Не спорт факультеті



бет108/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Жоспарлау кезеңдері.Оқу бағдарламасы жоспарлау формасына қарамастан “Түсініктеме жазбаларын” оқып-үйренуден басталуы тиіс. Содан кейін, барып бағдарлама талқыланады және ұтымды көлемі, оқу жылының тоқсандарында оның тарауларын өткізу жүйелілігі анықталады. Сонымен бірге, әрбір тарауды оқуға бағдарламамен бөлінген сағаттардың саны, сонымен бірге, оқу материалдарының нақтылы түрлерін әртүрлі тоқсандар мен айларда меңгерудің шын мәніндегі мүмкіндіктері (мысалы, жеңіл атлетика-қыркүйекте, мамырда, кросстық дайындық немесе шаңғы спорты қаңтар-ақпан және т.б.) тоқсан көлемінде өтуге жоспарланған, өтуге таңдап алынған материал сабақ жүйелеріне (серияларына) бөлінеді, олардың басқарушы сапасындағы басты бір жаттығу түрін үйренуге арналады. Сериялы сабақтардың саны, жаттығудың күрделілігі ескеріліп, оқушылардың оны меңгеруге дайындық деңгейі сериялы сабақ материалының жалпы жоспарланған көлемімен анықталады. Әрбір серияның ішінде оқу материалы жекелеген сабақтардың мазмұнын құрайтын одан әрі майда бөліктерге бөлінеді, шектес сабақтарда оны өтудің дәйектілігі оқу процесінің қисынына (логикасына) себепші болады. Жоспарлаудың қорытынды кезеңі оқу міндеттерін нақтылылау болып және оқу-тәрбие процесінің жүйелі кезеңдерінің әрқайсысына оқу жұмыстарының мазмұнын нақтылау болып табылады.
Оқу жылына, тоқсанға, әрбір жеке сабаққа ұсынылған әдістемелік құралдардың мақсатты міндеттері Мектептегі оқу жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сыныптардың (І-ІІІ, ІV-VІІІ, ІХ-ХІ) жас кезеңдеріне бөлінуі оқу жылына қойылатын міндеттерді әрбір сыныптың нақтылы бағдарламалық мазмұны ескеріліп анықталады. Тоқсанға міндеттерді анықтау үшін келесі қалыптағы мәліметтер қажет :
1/ Тоқсанға жоспарланған оқу бағдарламасы тарауларындағы сағат саны.
2/ Тоқсандағы сабақ саны.
3/ Тоқсанда оқытылатын тақырыптардың саны және мазмұны сонымен бірге, осы тақырыптардың жалпы тарауларының мазмұны мен қарым-қатынасы.
4/ Жоспарланған материалды меңгеруге оқушылардың дайындық деңгейі.
5/ Тоқсан аяқталғаннан кейінгі оқушылардан талап етілетін міндеттер.
Мысал ретінде, І-тоқсанға ІІІ-ІV сынып оқушыларына арналып дайындалған талап міндеттері төмендегіше:
Жалпы сағат саны – 18.
Оның ішінде: 1/ Жеңіл атлетика – 6 сағат
2/ Баскетбол – 6 сағат
3/ Гимнастика – 6 сағат
Мұғалім оқу бағдарламасының ілімдік және практикалық тарауларындағы тақырыптарын І- тоқсанның дене тәрбиесінен білім беру мазмұнын құрайтындай талапта дайындауы тиіс. Содан кейін, үйренетін жаттығулардың әдістерін барынша сапалы меңгеруге мүмкіндік беретін құралдарын таңдап, ал одан әрі сабақтың сауықтыру тиімділігі қамтамасыз етіледі. Мұнда мына бағдарламалық материалдар негізге алынады: жылдамдық-күш, секіргіштік,шапшаңдық (жеңіл атлетика, баскетбол), бірқалыпты жүктемеге бейімделген шыдамдылық (жеңіл атлетика), секіргіштік (баскетбол) және күш шыдамдылығы, буын-қоспасының қозғалуға бейімділігі және тепе-теңдік қалпын ұстау сезімі, қабілеті.
Мектеп оқушыларының І - тоқсанға ІV сыныпқа жоспарланған материалды меңгеруге дайындық деңгейі туралы жалпы көрініс шамасы өткен сыныптағы (ІІІ) оқу бағдарламасының мазмұнын талдауға мүмкіндік туғызады. Мысалы, ІІІ сынып оқушылары жеңіл атлетика тарауларын өту барысында әртүрлі қашықтықтарға жүгірудің, екпінмен жүгіріп келіп секірудің, түзу сызық жолағы бойымен жүгірудің дағдыларын және жүгіру кезіндегі жүгіру адымдарының элементтерін (жамбас, санды көтеру, қатар бағытта табан мен аяқты жерге басу) меңгерудің алғашқы бастамаларының “әліппесін” үйренеді. Жоғарыда мазмұндалған материалдарды меңгеру тоқсандағы міндеттерді дәл шешуге мүмкіндік туғызады.
Тәрбие міндеттерін шешу үйренушілердің нақтылы контингентінің тәрбиелену деңгейіне байланысты анықталады. Егер мұғалім сыныппен алдыңғы жылы өз дәрежесінде жұмыс атқармаған болса, онда өздігінен жұмыс істеу дағдыларын, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағдар беретін оқу бағдарламасының жалпы ережелерін басшылыққа алып жұмыс жүргізуі қажет.
Бағдарламада көрсетілмеген жаттығу түрлері сабақта пайдаланылатын болса, мұғалім балаларды дене мәдениетіне тәрбиелеудің және олардың мүмкіндіктерінің жалпы міндеттерін есепке алып бақылау талаптарын өзі анықтайды. Бастапқы мүмкіндіктерін білген соң, тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының кешенді міндеттерін белгілеу де қиындық тудырмайды.
Білімді, біліктілікті, қозғалысты үйренуге және дағдылануды қалыптастыруға қозғалыс сапаларын дамытуға байланысты міндеттердің нұсқасы (образец) типтік бағдарламада көрсетілген. Мысалы, балаларды тоқсан бойында өз бетінше дербес жұмыс істеуге тәрбиелеу міндеттері келесі тұрғыда нақтылануы мүмкін:
а/ оқушыларға өзінің жаттығуларды жеке және басқа оқушылардың орындау сапасын дұрыс бағалай білу мүмкіндігін қалыптастыруға ықпал ету ;
б/ сөзбен сипаттап түсіндіру арқылы нақтылы денешынықтыру жаттығуларын орындай білуді қалыптастыру;
в/ мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылардың үйренген таңертеңгілік гигиеналық гимнастика жаттығуларын көрсете білуін қамтамасыз ету;
г/ қозғалыс дағдыларының, сапаларын дамыту мақсатында өзбетінше қосымша жаттығуларды орындауды меңгеруін қамтамасыз ету (сабақ кезінде оқып үйренген).
Сабақ жоспарын құрастыру талаптары :
1/ Жоспардың орындалу мүмкіндігі.
Жоспар оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу-спорттық базаның мүмкіндігіне, оқу құрал-жабдықтарына, климаттық ауа райы және маусымдық өзгерістері және т.б. есепке алынып құрылуы тиіс.
2/ Жоспардың нақтылылығы.
Жоспардың әрбір тарауларының жеке бөліктері мазмұнының нақтыланған дәл құрылымы болуы тиіс. Онда оқу міндеттерінің орындалуға тиісті жүйесі, оның орындалу мерзімдері белгіленіп, негізгі тараулармен оқу бағдарламасындағы жаттығу түрлерінің өзара әсерлері есепке алынып көрсетілуі шартты.
3/ Жоспардың өзгеріп отырылуы (вариативтілігі).
Жоспарды жасау барысында оқытудың бірқатар жекелеген міндеттерінің өзгеру мүмкіндіктерін ескеру керек. Сондықтан, жоспардың мазмұнына тура келетін түзетулер енгізу қарастырылады (мерзімінің өзгеруі,оқу материалының мазмұнының қайта бөлінуі).
4/ Жоспардың сабақтастығы және келешегі қозғалыс құрылым компоненттерінің ұқсастығын оқытып, үйрету сабақтастығының айқындалып анықталуымен (мысалы, жеңіл атлетикада жүгірудің әдістерін үйренуден ұзындыққа секіруді үйренуге) және оқу материалын әр өткен сабақты дамыту, жетілдіру және тәрбиелеу әсерлері есепке алынып бөлінуімен қамтамасыз етіледі.
5/ Жоспардың тұтастығы, сыртқы безендірілуінің қарапайымдылығы мен көрнектілігі: көрністерді және шартты белгілерді көрсететін графикалық құралдарды пайдалану, жеткілікті мазмұнда ойды тұжырымдаудың қысқа және нұсқалылығы. Осылардың барлығы жоспардың компоненттерінің негізгі құрылымдарын дәл шектеуге, барынша қажетті мәні бар элементтерін ықшамды етіп айтуға назарларын аударуға мүмкіндік береді.


Бақылау сұрақтары
1. Сабақ құрылымы мен сабақ бөлімдерінің мазмұнына қарай топтастырлуы
2. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылардың әс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылар іс-әрекеттерің белсенділігің арттыру әдістері.
3.Сабақтағы жүктемелерді реттеу тәсілдері, үлгерімді тексеру мен бағалау түрлері.
4.Дене шынықтыру сабағындағы мұғалімнің дайындығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет