Не спорт факультеті


-Лекция. Тақырыбы: Ерте және мектеп жасына дейінгі дене шынықтырудың негіздері



бет58/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

8-Лекция. Тақырыбы: Ерте және мектеп жасына дейінгі дене шынықтырудың негіздері


Жоспары:
1.Ерте және мектеп жасына дейінгі дене шынықтырудың негіздері
2. Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру негіздері


СӘБИ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Дене шынықтыру балалық жастан дамуы. Адам дене тәрбиесінің негізі ерте, балалық жастан бастап адамның бүкіл өмір бойында қарқынды дамып, терендей түседі. Соңғы онжылдықтар ішінде халық денсаулығының нашарлауының қауіпті жағдайлары қалыптасты. Нағыз дені саулардың саны 23,2 %- дан 5-7 %-ға дейін төмендеді. Бұның негізгі себептері - экологиялық жағдайдың нашарлауы, күйзелісті жағдайдың үнемі болуы, адамдардың тұрмыс деңгейінің төмендеуі, қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігі және т.б.
Баланың дамуы оның дүниеге келуінен біршама уақыт бұрын басталатындығы және сондықтан да оның денсаулығының бастапқы деңгейі, ол дүниеге қалай келсе де, оның анасының денсаулығына, оның өмір салтына байланысты екендігі белгілі.
Жатырдағы кезеңі жағымды болған бала 100 миллиард жүйке жасушасымен (нейрондармен) дүниеге келетіндігі белгілі болып отыр. Дүниеге келгеннен кейін нейрондар пайда болмайды. Екіқабат кезіндегі ананың теңестірілген тамақ ішуі мен орынды қозғалыс белсенділігі іштегі нәрестенің дамуына және бірінші кезекте мидың дамуына ұзақ уақыт жағымды әсер етеді.
Жүктілік және баланы емізу уақытында ананың ішімдік пен есірткіні пайдалануы, темекі тартуы нәрестеге зиянды әсер ететіндігінің өте көп дәлелі. Орта есеппен темекі тартатын ата- аналардың балаларының салмағы аз және танымдық қабілеті төмен болып туады.
Ішімдік пен есірткі де баланың ақыл-ой қабілетіне жағымсыз әсер етеді. Жүктілік уақытында ананың күшті сезімдік күйзелісте болуы ұрықта нейрондардың даму екпінін азайтатындығын дәлелдейтін зерттеулер бар. Жүктілік пен нәрестені емізу кезеңінде тұтынатын тамақ пен суда болатын ауыр металдар, улағыш заттар, компьютермен жұмыс жасау баланың даму қарқынын төмендетуге әкеледі, оның ауруға қарсылығын елеулі азайтады.
Мектепке дейінгі жас және мектеп жасы биологиялық белгілер мен кейбір педагогикалық түсініктер бойынша сатыларға бөлінеді (кесте). Балаларды жас кезеңдеріне бөлу үлкен маңызға ие, өйткені олар биологиялық даму сатысын бейнелейді және нақты міндеттерді, мазмұнды, ұйымдастыру түрлері мен әдістерін белгілеу секілді дене тәрбиесі жүйесін құруды жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет