«Неврология» пәні бойынша сараланған сынақ сұрақтарының тізімі



бет15/16
Дата08.12.2023
өлшемі108.56 Kb.
#485945
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Перечень вопросов фельдшер каз (копия)

Эпидуральды гематома – мидың қатты қабығының жогаргы беткейі мен қаңқа сүйегіндегі арасында қан жиналу.
Субдуральды гематома – қанның мидың қатты қабығының астында жиналу.
Ол көбіне мидың беткейінен баратын венаның зақымдануынан болады.
Миішілік гематома мидың ошақты соғылуы және жаншылуы кезіндегі қан тамырлардағы зақымдалу
Клиникасы: Мидың дислокация көрінеді:
Аяқ қол парезі (моно-, или гемипарезом) гематома орналасқанға карама карсы бағытта; Қарашығы ұлғайған гематома жақта; брадикардия; Эпилептикалық ұстама.
ДИАГНОСТИКА: КТ
ЕМІ: Ес жоғалтқанда жəне құсу болғанда – тұрақты бүйірлік қалып, ол құсық массасының жеңіл кетуіне көмектеседі жəне аспирациялық пневмонияның алдын алады.
Шок кезінде, терминалдық жағдайда жəне клиникалық өлім кезінде - инфузиялық ем, жүрек - өкпе реанимациясы көрсеткіштер бойынша.
Психомоторлық қозу кезінде, тырысулы синдром кезінде, тырысуға дайындық кезінде – атропин 0,1% ерітіндісі 0,5-1 мл тері астына, диазепам 0,5% ерітіндісі 2-4 мл бұлшықетке ( көк тамырға ).
Гипертензиялық синдромда – фуросемид 1% раствор 2-4 мл көк тамырға.
Ауыру синдромында – кеторолак бұлшықетке немесе трамадол 0,5% ерітіндісі 2-4 мл (100-200 мг) бұлшық етке (көк тамырға).
Сыртқа тыныс бұзылысында – ауыз жұтқыншақтың санациясы, ауа үрлегіш. Жара кезінде - асептикалық таңу.
Жоғарыда келтірілген емдік іс-шараларды жүргізгеннен кейін, ең жақын стационарға зембілде функционалдық тиімді қалыпта шұғыл түрде жеткізу керек. ГОСПИТАЛИЗАЦИЯ
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: бас ми жарақатының 2-3 дәрежесі кезінде



  1. Негізгі неврологиялық синдромдардың клиникалық көріністері.

  2. Неврологиялық науқастардың зерттеу әдістері.

  3. Неврологиялық науқастардың зерттеудің қазіргі заманғы әдістері.

  4. Неврологиялық науқастарға күтім көрсету

  5. Жедел ми қанайналымының өткінші бұзылыстары

  6. Ишемиялық және геморрагиялық инсульттың дифференциальды диагнозы

  7. Гидроцефалия

Гидроцефалия (мишемен) — бас суйек куысында ми-жұлын сұйықтығы көлемінің көбеюі.
Туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді:
Жүре пайда болған: 1) жұқпалы (хабарлама гидроцефалиясының ең көп тараған себебі);
2) постгеморрагиялық (коммуникациялық гидроцефалияның екінші жиі кездесетін себебі):
3) субарахноидальды қан кетуден кейін
4) қарыншаішілік қан кетуден кейін (мұндай науқастардың 20-50% үдемелі гидроцефалия дамиды);
5) көлемді бассүйекішілік процестер кезінде қайталама:
6) ісік емес (артериовеналық ақаулар, кисталар)
7) ісік (ми-жұлын сұйықтығы өзекшелерінің бітелуі нәтижесінде – мишықтың, төртбұрышты цистернаның ісіктері. III немесе бүйірлік қарыншаның ісіктері;
8) жұлын-ми сұйықтығының артық өндірілуі нәтижесінде – плексус папилломалары, өрім карциномасы, плексус менингиомасы
9) жұлын ісіктерімен біріктірілген
10) операциядан кейінгі (шамамен 20% балалардың артқы бас сүйек шұңқырының ісіктерін алып тастағаннан кейін шунтты хирургиялық араласуды қажет етеді).


Этиологиясы және патогенезі. Жұлын-ми сұйықтығы сорылуының және айналысының бұзылуы немесе оның шамадан артық бөлінуі. Бұның себептері, әдетте, бастың закымдануының немесе нейроинфекцияның салдарынан болған жабыспа үдерісі, сонымен қатар ми ісіктері, мидың туа біткен ауытқулары және онық кабықтарының ауытқулары болып табылады.
Клиникасы. Жаңа туған нәрестелердің гидроцефалиясы кезінде байқалатын белгілер: бастың ұлғаюы, бас сүйек жабындысы көктамыр жүйесінің айқындылығы және көздердің төмен түсуі (батып бара жатқан күн секілді). Бас мөлшері бірте-бірте үлкейіп, алып болуы мүмкін (бас сүйек шеңбері 60 см-ге дейін жетуі және одан да көп). Бас сүйек жіктері кеңейген, алдыңғы еңбек қатты ұлғайған. Сәбилердің бас сүйегі жұмсақ болатындықтан, гипертензия белгілері сирек байқалады.
Көбіне бас сүйек жүйкесінің сал аурулары кездеседі, әсіресе көру жүйкесінің атрофиясына байланысты көздің көргіштігі төмендейді. Өте ауыр жағдайларда баланың ақыл-есі дамымай қалуы мүмкін.
Ал ересектерде гидроцефалия бас сүйек іші қысымының жоғарылауы белгілерімен сипатталады: бастың ауыруы, құсу, көру жүйесінің іркілген (тоқтаған) шеңберлері, бас айналу. Егер ауру 17-18 жастан кейін пайда болса, бас мөлшері үлкеймейді.
Диагностика: рентгенограммада бас сүйек өзгерісі көрінеді: ересектерде түрік ершігінің бұзылысы, бас сүйек күмбезі бойынша саусақпен қысудың күшеюі байқалады. Компьютерлік томографияда және вентрикулографияда ми қарыншасының қатты үлкейгендігі және ми заттарының семуі.
Емі: Бас сүйек ішіндегі қысымды төмендету үшін диуретиктер, глюкокортикоидты гормондар, глицерин тағайындайды. Нәрестелер гидроцефалиясының хирургиялық емі кезінде жұлын-ми сұйықтығының бас сүйек қуысынан қосымша жолдармен ағып шығуын (шунттау немесе ұштастыру) қамтамасыз ету; ересектердің гидроцефалиясы кезінде көп жағдайларда жұлын-ми сұйықтығының ағып шығу жолдарының өткізгіштік себептерін жою (мысалы, ісіктерді алып тастау, жабыспаларды кесіп тастау т.б.) қолданылады.



  1. Микроцефалия



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет