) күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-әрекетті білдіреді. 2) қимыл- әрекеттің әр түрлі сипатын, амал-тәсілін, себеп-мақсатын білдіреді. Мысалы, Тапсырманы орындап болды. -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі
Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Баяндауыш – Біз ақырын әңгімелесіп келеміз,
Пысықтауыш – Қасқырлар жылқыға топтанып келіп шапты.
Етістіктің шақ категориясын дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
Іс-әрекеттің мезгілге, уақытқа байланысын көрсететін етістікке тән категория шақ деп аталады. Шақтың үш түрі бар:
Өткен шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын көрсетеді. Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай үшке бөлінеді:
1) жедел өткен шақ,
2) бұрынғы өткен шақ
3) ауыспалы өткен шақ
Келер шақ дегеніміз не? Түрлерін ата. Мысал келтір
Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар:
1) болжалды келер шақ,
2) мақсатты келер шақ,
3) ауыспалы келер шақ
Етістіктің райлары дегеніміз не?
Қандай рай түрлері бар?
Іс-әрекеттің орындаушымен, уақытпен байланысты болып, жаққа, шаққа түрленуі етістіктің райы деп аталады. Етістіктің рай категориясының төрт түрі бар:
ашық рай,
қалау рай,
бұйрық рай,
шартты рай
Ашық райдың жасалу жолы.
Ашық рай іс-қимылдың үш шақтың бірінде орындалуын көрсетеді Мысалы: Қар жауып тұр
Бұйрық райдың жасалу жолы.
Бұйрық рай іс-қимылдың орындалуын талап ету мағынасында айтылады.
Қалау райдың жасалу жолы
Шартты райдың жасалу жолы
Шартты рай іс-әрекеттің орындалу не орындалмауының шартын білдіреді
Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш
Тұйық етістіктің жұрнағын ата.
Мысал келтір
-у, оқу, тоқу
Фонетика тіл білімінің қай саласын зерттейді?
Морфология тіл білімінің қай саласын зерттейді?
Синтаксис тіл білімінің қай саласын зерттейді?
Назарларыңызға рахмет!