Нәруыз биосинтезі,генетикалық ақпараттың негізгі ген туралы түсінік



Дата29.02.2024
өлшемі20.36 Kb.
#493327
түріҚұрамы
Нәруыз биосинтезі


Нәруыз биосинтезі,генетикалық ақпараттың негізгі ген туралы түсінік
Нәруыздар биосинтезі. Нәруыздар құрамы туралы ақпарат ДНҚ-ға қалай жазылатынын сендер өткен параграфтан білдіңдер. Сонда жасуша қалай «нәруыз жасайды»? Нәруыз синтезі рибосомаларда іске асады, ал олар цитоплазмада, эндоплазмалық торда (ЭПТ) және жарымдербез органоидтарда: пластидтерде және митохондрияларда болады. Биоситез үдерісі үшін нуклеин қышқылдарынан басқа «құрылыс материалдары», АТФ энергиясы, сондай-ақ көптеген ферменттер қажет болады. Нәруыздардың құрылыс топтамалары аминқышқылдар болып табылады, олардың 20 түрі бар екені естеріңде шығар. Бір ғана аминқышқыл жұбын бірімен-бірін қосу үшін АТФ-ның екіден астам молекуласы қажет. Аминқышқылдары қосылыс үдерісінің өзі біразында ферменттер тобының қатысуын қажет етеді. Олардың бір бөлігі рибосомалар құрамында, бір бөлігі жасушалар цитоплазмасындағы дербес молекулалар түрінде немесе ЭПТ каналдарында болады. Алайда нәуыз белсенді қызмет атқару үшін ең маңызды аминқышқылдарды тұқым қуалау ақпаратына сәйкес бөлігі тәртіпте қосып алу. Егер ДНҚ-да жазылған аминқышқылдардың реті бұзылса, нәруыз синтезделеді, бірақ одан ешқандай пайда болмайды.
Нәруыздардың өз қызметін орындауы аминқышқылдардың реттілігіне тәуелді екенін еске түсіріңдер. Ал жүздеген басқаларынан бір ғана аминқышқылды алмастырудан, орақ тәрізді жасушалы анемия кезіндегі гемоглобин сияқты, қызмет атқару белсенділігі толық жоюы мүмкін. Жасушада тұқымқуалау ақпараттың беру және іске асыру кезіндегі қателікті болдырмайтын сан алуан тетіктер бар. Сондықтан нәуыз биосинтезінің үдерісі өте күрделі және көп сатылы. Ол негізгі кезеңнен: тасымалдау және трансляция кезеңдерінен тұрады.
Транскрипция (көшіріп жазу) дегеніміз – бұл ДНҚ матрицасының бетімен жүретін а-РНҚ синтезінің үдерісі. Жасушада қанда й болса да бір нәруызға қажеттілік пайда болса, сәйкес геннің ақпараты жазылған ДНҚ үлескісі тарқатылады. Яғни бірін-бірі толықтыратын тізбектер аралығындағы сутектік байланыс бұзылады, сөйтіп ДНҚ-ның шағын үлескісі байланыспаған екі тізбектен тұрады. Біртізбекті ДНҚ-ның бұл үлескісіндегі ферменттер үшін: РНҚ – полимеразаларға жол ашылады.
РНҚ ферменті немесе транскриптаза ДНҚ молекуласының қажетті бір тізбегін сайлап алып, соның бетімен ақпараттық РНҚ-ны синтездей бастайды. Бұл үдеріс репликацияға өте ұқсас. Айырмашылығы тек қана мономерлер ретінде рибонуклеотидтерді пайдаланады, ал синтез ДНҚ молекуласы бір тізбегінің матрица бетімен іске асады. а-РНҚ синтезі жүрген ДНҚ тізбегі транскриптелетін тізбек деп аталады. ДНҚ-ның екінші тізбегі жай ғана «тыныс алады», үдеріске қатыспайды. Ол транскрителмейтін тізбек делінеді. Қайтадан синтезделген а-РНҚ транскриптелетін ДНҚ тізбегін толықтырады. Бұл кезде а-РНҚ синтез іске асырылмаған екінші транскриптелмейтін ДНҚ тізбегіне дәлме-дәл сәйкес келеді. Мұндағы айырмашылық тек қана РНҚ-да АДЕНИНГЕ қарама-қарсы ТИМИН емес, УРАЦИЛ тұрады.
ДНҚ триплетіне кодондар деп аталатын а-РНҚ триплеті сәйкес келеді. а-РНҚ молекуласы ұзарған сайын ДНҚ-ның толықтыру тізбегімен ығыса түседі. Бұл ДНҚ – РНҚ арасындағы қарағанда ДНҚ – ДНҚ аралығында сутектік байланыстың оңайырақ пайда болуынан осылай жүреді.
Синтезделген а-РНҚ молекуласы транскрипті немесе бірінші реттік транскрипт деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет