Николаевка селолық округі әкімінің м.а. Т.Шунинаның «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Селолық округтің ең негізгі экономика секторы аграрлық. Бүгінгі күні округте 8 ЖШС, 1 ФШ және 12 шаруашылық қожалығы бар. 2008 жылы астық егетін жер алқабы 11461 га құрды, оның ішінде дәнді-дақылдар 10811 га, майлылар – 650 гектардан, орташа астықтың шабылғаны – 15365,5 тонна, гектардан 14,2 центнер орташа алғанда, майлы дақылдар – 320 тонна, гектардан 4,9 центнер өнімділік құрады. Осылармен қатар 26 га картоп және көкеніс өсірілді. Картоптен – 80 тонна, көкөністен 144 тонна алынады.
Машина-тракторлық паркты техникалық қайта жарақтандыруы белсенді жүріп жатыр. 2008 жылы үлкен шаруашылықтарда егінегетін АПП-7,2 кешені, “Дон-мар” егін орау машинасы, “Джон Дир” комбайны жалпы сомасы 44 млн. теңгеге алынды. Өсімдік егуге жәрдемақы 10,675.495 теңге бөлінді.
Жеке мал шаруашылық секторында малдың барлық түрі өсіп дамуы қамтамасыз етілген. Николаевка селосында тұрақты жас төлді алып отыру үшін жасанды ұрықтандыру пункті ашу жоспарда бар.
Жеке шаруашылық сектор мен қатар “Рустикус” ЖШС-інде 280 бас шошқа, 27 бас ұрғашы шошқа (свиноматка), 48 ІҚМ, оның ішінде 21 сиыр. “Габбас” ЖШС-і 90 бас қазақтың ақ бас тұқымын өсіреді, оның ішінде 38 сиыр.
“Айса и К” ЖШС-і 30 бас еділбай қой тұқымын, 15 жылқы, 12 ІҚМ жас төлін өсіреді. Округте ет, жұмыртқа, тері өнімдері беріледі. Округте Петропавл қаласының ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатысады, өнім 1,6 млн теңгеге сатылды. 2009 жылы “Рустикус” ЖШС-і мал бөлмелерін қайта жаңартуы жоспарда тұр.
2008 жылы 7 отбасы мал шаруашылығын дамытуға “СҚО ауылшаруашылыққа қаржылай қор көмегі” АҚ-ы филиалы1 млн. теңге көлемінде микрокредит алды.
Округте орта және шағын бизнестің сферасында бүгінгі күні 10 дүкен жұмыс істейді. 2008 жылы тұрмыстық техника дүкені ашылып іске асуда. Күн сайын Николаевка-Петропавл бағытымен автобусы жүреді. Николаевка селосында шаштараз және киім тігетін шеберхана жұмыс істейді. Бұрынғы асхананы кафе ашуға жөндеп жатыр. 2009 жылы наурыз айында ашу жоспарда. 2009 жылы СПК ашу жоспарда бар.
Округ аумағында селолық шаруашылық өнімдерін өндіретін екі диірмен жұмыс істейді. 2008 жылы 6,3 млн теңгеге 105 тонна ұн үктірілді, 30 тонна кебек 180мың теңгеге.
Шағын наубайхана халықты нанмен, кондитерлік өнімдермен қамтамасыз етеді. 2008 жылы 216 тонна 14,4 мың теңгеге нан пісірілді. Дағдарысқа қарсы бағдарламасын орындалып жатқанына байланысты нанның бағасы 45 теңгеден 40 теңгеге түсті.
Николаевка селосында ағаш өңдеу цехы жұмыс істейді. 2009 жылы 285000 теңгеге цехты қайта ұйымдастыру жоспарда.
Округте жоспар бойынша елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде жүргізілуде. Президенттің “Жасыл ел” бағдарламасын орындау барысында 2008 жылы 620 көшет отырғызылды. Ленин,Советская көшелеріне құмды-гравийлық қоспалар ұзындығы 2,7 километр жолға жөндеу жасалды.
Өмір сапасының негізгі көрсеткіші – ол ең әлсіз тұрғындар топтарының әлеуметтік қорғаныш деңгейі. 2008 жылы аз қамтамасыздандырылған жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмыспен 102 адам қамтылды. Оның ішінде 43 адам жаңа құрылған орындарға, тұрақты жұмыс орындарына – 78 адам. УО арқалы 30 адам жұмыспен қамтамасыз етілді, 6 адам әлеуметтік орындарға орналасты.
2008 жылдың 1 қаңтарына жеткілікті қамтамасыз етілмеген адамдар саны 15 отбасы 49 адамға, 2009 жылдың 1 қаңтарына 13 отбасы жылдың аяғына дейін 2 отбасыға түсті. Мемлекеттік әлеуметтік көмек 664 мың теңгеге көмек көрсетті, 18 дейін 1019 мың теңгені құрады. Дағдарысқа қарсы бағдарламасын орындалып жатқанына байланысты азық-түлікке 182,2 мың теңге төленді.
Негізгі әлеуметтік көмектің түрі қайта оқыту және жіберу жұмыспен қамтамасыз ету. 2008 жылы 4 адам кәсіптелген қайта даярлау оқуды бітірді.
Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының жүзеге асуына байланысты Николаевка селосында дәрігерлік емхана жұмыс істейді. Қаратал селосында дәріхана мен медициналық пункт бар. Және де 5 орынды күндізгі тұрақты жататын орын бар. 2008 жылы жаңа “жедел жәрдем” автокөлігі алынды.
Округ мектептерінде материалды-техникалық базасы нығайып, дамуда. 2008 жылы мектепке интерактивті тақта, 6 жаңа компьютер сатып алынды. Николаевка орта мектебінің шатыры мен алдына жөндеу жүргізілді және де мектеп маңында 25 балалық шағын орталығы ашылды..Мектеп маңында 40-орындық интернат бар, үнемі ыстық тамақ ұйымдастырылған. Жаппай жалпыға міндетті оқу есебі қаражатына жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардан 19 бала тегін тамақ ішеді. Жазғы уақытта мектеп маңында алаңдарда жұмыс жүргізіледі, 45 балалар демалып, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
ҰОС қатысқан ардагерлерге үлкен назар аударылады. 22 наурыз күні, 1 қазан Қарттар күніне мерекелік бағдарламалар қойылды, 160 адамға шай ішу ұйымдастырылды. 12 қазан күні мүгедектер күнінде 38 адамға 26,6 мың теңгеге азық-түлік пакеттері ұйымдастырылып берілді. 2008 жылы қайырымдылық көмек 220,1 мың теңгеге берілді.
Селода инфрақұрылым дамуда. Округ аумағында қалта телефонының байланысы істейді. АТС-те 200-нөмірлік 64 тұрғынға сымсыз телефондар орнатылды. 2009 су қоймасын салу жоспарда. Округте құқық бұзушылық пен қылмыстық істердің алдын алу бағдарламасының негізінде жүйелік жоспарлы жұмыс жүргізіледі. Селолық округте учаскелік полиция мен қоғамдық құқық бұзушылық комиссиясыменбірге жұмыстар жүргізеді. Округте басқа да қоғамдық құрамалар жұмыс істейді: ардагерлер кеңесі қоғамдық село өміріне белсенді қатысады, сарбаздар (9 адам) қоғамдық тәртіпті қадағалап отырады.
Жалпы елдегідей селолық округте позитивті өзгерістер бар. Осы менің берген есебімнен 8 ескертулер мен ұсыныстар болды. Оның үшеуі қарастырылуда. Барлық сұрақтар мүлде шешілді.
Селолық округ әкімі аппаратында шаруашылықтарды ірілендіру жұмыстары жалғасады, өндіретін кәсіптердегі жүйелерді ұлғайту, үлкен және шағын бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындар ашу. Көп жұмыстар істелінді, бірақ алда көп жұмыстар бар. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметтің қойған міндеттерін мұнан былай ойдағыдай шешетінімізге сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |