Негізгі бөлім Маңғыстаудағы құстар неге қызыл кітапқа енді?



Дата18.05.2022
өлшемі20.93 Kb.
#456947
гаухар


Мазмұны


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

        1. Маңғыстаудағы құстар неге қызыл кітапқа енді?

        2. Маңғыстау құстарының ерекшеліктері

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Маңғыстау даласына зерттеу жүргізген қазақстандық және ресейлік ғалымдар қызыл кітапқа енген құстардың жойылып біту қаупі төніп тұр деп дабыл қағуда. Ажал құшқан құстардан табиғатқа 18 миллион теңгеге жуық шығын келген. Маңғыстау жазығын дала бүркіті, қарақұс, ителгі, лашын, үкі секілді сирек кездесетін құстар мекендейді. Олардың басым бөлігі қызыл кітапқа енгізілген. Адам құстарға әрдайым дұрыс көңіл аудара алған жоқ. Біреуін шектен тыс «пайдаланды», екіншісін жау санап, соңына түсті, үшіншісінің тіршілік етуіне назар аудармай, қарқынды әрекет жасап ығыстырды. Соның нәтижесінде соңғы 400 жылда құстардың 94 түрі жер бетінен біржола жойылып кетті. ХХ ғасырдың 70-жылдары дамыған елдерде ұлттық Қызыл кітап пайда бола бастады. Қазақстанда Қызыл кітапты республикалық үкімет 1978 жылы қаңтардың 16-сында құрды. Бірінші бөлімі 1978 жылдың соңында жарық көрді. Оған құстардың 43 түрі тіркелді. Қызыл кітаптың соңғы үшінші басылымына құстардың 56 түрі «тіркелім» жасап, жақында оған тағы бір түр шиқылдақ қаз 2008 жылы қосылды.

Маңғыстауда неге көп құстар жойылып бара жатыр? деген сұрақ мазалауы мүмкін. Себебі:


  1. Ауа-райының құбылмалы болуы, жауын-шашын жоқтығы

  2. Каспий теңізі адам іс-әрекетінен ластануы

  3. Маңғыстау жері шөлді,қуаңшылық жерде орналасуы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет