Некеден кейін әйел бақыты


Ер адаммен бала сияқты болмаңыз



Pdf көрінісі
бет82/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   135
Некеден кейін

Ер адаммен бала сияқты болмаңыз 
 
Психологияда мұны "баланың позициясы" деп атайды. 
Неге? Көп адам кішкентай кезде ата-анасына қатты тәуелді 
болған. Ата-анасы қатал, әр қадамын бақылап 
жүргендігінен соларға тәуелді болады. Тұрмыс құрғаннан 
кейін, ата-анасынан кетіп, күйеуіне барғанда жәй ғана 
орнын ауыстырады. Яғни, енді күйеуіне тәуелді болады. 
Сырттай адам ересек болып көрінсе де, ішкі жан дүниесі 
сол баланың позициясында қалады. Күйеуі қаласа да, 
қаламаса да, оның ата-анасының немесе агрессордың рөлін 
алуға мәжбүр болады. Оны өзі білмей қалады. Яғни 
бейсаналы түрде. Мысал келтірейік. Қыз ата-анасының 
қолынан күйеуге тиді. Күйеуі ата-ананың рөлін 
қабылдады. Қыз болса баланың позициясын алды. Егерде 
өзіңіз оның көз алдында бала сияқты болсаңыз, ең 
алғашқыда оған ата-ананың рөлін беріп, өзіңіз ересек 
болып өспесеңіз, онда ер адамда басқа таңдау болмайды. 
Ол басқа ешнәрсе істей алмайды. Не агрессор болады, не 
ата-ананың рөлін алады. Өзі қадағалаушы, баланы 
тәрбиелеуші болып рөл ойнайды. Ер адам сізге ақылды 
әйелге қарағандай, дана әйелге қарағандай болуы үшін сіз 
бірінші дана әйел болып үйренуіңіз керек. Ол сізден кеңес 
сұрап, ақыл сұрап келуі үшін сіз бірінші ақыл айтып 
үйренуіңіз керек. Сіз ақыл айтып үйренбейінше, дана әйел 
болмайынша ол сізге ересек адамға қарағандай 
қарамайтын болады. Ол сізді сыйлайды, жақсы көреді, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
171 
қамқорлығын көрсетеді. Бірақ сізбен өз ойымен бөлісіп
ақылыңызды сұрамайды. Бала позициясындағы адамда 
психологиялық тәуелділік болады. Тәуелді адам жазуға, 
қоңырау шалуға себептер іздеп тұрады. Мейлі, ол жақсы 
немесе жаман жаңалық болса да бәрін жеткізуге асығып 
тұратын болады. Бұл психологиялық тәуелділіктің бір 
факторы. Осыдан құтылу үшін әйел адам өзіне ең маңызды 
нәрсені түсіну керек. Әйел адамның өмірі баламен, 
күйеумен, үйімен тоқталып қалмайды. Өмір осымен 
шектелмейді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисі бар. Бір күні 
пайғамбарымызға(с.а.с) бір адам келіп сұрайды екен: 
"Алла Тағалаға ең сүйікті адам кімдер?"-дейді. Сонда оған 
жауап береді: " Ең сүйікті адам—Алла үшін басқа 
адамдарға пайда әкелетін адам. Ең сүйікті амал—Алла 
үшін басқа адамдарды қуанту",-деген екен. Оның бір 
қарызын төлеп немесе жұмысын істеп, солай қуанту. Және 
осы амалдарды адам үшін емес, Алланың разылығын алу 
үшін істеуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет