Ник Бостром мен экономист Робин Хансон жер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамдарды компьютер ойындағы бағдарлама арқылы ойдан шығарып құрастырылған виртуалды «кейіпкерлерге»



бет3/5
Дата03.12.2022
өлшемі166.9 Kb.
#466325
1   2   3   4   5
Документ Microsoft Word (2)

Палеолит[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Палеолит. Ежелгі тас дәуірі.
1) Ерте палеолит (төменгі) - б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 40 мыңжылдықтар.
а) Олдувэй - б.з.б. 2,6-800 мыңжылдықтар.
ә) Ашель - б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар.
б) Мустье - б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар.

2) Кейінгі палеолит (жоғарғы) - б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар.


Мезолит]
Мезолит (ортатас дәуірі немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар.
Неолит[
Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.
Ерекшелігі
Тас дәуірі мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.
Ертедегі тас дәуірі
Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашельге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғышарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардың қазіргі адам түріне айналу кезеңімен тұспа-тұс келді.
Мәдениеті
Олдувайлық мәдениет
Олдувайлық мәдениет - бұл "Homo habilis" деп аталған ертедегі адамның («епті адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерінің бәрін қосқаннан да асып түседі.
Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чоппингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чоппинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалақ тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппинг те соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.
Олдувай дәуірінде адамдар әлі отты қолдануды білмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет