Егіндібұлақ селолық округінің әкімі Р.Инербаевтың атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы есебі
Жалпы алғанда ауыл халқының жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Халыққа коммуналдық тұрмыстық қызмет көрсету сапасы да арта түсуде. Село басындағы мекемелер мен жеке меншік құрылымдар ауылымыздың өсіп-өркендеуіне өзінің қомақты үлесін қосуда.
Өткен 2012-2013 оқу жылында селомыздағы қос орта мектеп ұжымдары әдеттегідей жоғары деңгейден көрініп, түлектеріміз ҰБТ қорытындысымен аудан бойынша жүлделі 2-3 орынды иеленді.
Биылғы оқу жылында селомыздағы іргелі оқу орны № 17 кәсіптік лицей ұжымы, агротехникалық колледж болып қайта құрылды.
Аудандық мұражайдың филиалы болып есептелетін селомыздағы тарихи өлкетану мұражайыда ауылдың әлеуметтік дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Соңғы жылдары бұл мұражайға арнайы жоғары білімді маманның басшылыққа келуіне орай оның жұмысында едәуір ілгерлеушілік бар.
Аудан және облыс орталықтарымен автобус қатынасы тұрақты. Почта мен телефон байланысы қалыпты жұмыс жасауда. Село халқы ауыз сумен және электр энергиясымен үзбеліксіз қамтамасыз етілуде.
Казір келесі жылға баспасөзге жазылу да өз деңгейінде өткізілді. . Жаз айларында Егіндібұлақ РЭС мекемесінің қызметкерлері село ішіндегі ескірген электр желілерін ауыстырды.
Халыққа медициналық қызмет көрсету ісінде участкелік аурухана ұжымы тиісінше жұмыс жасауда. Жақын арада селомызға отбасымен бір терапевт маман көшіп келіп, жұмысқа орналасты. Жаз айларында Қарағанды қаласынан арнайы дәрігерлік бригада келіп (автопоезд) ауыл тұрғындарының денсаулығын тексеріп, жұмыс жасап қайтты.
Осындай тұрақты жұмыстардың арқасында ауылда моральдық ахуал дұрыс қалыптасып отыр. Өткен қазан айында «Қарттар мен мүгедектер» күні аталып өтті. Селодағы еңбек ардагерлері, зейнеткерлер Ахмадия Сүлейменов пен Гүлсім Сағатовалардың бастамасымен, ұзақ уақыттан бері қарай шешімін таппай жүрген бұрынғы «бала бейіттін» қоршау мәселесі шешілді.
Селода атқарылып жатқан жұмыстар 2013 жылға белгіленген әлеуметтік-экономикалық жоспарына сәйкес іске асырылуда.
Осы іс-шараларды атқаруға аудандық бюджеттен селоға биылғы жылға қомақты қаржы қаралып 10,5 млн тенге көлемінде қаржы бөлінді.
Селомыздың сәулеттендіру мен көгалдандыруға жалпы көлемі 3,0 млн тенге қарастырылып, Тәттімбет көшесі бойында көлемі 300 метр жерге темір шарбақтардан сквер орнатылып, оған 150 түп ағаш егіліп, күтімге алынды. Село көшелерінде орналасқан 11 билборд қондыр-ғыларының тозған баннерлері жаңартылып, жаңадан селодан шыға беріске (АЗС-қа баратын жолда) 1 билборд қондырғысы орнатылды.
Селодағы су жүйесін ұстауға 600 метр жерге жер асты трубалары бойымен пластикалық трубалар енгізіліп, айырбасталып іске қосылды. Казіргі уақытта селодағы су жүйесіне қысқы маусымға біршама дайындық жұмыстары жүргізілді.
Облыстық табиғи монополияны реттеу агенттігі өкілдігі тұрғын-дармен кездесіп ауыз судың жаңа бағасын талқылап, тариф бекітілді. Тариф осы қазан айынан бастап күшіне енді.
Бүгінде селомызда барлығы 17 көше болса, 7 көшеге жа-рықтандыру жұмыстары жүргізілген. Биылғы жылға осы салаға бөлінген 1,5 млн тенге қаржыға осы көшелердің жарықтандыру бағаналарындағы ақауларын қалпына келтіруге, істен шыққан кабельдер, светильниктер мен есептеу құралдары айырбасталды. Жаңадан салынған хоккей кортына жарықтандыру жүйесі тартылып, іске қосылды.
Бүгінгі күні селоның Жакешов, Тәттімбет тағы басқа көшелеріне жарық беру мәселелері толықтай шешілді. Таяу уақытта Ақаев көшесін де жарықтандыру мәселесі шешілетін болады.
Қыс айларында селодағы көше жолдары мен ауылға кіреберіс жол-дарды қардан тазалап, қалыпты жағдайда ұстауға бөлінген 0,9 млн тенге қаржы толық игерілді.
Аудан әкімінің тікелей араласуымен «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы бойынша 2,200 млн тенге қаржы бөлініп оған селода санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, селода ұзақ жылдардан бері қарай бос тұрып, бұзылған ескі үйлердің орындары тазартылып, құрлыс қалдықтары мен қоқыстары полигонға (свалкаға) шығарылды және полигон аумағы реттелді. Бұл жұмыстар алдағы уақыттарда жалғасын табатын болады. Сонымен бірге елді-мекенде санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуге көктемгі және күзгі екі айлықтарда біршама жұмыстар атқарылды.
Казіргі уақытта селомызда 70-ке жуық жеке меншік құрылымдар жұмыс істеуде, атап айтқанда дүкендер, тойхана, наубайхана, шашта-раз, моншалар мен дәрі-дәрмек киоскілері халыққа сауда және тұрмыс-тық қызмет түрлерін көрсетуде. Бұлардың ішінде бір дүкен, екі монша және бір шиномонтаж цехы өткен жылы іске қосылды.
Биылғы жылы селода шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 8 нысан ашу жоспарланса, бүгінгі күнге 4 кәсіпкер тіркел-ді. Өздерінің жеке шаруа қожалықтарын ашуға селодан 5 адам өтініш жасап, конкурсқа қатысуда. Алдағы уақытта бұл мәселе шешілсе ол адамдар өз жұмысын бастайтын болады.
Ауыл халқына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында өткен қыс айларында село халқына 95 қап І сортты ұн, 1360 қап кебек арзанда-тылған бағамен сатылса, аз қамтылған отбасыларға 220 тонна көмір жеткізіліп таратылды.
Осы өткен қазан айында ауыл тұрғындарына төменгі бағамен 700 қап кебек сатылса, селодағы жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы-ларына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 192 тонна көмір жеткізіліп, 48 жанұяға таратылды.
Бірінші жартыжылдықта Егіндібұлақ селолық округі бойынша жұмыссыздар саны 200-ге жуық адам болса, осының ішінде жұмыссыз ретінде 30 адам ресми тіркеуде тұр. Жыл басынан бері 15 дам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Жұмыссыздар есебінен 33 адам ақылы-қоғамдық жұмысқа тартылды, ал 7 адам «Алтайполиметал» кенішіне жұмысқа орналасты. Ауылдағы халықтың әлеуметтік жағдайы мен жұмыссыздықты азайту мақсатында село әкімдігі өз құзыреті шегінде шаралар көруде. Мәселен, мал алып өз жағдайларын жақсарту мақса-тында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 4 адам 3,900 мың тенге несие алды.
Сонымен бірге, басты мәселенің бірі қыс айларында елді мекен-дегі көшелерді қардан тазалау жұмыстары. Осы жұмыстарға байланысты қараша мен желтоқсан айларына қажетті қаржы бөлініп, ол жұмыстарды атқаратын мердігер белгіленді. Ол село тұрғыны кәсіпкер С.Шпак өз меншігіндегі техникаларын ДТ-75, Т-40 трактор-ларын қалақтарымен және КАМАЗ автомашинасын дайындап, жұмыс-қа кірісті.
Алдымызға қойылған міндеттердің бірі – ол биылғы жылға бөлін-ген бюджеттік қаржылар толық игерілді.
Казіргі уақытта селомыздың әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалуда. Негізгі атқарылатын іс-шаралар осы жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.
Алдымыздағы жыл басынан бастап бір инвестициялық жоба іске қосылмақ. Ауыл тұрғыны, кәсіпкер азамат Қапсаттаров Өмірзақ село-дағы «мал сою пунктін» өз меншігіне сатып алып, қайыра жабдықтау үстінде. Сонымен бірге бұл жоба ішінде шағын цехта тұшпара (пель-мени) және наубайхана қондырғыларын орнатты. Объектілер толық іске қосылғанда, ол жерде 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Келесі 2014 жылға да селоның әлеуметтік-экономикалық жағ-дайын көтеруге белгіленіп отырған іс-жоспарларымыз ауқымды. Сол атқарылатын жұмыстарға дефектілік ведомость әзірленді, аудандық экономика және бюджет бағдарлау бөліміне сұраныстар берілді.
Атап айтқанда келер жылы мынандай жұмыстар атқару көзделуде:
- Селодағы ұзақ жылдардан бері қарай жөндеу жүргізілмеген жекелеме көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы селода санитарлық-тазалық жұмыстарын одан әрі жүргізіп, иесіз, тозып құлаған үйлердің орнын тазалау, полигонға шығару;
- Селодағы біраз уақыттан бері қарай мәселе болып жүрген село-ның шетіндегі Елебеков, Абай және Гагарин көшелеріне су жүйесін тартқызуға проектілік-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы шешілсе;
-Село көшелерін жарықтандыру мен елді мекенді сәулеттендіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру;
- Селодағы ең басты мәселе жұмыссыздықты жою мақсатында жаңа инвестициялық проект енгізіп шағын бизнес пен жеке кәсіпкер-лікті дамытуға мейлінше қолдау көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |