Не педагогика факультеті


Жазу үрдісінің психофизиологиялық құрылымы



Pdf көрінісі
бет60/89
Дата25.02.2024
өлшемі2.07 Mb.
#493148
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89
Логопедиялық технология лекция

Жазу үрдісінің психофизиологиялық құрылымы 
Жазбаша сөйлеу тілі сөйлеу тіл іс-әрекетінің күрделі түрі және көп деңгейлі үрдіс болып 
табылады. Оған түрлі анализаторлар қатысады: сөйлеу- есту, сөйлеу-қимыл-қозғалыс, көру, жалпы 
қимыл-қозғалыс. Олардың арасында жазу үрдісі кезінде өзара шартталған тығыз байланыс орнайды. 
Жазбаша сөйлеу тілін менгеру есту және дыбыс айту қасиетінің, көрінетін және жазылатын сөздің 
арысындағы жаңа байланысын орнату сипатынан тұрады, өйткені жазу үрдісі төрт 
анализаторлардың: сөйлеу қимыл-қозғалысты, сөйлеу-есту, көру және қимыл-қозғалыстардың 
бірлескен жұмысымен қамтамасыздандырылады. 


Сөйлеу тілінің қысқа бірлігі, осыған сәйкес шартты түрде келесі бейне бойынша көріністе 
болуы мүмкін: 
Бұл 
үрдістің құрылымы дағдыны меңгеру 
кезеңіне, жазу міндеттері мен сипатына байланысты. Жазу ауызша сөйлеу тіл үрдісімен тығыз 
байланысты және тек оның дамуының жеткілікті жоғарғы деңгейі негізінде іске асырылады.
Үлкен адамның жазуы жатық машықтандырылған, сондықтан осы дағдыны меңгерген 
баланың жазуынан ерекшелеу болады. Үлкен кісінің жазуы – мақсатталған іс-әрекетті, мағынаны 
жеткізу немесе оны фиксациялау. Оның жазу үрдісі тұтастықпен, байланыстылықпен сипатталады, 
синтетикалық үрдіс болып табылады. Жазу үрдісі машықтандырылған және екі жақты бақылау: 
кинестетикалық және көру бойынша жүреді. 
Жазу үрдісінің операциялары 
Қолдың машықтандырылған қимыл-қозғалысы ауызша сөйлеу тілінің жазбашаға ауысудың 
аяққы күрделі үрдісі болып табылады. Оған аяққы кезеңді даярлайтын күрделі іс-әрекет 
жәрдемдеседі. Жазу үрдісі көп деңгейлі құрылым, көптеген операциялардан тұрады. Үлкен адамда 
олар қысқартылған, бүктелген сипатта болады. Жазуды меңгеруде бұл операциялар ашық келбетте 
болады. 
А. Р. Лурия «Очерки психофизиологии письма» атты жұмысында жазудың келесі 
операцияларын анықтайды. 
Жазу түрткі, міндеттен басталады. Адам не үшін жазатынын біледі: мәліметті белгілі бір 
уақытқа сақтауға, басқа адамға жеткізуге, біреуді іс-әрекетке итермелеуге және т.б. Адам жазбаша 
айтып жеткізуді ауызша жоспарлайды. Бастапқы ой белгілі сөйлем құрылымымен сәйкестендіріледі. 
Жазу үрдісі кезінде жазып отырған адам сөйлемді жазудың дұрыс реттілігін сақтап, не жазғанын, не 
жазатынына байланысты реттеп отыру керек.
Жазылатын әр сөйлем оны құрайтын сөздерге бөлінеді, өйткені жазуда әр сөздің шекаралары 
белгіленеді. Сөзді дұрыс жазу үшін, оның дыбыстық құрамын, кезектілігін және әр дыбыстың орнын 
анықтау қажет. Сөздің дыбыстық талдануы сөйлеу-есту және сөйлеу-қимыл-қозғалыс 
анализаторлардың біріккен іс-әрекеттері арқылы іске асыралады. Дыбыс сипаты мен олардың сөзде 
кезектілігін анықтауда дыбыс айту маңыздылығына көптеген зерттеулер куә. Л. К. Назарова бірінші 
сынып оқушыларымен келесі зерттеу жүргізді. Бірінші серияда оларға жазуға қол жетерлік мәтін
екінші серияда қиындығы бойынша ұқсас мәтін дыбысты айтусыз берілді: балалар жазу үрдісі 
кезінде тілдің ұшын тістеп немесе ауыздарын ашып отырды. Мұндай жағдайда жай жазу кезіндегіге
қарағанда, қателерді көбірек жіберді. 
Жазу дағдысын меңгерудің бастапқы кезеңдерінде дыбысты айтудың маңызы зор. Ол дыбыс 
сипатын анықтауға, ұқсас дыбыстардан ажыратуға, сөзде дыбыстардың кезектілігін анықтауға 
көмектеседі. 
Келесі операция – сөзден бөлініп алған фонеманың әріптің белгіленген көру бейнесімен 
сәйкестендірілуі және ол басқалардан машықтандырылған (әсіресе графикалық ұқсас дыбыстармен) 
болуы керек. Графикалық ұқсас әріптерді ажырату үшін көру талдау мен жинақтаудың, кеңістіктік 
түсініктерінің жеткілікті деңгейі қажет. Талдау мен әріпті салыстыру бірінші сынып оқушысына 
жеңіл тапсырма бола алмайды. 
Сөйлеу қимыл-
қозғалысты анализаторы 
Көру анализаторы 
Сөйлеу-есту анализаторы 
Қимыл-қозғалыс анализаторы 


Одан кейін жазу үдерісінің моторлы операциясы жүреді – қолдың қозғалысы көмегімен 
әріптің көру бейнесін тудыру. Қолдың қозғалысымен бір уақытта кинестетикалық қадағалау іске 
асырылады. Әріптерді, сөздерді жазу мөлшеріне қарай кинестетикалық қадағалау көру қадағалаумен 
бекітіледі, яғни жазылғанды оқумен. Қалыптағы жазу үрдісі белгілі сөздік және сөзсіз 
функциялардың қажетті деңгейінде ғана іске асырылады: дыбысты естіп машықтану, оларды дұрыс 
айту, тілдік талдау мен жинақтау, сөздің лексикалық-граматикалық жағының құрылуын, көру-талдау 
мен жинақтау, кеңістікте бағдарлау. 
Аталған функциялардың кез-келген біреуінің дұрыс құрылмауы жазу процесінің игерілуінің 
бұзылуын, дисграфияны тудырады. Дисграфия – жазу үрдісінің жартылай бұзылысы. 
Дисграфия қалыптағы жазу үрдісін іске асыратын жоғарғы психикалық қызметтердің толық 
жетілмеуімен шартталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет