Нысаналы индикаторлармен анықталады. Осылай, мұрағаттық ақпаратты қолданушылардың үлесі жылдық жоспар 86% болғанына қарамай 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 90% құрады



Дата23.02.2016
өлшемі56.55 Kb.
#8299

Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңын, Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы «Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жаспары туралы» № 334/19 қаулысын басшылыққа ала отырып Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы мұрағат ісі мен құжат жасауды дамытуды жүзеге асыруда.


Стратегиялық бағытты, мақсаттар мен міндеттерді орындау нысаналы индикаторлармен анықталады.

Осылай, мұрағаттық ақпаратты қолданушылардың үлесі жылдық жоспар 86% болғанына қарамай 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 90% құрады (2012 жылы жылдық жоспар 85% болғанда, іс жүзінде – 90% құрады).

Бұл көрсеткішті орындау келесі жолдармен жүзеге асырылды:

- «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету:






Мерзім

Барлығы

Оң жауап алғандар

Теріс жауап алғандар

Профильді емес

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің нәтижелері

«Жақсы»

«Қанағатта-нарлық»

«Жаман»

2012 жыл

16356

13591

1467

1298

7644

147

8

2013 жылдың 6 айы

9023

7559

852

592

4968

100

3

Мұрағаттарға түскен 9023 сұраудың 2822 таяу шет ел мемлекеттерінен пошта байланысы арқылы және 68 сұраным ҚР СІМ желісі арқылы келіп түсті.

Ақпараттық кеңістікті кеңейту және тұтынушыларды ретроспективалы мұрағаттық ақпаратпен қамтамасыз ету ақпараттық іс-шараларды жүргізу арқылы қамтамасыз етілді.







Мерзім

Каталогтармен жұмыс

Ынталы хаттар

Көрмелер

Мақалалар

Радио/теле бағдарламалар

Мектеп сабақтары

экскур

сия

Тақырыптық сұранымдар

2012 жыл

102

25

35

86

16/11

40

38

937

2013 жылдың 6 айы

47

12

25

77

14/18

28

38

328

Соның ішінде айтулы көрмелер өткізілді: 2013 жылғы 20 ақпанда облыс әкімі Е.М. Арынның облыс жұртшылығымен өткізген есептік кездесуі кезінде Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының фойесінде облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыс мемлекеттік мұрағаты облыстың мерейтойына арналған «Павлодар облысына – 75 жыл. Павлодарской области – 75» фотоқұжаттық көрмесін ұйымдастырды.



Экскурсия: 2013 жылғы 21ақпанда облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Х.Х. Әкімханов Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен оның қалалық және аудандық бөлімдерінің жеке құрамына басқарманың павлодарлықтар туралы мәліметтер айқындау бойынша, РФ ҚМОМ, Беларусь Республикасы мен Финляндияның Ұлттық мұрағаттарына жасалған мұрағаттық-іздестіру экспедициялары туралы, павлодарлық жауынгерлердің есіімдерін мәңгі есте сақтау мақсатында «Боздақтар» кітабының жалғасын шығару жоспары жөнінде баяндады. Облыс мемлекеттік мұрағатының директоры Қ.Ғ. Мақажанова ұйымдастырылған көрме бойынша экскурсия жүргізді.

Мақалалар: облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Х.Х. Әкімхановтың «Павлодарда Боздақтар кітабына енбей қалған жаңа есімдер анықталады» атты мақаласы 2013 жылғы 26 ақпанда www.pavlodarnews.kz сайтында және 2013 жылғы 21 наурызда облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің № 32-32 санында 20-бет, «Арда азамат еді» мақаласы жарияланды.

2013 жылдың 6 айында оқу залдарында 50 зерттеуші жұмыс істеді (2012 жылы – 92); 75 респондентке кеңес берілді; зерттеушілерге 2985 с.б. берілді; құжаттардың 825 парақ көшірмесі жасалып, берілді. «Павлодар облысының мұрағат қызметі» сайты 2012 жылы – 26120 рет, 2013 жылдың І жартыжылдығында – 9471 рет қаралды.

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының және нормативті жағдайларда орналасқан, аймақ құжаттарының көлемінде олардың тұрақты сақталуын қамтамасыз ететін ведомстволар құжаттарының үлесі жылдық жоспар 79% болғанда 2012 жыллы жылы - 79%, 2013 жылдың 6 айында 78% құрады.

Сақталатын құжаттардың жалпы көлемі 1167 мың сақтау бірлігін құрады. Сақталатын құжаттардың негізгі бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорына кіретін 3918 қор құрайты. Мұрағат қорларының құрамы келесідей: басқару құжаттамасы – 759,4 сақтау бірл., жеке құрам бойынша құжаттар – 371,3 сақтау бірл., кино, фотоқ, дыбыстық құжаттар – 10,3 сақтау бірл, жеке тектік құжаттар – 25657 сақтау бірл. Тарихи тұрғыдан 1% – революцияға дейінгі кезең, 81% – кеңестік кезең, 19 % – жаңа тарих құжаттары.

Жыл сайын құжаттардың көлемі сақтау бірліктерінің артуы есебінен жалпы сақталатын құжаттардың көлемінен орташа есеппен 12-15 %-ға өседі.

Қазіргі уақытта мұрағат құжаттарын сақтау нормативтік талаптарға сай келмейді. 91400 астам істер жертөледе орналасқан, 90 ұйым ведомстволық сақтау мерзімдерінің аяқталуына байланысты 92783 құжатты мемлекеттік сақтауға тапсыруға дайын. Ведомстволық мұрағаттардың паспорттарын жинақтау Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының толықтыру көзі болып табылатын 687 мекеме мен ұйымдардың 247 ғана құжаттарды сақтайтын арнайы үй-жайы бар екендігін көрсетті. Мұрағат қоймаларының шамадан тыс толуы 100-120 % құрайды.


Өңірдің мұрағат ісінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру міндеті Цифрлық форматқа көшірілген мұрағаттық құжаттардың көлемі (АҚ) нысаналы индикаторымен анықталады, оған сәйкес аса құнды құжаттар цифрланып, электрондық форматқа көшірілуі тиіс, 2013 жылдың 50 с.б./ 9000 парақ жылдық жоспарында ооблыстың мемлекеттік мұрағаты есепті кезеңде сақтық қорын және қолдану қорын құру мақсатында цифрлік форматқа сканерлеу арқылы 3482 парақ, 6 аса құнды іс көшірілді (диск DVD-R).

Мұрағат құжаттарын цифрлау кезінде MUSTEK 4800 TAPRO II сканері қолданылды.

Мұрағат саласы қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру міндеті, нысаналы индикатор: мұрағаттар саласында біліктілікті арттырудан өткен мамандардың саны - мемлекеттік қызметшілер, жылдық жоспар – 3, жыл сайын кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың Павлодар аймақтық орталығында оқып шығады. количество

Азаматтық қызметшілер. 2012 жылдың мамыр айында облыс мемлекеттік мұрағатының 10 маманы Инновациялық Еуразия университетінде «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі» тақырыбы бойынша куәлік ала отырып оқып шықты.


2012 жылдың 29 ақпанында Құжаттану және мұрағат ісінің бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институтымен (ҚМІБҒЗИ) Мәскеу қаласында сырттай оқу бөлімінде «Мұрағаттану» мамандығы бойынша 2 мұрағатшыны оқыту туралы № 86 шарт жасалды.

2011 жылдың 1 қарашасынан 2012 жылдың 15 қарашасы аралығында облыс меммұрағатының құжаттарды мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, бас қор сақтаушысы Ә.Ш. Сәрсенғалиева «Мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүйесі» тақырыбы бойынша «Құжаттану және мұрағат ісінің бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты» федералды бюджеттік мекемесінде кәсіби дайындықтан өтті.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет