«Негізгі орнитологиялық аумақтарды (IBA) сақтауға бағытталган
жергілікті бастамаларды қолдау» жобасы
РҚБ «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» негізгі орнитологиялық аумақтарды сақтау және қазіргі жағдайын түзелту үшін микро грантқа байқау жариялайды.
«Негізгі орнитологиялық аумақтар» (IBA) – бұл әлемдегі құстар үшін маңызды аймақтарды анықтап, қорғауға бағытталған халықаралық бағдарлама (толығырақ http://www.acbk.kz/ru/pages/468.html біле аласыздар). Қазақстанда барлығы 121 IBA анықталып, сипатталған. Бұл аймақтардың көбі қорғалмаған және адам шаруашылығынан зардап шегуде. Нәтижесінде бірегей территориялардың табиғи қоры азайып, құстар мекені деградацияға ұшырауы мүмкін.
Аталған жоба сулы батпақты аймақтары бар IBA сақтауға бағытталған. Бұндай аумақтарда табиғи қордың көптеген түрі шоғырланғандықтан, олар шаруашылықта кеңінен қолданылады: балық аулау, аңшылық, мал шаруашылығы және т.б.
Жобаның негізгі міндеті осы территорияларға жақын жерде тұратын адамдарды маңызды аймақтарды сақтауға ынталандыру. Атап айтқанда, табиғат қорын бірлесе жоспарлау және басқару, аумақтардың жағдайын жақсарту мақсатында биотехния шарасын атқару және мониторинг жұмыстарын жүргізу.
Байқауға кімдер қатыса алады:
Байқауға жеке тұлғалар, ынталы топтар, мемлекеттік емес ұйымдар, аңшылық шаруашылықтары, ЕҚТА, әкімшілік басқармалары және тізімде (Қосымша 1.) көрсетілген IBA-ге қарасты сулы батпақты аймақтардың табиғат қорларын пайдаланушылар қатыса алады.
Аталмыш байқау аясында IBA сақтауға бағытталған қандай іс әрекеттер қаржыландырылады:
-
IBA-дің жағдайын жақсартуға бағытталған биотехникалық іс шаралар;
-
Барлық мүдделі жақтармен су ресурстарын қолдануды ретке келтіру бойынша іс шаралар;
-
Биологиялық ресурстарды қолдануды ретке келтіру бойынша іс шаралар;
-
IBA негізгі түрлеріне мониторингтік бақылау және санақ жүргізуді жақсарту бойынша іс шаралар;
-
Қаскерлікті қысқарту мақсатында IBA-ді үйлесімді қорғау бойынша іс шаралар;
-
IBA ресурсын пайдалануды кеміту үшін тұрғындар қызметiнiң талғаулы түрлерiн дамыту бойынша іс шаралар;
-
IBA табиғат ресуртарын пайдалану әдістерін өзгерту (ауыл шарашылығы, аңшылық, туризм, балық аулау);
-
Барлық қызығушылық танытқан жақтармен IBA-дің табиғат ресурстарын біріге басқару механиздерін құру бойынша іс шаралар;
Жобаның құны:
Жобаны сәтті орындап шығу үшін жұмсалатын шығындардың барлығы жобаның құнында көрсетілуі тиіс. Гранттың минималды соммасы 2 000 000 теңге.
Барлықтарыңызды байқауға қатысуға, сонымен бірге байқау туралы ақпаратты таратуға ат салысуға шақырамыз. Өтінім 2012 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Байқауды өткізу және өтінімдерді ұсыну ережелері бойынша сұрақтарыңыз болса, келесі мекен жайға хабарласуларыңызды сұраймыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қ, Бейбитшілік көшесі 18, 406 кеңсе
Тел./факс: +7 (7172) 91 00 44
Электронды пошта: acbk@acbk.kz
Жоба Жаһандық экологиялық қордың Кіші гранттар бағдарламасының қолдауымен орындалады (ЖЭҚ/КГБ).
Достарыңызбен бөлісу: |