Үндүбай Мұрат Қалелұлы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атбасар ауданы «Жалпы білім беретін кешкі «ауысымдық» ом» мм



Дата08.07.2016
өлшемі32.97 Kb.
#185584
Үндүбай Мұрат Қалелұлы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Атбасар ауданы «Жалпы білім беретін кешкі «ауысымдық» ОМ» ММ
Ұлы жазушыға орнатылған ескерткіш.
Заңғар жазушы, өз заманының зор тұлғасы Ілияс Есенберлиннің туғанына биыл 100 толып отыр. Атбасар қаласында дүниеге келген болашақ жазушы бүгінде әр қазақтың жүрегінде. Оның қаламы астынан шыққан тарихи туындылар ұлы даланы мекен еткен ата – бабамыздың бірігу, егемендігі мен бостандығы жолындағы күресі, қазақ мемлекетінің ірге тасының қалануы, ат үстінде қылыш пен найза күшімен сыртқы жауға тойтарыс бере білген, ел басына қатер төңгенде атақ - даңқын ұмытып ортақ жауға тойтарыс бере білген үш жүз қазағының тұтас мемлекеттігін бізге жеткізе білді. І. Есенберлиннен бұрын бүкіл қазақтың 500 жылғы тарихын тарқатып, санамызға құйған адам болған емес, сондықтан жастайынан ауыр тұрмыс, жетіспеушілік зардабын көрседе, ұлтының өткені, санғасырлық тарихына бойлап, жоғалтқанымызды тауып, ұмытқанымызды қайта қалпына келтіру осы ұлы қаламгердің тағдырына жазылды. Мұндай жауапты да ауыр жолдан кедергілерге қарамай жазушы мүдірмей өтті.

Миллиондаған оқырманы жазушының өткен жолы, тағдыр тәлкегінің бәрін білмеді, көзі тірісінде қазақ жазушылар одағының серкелері еңбегіне дұрыс баға бермей орталарынан алшақтатты. Бірақ тоталитарлық режимнің қыспағынан, Ұлы Отан соғысының алғы шебінде болған майдангер өжеттігімен халқының кешегісін білетінін таныта білді. Міне, осындай алып тұлғаға кіндік қаны тамған Атбасарда ескерткіш орнатылды. Қазақстандықтармен бірге ЮНЕСКО тарапынан үлкен мән берілген рәсімге еліміздің бас қаласынан ресми азаматтар, жазушылар мен көзін көрген қаламдастары, жазушының ұрпағы келгені, бұл басқосудың қазақ үшін зор екенін аңғартты. Жазушының бірғасырлық мерейтойы мен елімізде кең аталып отырған Қазақ хандығының 550 жылдығының тұспа-тұс келуі Атбасардағы салтанатқа ерекше сән бергендей.

Жазушының қызы Раушан Башикова, Жазушылар одағының хатшысы Нұрлан Оразалин мен Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы Бағдат Борұмбаев Атбасардың орталық алаңында өз орнын тапқан алтынмен шағылысып тұрған І. Есенберлин құрметіне орнатылған ескерткіштің жамылғысын ашты. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Марат Әділханов, сенаторлар Нұрлан Оразалин, Жабал Ерғалиев, мәслихат хатшысы Бағдат Борұмбаев және Раушан Башикова құттықтау сөздерін үлкен тебіреніспен жеткізді. Гүл шоқтары қойылды. Жазушының есімімен аталған Атбасар қаласындағы №1 орта мектеп, аудандық орталықтандырылған кітапхана мен әдеби музей ұжымдары да көпшілікпен бірге ескерткіш басына гүл қойды.

Қала тұрғындары мен қонақтар жаңа ғана күрделі жөндеуден өткен жазушының әдеби музейіне бет алды. Қала мектептерінің оқушылары жол сілтеді.

Жазушы музейі 1999 жылы ашылған болатын. Осы жылдар ішінде бұл мәдени ошақ ұжымы үлкен де мағыналы жұмыс атқаруда: Ілияс Есенберлиннің әдеби жолымен таныстырып, тарихи туындыларын насихаттауда. Осы күрделі жөндеу барысында музейдің сыртқы пішені, экспозиция залдары жаңартылды. Көркемдік-безендіру жұмыстарынан кейін музей екінші өмірін бастады. Музей директоры Ұлболсын Қамбатырова қонақтарды қарсы алып, музей қорын толықтыру, жазушының 100 жылдығы барысында өткізілген шараларға тоқталды.

Жазушының балалары, немерелері, қонақтар тамаша экспозиция залдарын аралап, үлкен баға берді.



Аудандық мәдениет үйінде көпшілік үшін «Ұлтжанды қаһарман қаламгер» айдарымен республикалық ғылыми конференция өтті. Оның жұмысын ашып жүргізген қаламгер-жазушы, ҚР Сенат депутаты Жабал Ерғалиев сөз басында Ілияс ағамыздың жазушылық жолы мен оның қаламынан туған ұлы шығармалардың қазақ халқы үшін маңыздылығын атап өтті. Н. Оразалин қазақ жазушылары арасында І.Есенберлин халқының бірнеше ғасырлық даму, мемлекеттігін құру жолындағы тарихты тізбектеп, үлкен сүйіспеншілікпен қағазға түсіргенін көпшілікке жеткізді. Филология ғылымдарының докторы, Н. Гумилев атындағы ЕХУ профессоры Серік Негимов «Қаһар» романы және тәуелсіздік», профессор, «Отырар» ғылыми орталық кітапхана директоры, Тұрсын Жортпай «Тәуелсіздік тұлғасы», ҚР БҒМ ҒҚ мемлекет тарихи институты директорының орынбасары, тарих ғалымдарының кандидаты, доцент Амангелді Қаш-қымбаев «Ұлы дала жаршысы» тақырыптарында баяндама жасады. №1 орта мектеп оқушысы Балташ Дархан үш тілде жазушы шығармаларының бүгінгі жастарға беретін тағылымы Жазушының ұлы Қозыкөрпеш Ілиясұлы өзінің дүниетанымына әкесінің тәрбиесі, ата-анысының жылы қарым-қатынасы, еліміздегі жазушыға деген бүгінгі қөзқарастың қуантатынын, Атбасар халқы әкесіне деген құрметін осындай ескерткіш орнатумен білдіргеніне алғысын айтты.

ХҮ-ХІХ ғасырлар аралығында қазақ тарихын суреттейтін «Көшпенділер», «Алмас қылыш», тағы да басқа тарихи туындылары автордың көзі тірі кезінде әлемнің 30 тіліне аударылуының жазушылық қабылетінің жоғары, биік екендігінің дәлелі. Ғылыми тұрғыдағы шара барысында ұлы жерлес жазушы Ілияс Есенберлиннің өмірінің бұрын білмеген беттерімен таныстық, ұлтымыз, қазақ хандығы Алтын орданың жалғасы екенін білдік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет