163
Кампилобактериозға тән басқа бір классикалық белгі – малдың буаздық
кезеңінің кез-келген кезінде, әсіресе 3-6 айлығында іш тастауы. Іш тастаған
малдарда шудың ұзақ уақытта түспеуі жиі байқалады.
Сиырдың қысыр қалу себептерін анықтағанда, қандай бұқамен шағы-
лысқанын, болмаса қандай бұқаның ұрығымен
ұрықтанғанына назар
қойылады. Егер қолдан ұрықтандыру қолданылса, онда 1 бұқаның ұрығымен
түрлі шаруашылықтарда іш тастау жағдайлары болып-болмағаны анықта-
лады.
Лабораториялық зерттеуге жаңадан алынған түсік, қағанақ, оның суы
немесе тірі малдың жатыр мойнынан стерильді
тампон арқылы алынған
кілегей алынады. Зерттеуге алынған материал тез арада лабораторияға
жеткізілуі қажет, болмаса төменгі температурада сақталуы керек. Мүмкіндік
жағдай болғанда алынған материал практикалық жағдайда, тез арада қоректік
ортаға себілуі тиімді саналады.
Серологиялық зерттеуге қынаптан алынған
кілегей агглютинация
әдісімен зерттеледі. Бұл әдісті қынап кілегейімен агглютинация реакциясы
(ҚКАР) деп атайды, орысша атауы (РАВС).
Қойларда қан сарысуы АР-мен
зерттеледі. ҚКАР практикада қосымша әдіс ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: