Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2014 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 587 бұйрығына
39-қосымша
Қол қойылатын бонус және және коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
(510.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қол қойылатын бонус және және коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (510.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қол қойылатын бонус бойынша салықты есептеуге арналған қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігінің нысандарын (декларацияны) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Қол қойылатын бонус бойынша декларацияны жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған әрбір жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бөлек жасайды.
2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Декларацияда соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.
4. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас символдармен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық жеткізгіште – нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
5. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
6. Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен төлеушіге қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште
– салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
2. Декларацияны жасау (510.00-ысан)
7. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (жыл) – салық төлеуші декларацияны толтыратын жыл көрсетіледі;
3) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі;
4) валюта коды.
«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім) бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
5) декларацияның түрі.
Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні.
Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрі тапсырылған жағдайда толтырылады;
7) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және кен орнының атауы.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және кен орындарының атауы көрсетіледі;
8) пайдалы қазба коды.
Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар кодтарына сәйкес пайдалы қазба коды көрсетіледі;
9) келісімшарттың жасалған күні.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасалған күнінен күшіне енетін күні көрсетіледі;
10) келісімшарттың нөмірі.
Уәкілетті мемлекеттік орган берген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;
11) салық төлеушіні конкурс жеңімпазы деп жариялаған күні.
Қазақстан Республикасының жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің конкурс жеңімпаз деп жарияланған күні көрсетіледі;
12) тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн.
Қазақстан Республикасының жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн көрсетіледі;
13) алынып жатқан қорлар көлемінің бекітілген күні.
Кен орнында уәкілетті мемлекеттік органның пайдалы қазбалардың алынатын қорларының физикалық көлемін бекіткен күні көрсетіледі;
14) төлемнің түрі.
Тиісті торкөздер белгіленеді.
8. «Төлеуге қол қойылатын бонус» деген бөлімде:
«Бюджетке төлеуге қол қойылатын бонус» 510.00.001 жолында Салық кодексіне сәйкес қол қойылатын бонус сомасы көрсетіледі.
9. «Төлеуге коммерциялық табу бонусы» деген бөлімде:
1) А бағанында бір пайдалы қазба түріне арналған жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардың кодтарына сәйкес пайдалы қазбаның коды көрсетіледі;
3) С бағанында уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен кен орнында пайдалы қазбалардың алынатын қорлардың физикалық көлемі (тоннада, текше/м., унцияда, грамда және т.б.) көрсетіледі;
4) D бағанында бюджетке төлеуге жататын коммерциялық табу бонусының сомасы көрсетіледі.
10. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:
1) «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» жолында.
Декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
Декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;
2) декларацияның тапсырылған күні.
Декларацияның мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;
3) мемлекеттік кірістер органының коды.
Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.
4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
5) декларацияның қабылданған күні.
Салық кодексінің 584-бабы 2-тармақшасына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;
6) құжаттың кіріс нөмірі.
Мемлекеттік кірістер органы берген құжаттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) пошта штемпелінің күні.
Пошта немесе өзге байланыс ұйымында қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
11. Пайдалы қазбалардың кодтары:
0001
|
Сутегі
|
0002
|
Гелий
|
0003
|
Литий
|
0004
|
Бериллий
|
0005
|
Бор
|
0006
|
Көміртегі
|
0007
|
Азот
|
0008
|
Оттегі
|
0009
|
Фтор
|
0010
|
Неон
|
0011
|
Натрий
|
0012
|
Магний
|
0013
|
Алюминий
|
0014
|
Кремний
|
0015
|
Фосфор
|
0016
|
Күкірт
|
0017
|
Хлор
|
0018
|
Аргон
|
0019
|
Калий
|
0020
|
Кальций
|
0021
|
Скандий
|
0022
|
Титан
|
0023
|
Ванадий
|
0024
|
Хром
|
0025
|
Марганец
|
0026
|
Темір
|
0027
|
Кобальт
|
0028
|
Никель
|
0029
|
Мыс
|
0030
|
Мырыш
|
0031
|
Галлий
|
0032
|
Германий
|
0033
|
Күшән
|
0034
|
Селен
|
0035
|
Бром
|
0036
|
Криптон
|
0037
|
Рубидий
|
0038
|
Стронций
|
0039
|
Иттрий
|
0040
|
Цирконий
|
0041
|
Ниобий
|
0042
|
Молибден
|
0043
|
Технеций
|
0044
|
Рутений
|
0045
|
Родий
|
0046
|
Палладий
|
0047
|
Күміс
|
0048
|
Кадмий
|
0049
|
Индий
|
0050
|
Қалайы
|
0051
|
Сүрме
|
0052
|
Теллур
|
0053
|
Йод
|
0054
|
Ксенон
|
0055
|
Цезий
|
0056
|
Барий
|
0057
|
Лантан
|
0058
|
Гафний
|
0059
|
Тантал
|
0060
|
Вольфрам
|
0061
|
Рений
|
0062
|
Осмий
|
0063
|
Иридий
|
0064
|
Платина
|
0065
|
Алтын
|
0066
|
Сынап
|
0067
|
Таллий
|
0068
|
Қорғасын
|
0069
|
Висмут
|
0070
|
Полоний
|
0071
|
Астат
|
0072
|
Радон
|
0073
|
Франций
|
0074
|
Радий
|
0075
|
Актиний
|
0076
|
Резерфодий
|
0077
|
Дубний
|
0078
|
Сиборгий
|
0079
|
Борий
|
0080
|
Хассий
|
0081
|
Майтнерий
|
0082
|
Металлургия үшін кенге жатпайтын шикізат
|
0083
|
Қалыптық құмдар
|
0084
|
Алаптық шпат
|
0085
|
Пегматит
|
0086
|
Басқа да алюминий тотығы жыныстары
|
0087
|
Әктас
|
0088
|
Доломит
|
0089
|
Әктасты–доломит жыныстары
|
0090
|
Тамақ өнеркәсібі үшін әктас
|
0091
|
Басқа да кенге жатпайтын шикізат
|
0092
|
Отқа төзімді саздар
|
0093
|
Каолин
|
0094
|
Вермикулит
|
0095
|
Ас тұзы
|
0096
|
Жергілікті құрылыс материалдары
|
0097
|
Вулкандық кеуек жыныстары
|
0098
|
Вулкандық суқұрамдас әйнек
|
0099
|
Әйнек тәріздес жыныстар
|
0100
|
Перлит
|
0101
|
Обсидиан
|
0102
|
Малта тас
|
0103
|
Қиыршық тас
|
0104
|
Гипс
|
0105
|
Қиыршық тас-құм аралас
|
0106
|
Гипсті тас
|
0107
|
Ангидрит
|
0108
|
Гажа
|
0109
|
Саз
|
0110
|
Саз жыныстар (балқуы ауыр және оңай балқитын саздар, суглинкалар, аргиллиттер, алевролиттер, сазды тақтатастар)
|
0111
|
Әкбор
|
0112
|
Мергель
|
0113
|
Мергельді–әкбор жыныстары
|
0114
|
Кремний жыныстары (трепел, опоктар, диатомит)
|
0115
|
Кварцты–алап шпат жыныстары
|
0116
|
Гранит
|
0117
|
Диабаз
|
0118
|
Мәрмар
|
0119
|
Базальт
|
0120
|
Басқа тұнбалы, атылған, метаморфикалық жыныстары
|
0121
|
Тоқпақ тас
|
0122
|
Құм (кварцтық, құрылыс, алап шпаттық)
|
0123
|
Құмдық
|
0124
|
Табиғи пигменттер
|
0125
|
Ұлу тас
|
0126
|
Жер асты сулары
|
0127
|
Мұнай
|
0128
|
Газ
|
0129
|
Мұнайгаз конденсаты
|
0130
|
Басқалар
|
Достарыңызбен бөлісу: |