Жыл Білім мекеме басшыларына !



Дата01.07.2016
өлшемі24.05 Kb.
#170690
08.09.2009 жыл
Білім мекеме басшыларына !
Кеңес одағының Батыры Ә. Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және ақтөбелік батырлардың есіміне,Ұлы Отан соғысы тарихына байланысты естеліктерді, құжаттарды жинап – теріп отырған орталық болып табылады. Музейдің негізгі мақсаты –жеткіншек ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру , патриотизмді дамыту.

Ел басына күн туғанда ерлерден екі елі қалмай ,алдыңғы шепте болған қазақтың қайсар қызы Әлия есімі- ел есінде.

Ұлы жеңістің 65 жылдығы ,Батыр апамыздың 85 жасқа толуына орай музейде іс – шаралар өткізіледі. Осыған байланысты музей оқу – ағарту мекемелерін , мектептерді арнайы бағдарламалар мен жобалар жасап , бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

Музей басшылығы Сізден жаңа 2009-2010 оқу жылының басталуына орай, қала мектептерінің арнайы жоспар бойынша музей экспозициясымен танысуына ықпал етуіңізді сұрайды !


Г.Ш Бақытжанова

08.09.2009 жыл.

Білім мекеме басшыларына !
« Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру мақсатында Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы. «А- вирусты гепатиттің алдын - алуда» 01.09.2009 ж-10.09.2009 ж аралығында Республикалық оң күндік өткізеді. Осыған байланысты , облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы сізден вирусты гепатиттің алдын алуда барлық мектеп оқушылары арасында диктант жазғызып ( тақырыбы қосымша беріліп отыр), сурет жарысы, класс сағаты,акциялар және ата- аналар жиналысында кеңінен насихаттау т.б шараларын өткізуге көмектесіп, ықпал етіңіздер !
Г.Ш Бақытжанова

7-8 кластарға арналған

Диктант
Вирусты гепатит –сүзілетін вирустар деп аталатын ұсақ микроорганизмдер қоздыратын жедел инфекциялық ауру. Эпидемиялық гепатитпен ауратын адамдар – ауруды тарататын ошақтар. Сырқат ,әдетте ,дімкестену,сақа тәбеті жоғалып , жүрек айнуы, кейде құстырып,денені дел-сал қылып, ал кейде оң жақ қабырға астының ауруынан басталады. Мұндай жағдай 3-7 күнге созылады. Сары аурудың әдеттегідей белгілері : зәрдің қоңырқай тартуы, көздің ақ қабығының сарғаюы,үлкен дәреттің түссізденуі,аптаның аяғында терінің сарғаюы. Кейде дене сарғаяр алдында қызуы көтеріледі де адам тоңады, тұмауратады, жөтеледі. Вирусты гепатитттен сақтану үшін сырқаттанған адамдарды дер кезінде анықтау қажет, сонымен бірге жеке бастың гегиенасын қатаң орындаған жөн. Дәретханаға барып келген соң , тамақ ішер алдында қолды сабындап жуу керек. Жемістер мен көкөністерді тамаққа пайдалану алдында сумен жуады . Қайнаған суды ғана ішу керек. Тұратын үйдің ішін таза ұстау керек, шыбындарды құрту керек. Жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі ең тиімді құрал тазалық. Аурудың алғашқы белгілері білінген сәтте үйге дәрігер шақырту керек.

3-4 кластарға арналған

Диктант
Сары ауру жайлы не білу керек ?

Сары аурудың алдын алу шарттары.

Сары ауру - өте жұқпалы ауру.Ауру әлсіздіктің , асқа тәбеті төмендеу мен жүрегі айнып құсумен басталады. Мұндай жағдай 3-7 күнге созылуы мүмкін. Жетінің соңына қарай аурудың алғашқы белгілері біліне бастайды : мысалы кіші дәрет сарғаяды, үлкен дәрет ақшылданады,көздің ақшыл қабыршақтары сарғайып , кейіннен тері де сарғаяды. Сары аурумен ауырмаудың негізгі шарасы- жеке гегиеналық тәртіпті қатаң сақтау. Дәретханаға шыққаннан соң , тамақтанар алдында қолды сабындап жуу қажет. Суды қайнатып ішу керек.Шыбындармен күресу, жататын бөлмені әрқашанда таза ұстау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет