Неврологияєа кіріспе. Пјн жјне клиникалыќ неврология тарихы. Неврологиядаєы дјлелдену медицинасы. Неврологияда дјрігерлік кґмекті ўйымдастыру



бет1/2
Дата21.12.2023
өлшемі0.87 Mb.
#487344
  1   2
1 лекция (1)

1 ДӘРІС Неврологияға кіріспе. Пән және клиникалық неврология тарихы. Неврологиядағы дәлелдену медицинасы. Неврологияда дәрігерлік көмекті ұйымдастыру

  • Неврология – нерв жүйесі туралы ғылым. Ол нерв жүйесінің зақымдануының сезімталдық, қозғалыс, сөйлеу және т.б. белгілерін үйретеді, диагностикалық тексеру тәсілдерін дамытады, емдеу және алдын алу шараларын үйретеді.
  • Невропатологияның негізін білу орта медициналық қызметкерлерге тек қана емдік және алдын алу шараларын дұрыс орындау үшін емес, басқа аурулардың неврологиялық асқынуларын білу үшін қажет.
  • Сонымен қатар мейірбике науқастарды күтуді ұйымдастыруды, мейірбике үрдісінің кезеңдерінің құжаттарын толтыруды, қажет болған жағдайда дәрігерлік көмекке дейінгі көмек көрсетуі тиіс.

Қазіргі кезеңде мейірбикелерге қойылатын талап бойынша мейірбикелер ғылыми білімді, психологияның негізін коммуникативтік дағдыларды, науқастармен қарым-қатынасты жоғары дәрежеде көрсете білуі қажет

  • Қазіргі кезеңде мейірбикелерге қойылатын талап бойынша мейірбикелер ғылыми білімді, психологияның негізін коммуникативтік дағдыларды, науқастармен қарым-қатынасты жоғары дәрежеде көрсете білуі қажет

Нерв жүйесінің аурулары туралы мағлұматтар өте ертеде анықталған, олар египеттің папурустарында, ертедегі индиялық Аюр-Ведтік жазылымдарда кездеседі.

  • Нерв жүйесінің аурулары туралы мағлұматтар өте ертеде анықталған, олар египеттің папурустарында, ертедегі индиялық Аюр-Ведтік жазылымдарда кездеседі.
  • Сол кездің өзінде паралич, ұстамалар, қысқа аралық естен танулар туралы мәліметтер бар. Гиппократтың, Авиценнаның және Рази жазылымдарында неврологиялық аурулар туралы мәліметтер бар (эпилепсия, менингит, сақина ауруы).
  • Ежелгі Рим дәрігері Гален (II ғасырда) жануарлардағы мидың анатомиялық құрылымдары туралы, кезбе нерв туралы, ми нервтері және олардың қозғалыстағы атқаратын міндеті туралы түсініктер берді.
  • Бец, Броун-Секар, Даркшевич және т.б. ғалымдар ми мен жұлынның әр түрлі бөліктерінің құрылымдары туралы түсініктер берді.
  • 1865 жылы Париж «Сальпетриер» ауруханасында Жан Шарко жұмыс жасай бастады. Ол 10 жыл бойы шашыраңқы склероз, бүйірлік амиотрофиялық склероз, сирингомиелия, истерия және т.б. аурулар туралы ғылыми еңбектер жазды.
  • Россиядағы нервологияның дамуы ерекше жолмен басталды. XVIII ғасырда
  • I Петрдің нұсқауы бойынша алғашқы әскери госпиталь құрылды.
  • 1869жылы Москва университетінде бірінші Россиялық нерв аурулары және жындылар аурулары клиникасы ашылды, оны дәрігер, ғалым, оқытушы А.Я. Кожевников басқарды.
  • Ол көптеген неврологиялық аурулардың суреттемесін берді, сонымен қатар қояншық ауруы туралы мәліметтер жинады (кожевников эпилепсиясы).
  • Кожевников көптеген талантты жас орыс ғалымдарын тәрбиелеп шығарды, невропатологтар мен психиатрлардың алғашқы қоғамын ұйымдастырды және невропатологтардың негізін қалаушы болып табылады
  • И.М. Сеченов және И.П. Павловтың невропатологияның дамуында қосқан үлесі зор. Олар рефлекс туралы негізгі түсінікті берді, ми қызметінің қозу және тежеу арқылы жұмыс жасайтынын анықтады.
  • Нерв жүйесінің анатомиялық және физиологиялық негізін орыс ғалымы— В.М. Бехтерев қалады. Ми қыртысындағы қызмет орталықтарын анықтауда үлкен үлес қосты
  • Дарынды орыс ғалымдарымдарының жұмыстары И.П. Павлов, С.С. Корсаков, Г.И. Россолимо, В.М. Бехтерев, М.Е. Введенский және т.б. неврологияны алдыңғы ғылымдар қатарына қосты. Олардың ісін көрнекті совет ғалымдары В.А. Гиляровский, В.П. Протопопов, В.П. Осипов, О.В. Кербиков, В.Н. Мясищев, А.В. Снежневский, С.Н. Давиденков, П.К. Анохин, Н.К. Боголенов, Н.Н. Бурденко ары қарай жалғастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет