Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2014 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 587 бұйрығына
35-қосымша
Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
(421.00-нысаны)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (421.00-нысаны) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және құрылымдық бөлімшесі немесе салық салуға байланысты объектілері бар акциз төлеушілердің Салық кодексінің 9-бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырған операциялар бойынша немесе салық салуға байланысты объектілер бойынша спиртке, алкоголь өнімдеріне, бензинге (авиациялықтан басқа), дизель отынына акциз сомаларын есептеуіне арналған акциз салық есептілігін (есебін) (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін айқындайды.
2. Есеп есептің (421.00-нысан) өзінен және салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (421.01-ден 421.04-ке дейінгі нысандар) тұрады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Есепке қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін есептегі жолдар толтырылған кезде міндетті түрде жасалады.
6. Есепке қосымшаларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған кезде олар жасалмайды.
7. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшалардың осыған ұқсас парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=»– тең.
9. Сомалардың теріс мәндері тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.
10. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
11. Есепке Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
12. Есепті табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен төлеушіге қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
2. Есепті жасау (421.00-нысаны)
14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) нөмірі;
2) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН;
3) акциздерді есептеу:
егер акциздерді есептеу салық салуға байланысты объектілері үшін жүзеге асырылған жағдайда А торкөзі белгіленеді;
егер акциздерді есептеу құрылымдық бөлімшелер үшін жүзеге асырылған жағдайда В торкөзі белгіленеді;
егер акциздерді есептеу құрылымдық бөлімшенің салық салуға байланысты объектілері үшін жүзеге асырылған жағдайда С торкөзі белгіленеді;
4) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы;
5) мемлекеттік кірістер органының коды:
А жолында салық салуға байланысты объектінің тіркеу есебі орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;
В жолында заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тіркеу есебі орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;
6) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (айы, жылы) – есеп берілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
7) есептің түрі.
Тиісті торкөздер есепті Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу есебімен белгіленеді;
8) хабарламаның нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген есеп түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;
9) салық төлеушінің санаты.
Егер төлеуші А жолында көрсетілген санатқа жатқызылған жағдайда торкөзге белгі жасалады;
10) валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
11) табыс етілген қосымшалар.
Табыс етілген қосымшалардың торкөздері белгіленеді.
15. «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есептелді» деген бөлімде:
1) 421.00.001 жолында меншікті өндірісінің спирті және (немесе) шарап материалы бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 421.01.002 – 421.01.004 жолдарында көрсетілген сома көшіріледі;
2) 421.00.002 жолында алкоголь өнімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім және (немесе) конкурстық массаны өткізу, алкоголь өнімі бойынша есептелген акциздің сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 421.02-нысаны F бағанының 00000001 жиынтық жолында көрсетілген сома көшіріледі;
3) 421.00.003 жолында 421.00.001-ден 421.00.002-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объекті үшін есептелген жалпы акциз сомасы көрсетіледі;
4) 421.00.004 жолында алкоголь өнімі бойынша салықтан шегеру сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 421.03-нысаны Е бағанының 00000001 жиынтық жолында көрсетілген сома көшіріледі;
5) 421.00.005 жолында 421.00.003 және 421.00.004 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын алкоголь өнімі бойынша есептелген акциздің жалпы сомасы көрсетіледі;
6) 421.00.006 жолында бензин (авиациалықтан басқа) және (немесе) дизель отыны бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 421.04.003 С және 421.04.006 С жолдарында көрсетілген сома көшіріледі;
7) 421.00.007 жолында бензин (авиациалықтан басқа) және (немесе) дизель отыны бойынша салықтан шегеру сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 421.04.007 С жолында көрсетілген жиынтық сомасы көшіріледі;
8) 421.00.008 жолында бензин (авиациалықтан басқа) және (немесе) дизель отыны бойынша есептелген акциздің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 421.04.008 В жолында көрсетілген жиынтық сомасы көшіріледі.
16. «Акциз салудан босатылған акцизделетін тауарлар» деген бөлімде:
-
421.00.009 А жолында құрылымдық бөлімше өткізген Салық кодексінің 281-бабы 3-тармағына сәйкес акциздерден босатылған акцизделетін тауарлардың көлемі, сондай-ақ Салық кодексінің 285-бабы 1-тармағына сәйкес төтенше оқиғалар салдарынан акцизделетін тауарлардың бүлінген, жоғалған кездегі көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 I А жолында өткізілген спирттің көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 II А жолында өткізілген арақтың және айрықша арақтың көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 III А жолында өткізілген ликер-арақ өнімдерінің көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 IV А жолында өткізілген шараптың көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 V А жолында өткізілген коньяктың көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 VI А жолында өткізілген бренди көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 VII А жолында өткізілген сыра көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 VIII А жолында өткізілген шарап материалының көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 IХ А жолында өткізілген бензиннің (авиациялықтан басқа) көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 Х А жолында өткізілген дизель отынының көлемі көрсетіледі;
-
421.00.009 ХI А жолында өткізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы құрамында спирт бар өнімнің (бальзамдардан басқа) көлемі көрсетіледі.
-
421.00.009 В жолында құрылымдық бөлімше өткізген Салық кодексінің 281-бабы 3-тармағына сәйкес акциздерден босатылған акцизделетін тауарлардың құны, сондай-ақ Салық кодексінің 285-бабы 1-тармағына сәйкес төтенше оқиғалар салдарынан акциздер салудан босатылған бүлінген, жоғалған акцизделетін тауарлардың құны көрсетіледі. Бұл жол 421.00.009 I В, 421.00.009 II В, 421.00.009 III В, 421.00.009 IV В, 421.00.009 V В, 421.00.009 VI В, 421.00.009 VII В, 421.00.009 VIII В, 421.00.009 IХ В, 421.00.009 Х В жолдарын қамтиды;
-
421.00.009 I В жолында өткізілген спирттің құны көрсетіледі;
-
421.00.009 II В жолында өткізілген арақтың және айрықша арақтың құны көрсетіледі;
-
421.00.009III В жолында өткізілген ликер-арақ өнімдерінің құны көрсетіледі;
-
421.00.009IV В жолында өткізілген шараптың құны көрсетіледі;
-
421.00.009 V В жолында өткізілген коньяктың құны көрсетіледі;
-
421.00.009 VI В жолында өткізілген бренди құны көрсетіледі;
-
421.00.009 VII В жолында өткізілген сыра құны көрсетіледі;
-
421.00.009 VIII В жолында өткізілген шарап материалының құны көрсетіледі;
-
421.00.009 IХ В жолында өткізілген бензиннің (авиациялықтан басқа) құны көрсетіледі;
-
421.00.009 Х В жолында өткізілген дизель отынының құны көрсетіледі;
-
421.00.009 ХI В жолында өткізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы құрамында спирт бар өнімнің (бальзамдардан басқа) құны көрсетіледі.
17. Өткізілген акцизделетін тауар көлемі салық базасына сәйкес айқындалады.
18. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:
1) «Басшының Т.А.Ә.» жолында басшының құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
Егер есепті жеке тұлға табыс еткен кезде «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» жолында салық төлеушінің жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
2) есептің тапсырылған күні.
Мемлекеттік кірістер органына есептің тапсырылған күні көрсетіледі;
3) «Есепті қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
4) құрылымдық бөлімшенің немесе салық салуға байланысты объектінің тіркеу орны бойынша есептің қабылданған күні.
Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес есептің табыс етілген күні көрсетіледі;
5) құжаттың кіріс нөмірі.
Мемлекеттік кірістер органы беретін есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
6) мемлекеттік кірістер органының коды.
Төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;
7) пошта штемпелінің күні.
Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
3. Спирт және (немесе) шарап материалы бойынша салық
салынатын операциялар - 421.01-нысанын жасау
19. Бұл нысан меншікті өндірісінің спирті және (немесе) шарап материалы бойынша салық салынатын операциялар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
20. «Спирт бойынша акциз сомасы» деген бөлімде:
1) А бағанында салық базасы көрсетіледі (литр);
2) В бағанында акциз ставкасы көрсетіледі;
3) С бағанында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасы көрсетіледі;
4) 421.01.001 I жолы алкоголь өнімдерін өндіру үшін тиеп-жөнелтілген меншікті өндірісінің спирті бойынша акциздің есептелуі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған;
5) 421.01.001 II жолында алкоголь өнімдерін өндіру үшін емес тиеп-жөнелтілген меншікті өндірісінің спирті бойынша акциздің есептелуі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған;
6) 421.01.002 жолы С бағанының 421.01.001 I және С бағанының 421.01.001 II жолдарының сомалары ретінде айқындалатын спирт бойынша есептелген акциздің қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
21. «Шарап материалы бойынша акциз сомасы» деген бөлімде:
1) А бағанында салық базасы көрсетіледі (литр);
2) В бағанында акциз ставкасы көрсетіледі;
3) С бағанында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасы көрсетіледі;
4) 421.01.003 I жолы алкоголь өнімдерін өндіру үшін тиеп-жөнелтілген меншікті өндірісінің шарап материалы бойынша акциздің есептелуі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған;
5) 421.01.003 II жолы алкоголь өнімдерін өндіру үшін емес тиеп-жөнелтілген меншікті өндірісінің шарап материалы бойынша акциздің есептелуі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған;
6) 421.01.004 жолы С бағанының 421.01.003 I және С бағанының 421.01.003 II жолдарының сомасы ретінде айқындалған шарап материалы бойынша есептелген акциздің қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
22. 421.01.002 және 421.01.004 жолдарының сомасы 421.00.001 жолына көшіріледі.
4. Алкоголь өнімі, спирт және (немесе) алкоголь өнімінің
конкурстық массасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім бойынша салық салынатын операциялар
- 421.02-нысанын жасау
23. Бұл нысан есепті салық кезеңінде алкоголь өнмінің спирттің, алкоголь өнімін өндіру үшін нақты пайдаланылған шикізат үшін төленген және Салық кодексінің 291-бабына сәйкес шегерімге жататын акциз сомаларын есептеуге арналған.
24. «Акциз сомасы» деген бөлімде:
1) А бағанында 00000001 жолынан басталатын жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында түр-түрлері қимасында көрсетілмей, өнім түрлері көрсетіледі;
3) С бағанында тиісті бюджет сыныптауышының коды көрсетіледі.
Бір бюджет сыныптауышының кодына бір жол сәйкес келеді;
4) D бағанында алкоголь өнімінің көрсетілген түрі бойынша салық базасы көрсетіледі;
5) Е бағанында акциз ставкасы көрсетіледі;
6) F бағанында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасы көрсетіледі;
7) F бағанының 00000001 жолында F бағаны бойынша жиынтық сома көрсетіледі.
Осы нысанның F бағанының 00000001 жолының жиынтық сомасы 421.00.002 жолына көшіріледі.
25. Арақ, ликер-арақ өнімдері, коньяк, бренди үшін салық базасы болып 100 пайыздық спирті литр қаралады, алкоголь өнімдерінің басқа түрлері бойынша литрде көрсетіледі.
5. Алкоголь өнімдері бойынша салықтан шегерім –
421.03-нысанын жасау
26. Бұл нысан есепті салық кезеңінде алкоголь өнімінің өндірісі үшін нақты пайдаланылған және Салық кодексінің 291-бабына сәйкес шегерімге жататын шикізат үшін төленген акциз сомасын есептеуге арналған.
27. «Шегерім сомасы» деген бөлімде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында бюджет сыныптауышының коды көрсетіледі;
3) С бағанында есепті салық кезеңінде алкоголь өнімінің өндірісіне пайдаланылған шикізаттың көлемі (литр) көрсетіледі. Акцизделетін тауар шикізатының пайдаланылған көлемі салық базасына сәйкес айқындалады;
4) D бағанында акциз ставкасы көрсетіледі;
5) Е бағанында шегерімге жататын акциз сомасы көрсетіледі.
6) Е бағанының 00000001 жолында Е бағаны бойынша жиынтық сома көрсетіледі.
Осы нысанның Е бағанының 00000001 жолының жиынтық сомасы 421.00.004 жолына көшіріледі.
6. Бензин (авиациялықтан басқа) және (немесе) дизель отыны бойынша салық салынатын оперциялар –
421.04-нысанын жасау
28. «Құрылымдық бөлімшемен немесе салық салуға байланысты объектілермен жүзеге асырылатын бензин (авиациялықтан басқа) бойынша операциялар» бөлімі бензин (авиациялықтан басқа) бойынша салық кезеңінің ішінде құрылымдық бөлімшемен немесе салық салуға байланысты объектілермен жүзеге асырылған салық салынатын операциялар туралы ақпаратты көрсетуге арналған:
1) А бағанында салық салынатын операциялар бойынша салық базасының мөлшері көрсетіледі. Салық базасы тоннада көрсетіледі;
2) В бағанында акциз ставкасы көрсетіледі;
3) С бағанында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын операциялар бойынша акциздің сомасы көрсетіледі;
4) 421.04.01 жолында 421.04.001 I-ден 421.04.001 IV-ке дейінгі жолдары сомасы ретінде айқындалатын көтерме сауда саласында өткізілген бензин бойынша мәліметтер көрсетіледі;
5) 421.04.001 I жолында құрылымдық бөлімшелер өндірген немесе салық салуға байланысты объектілер өндірген бензинді көтерме саудада сату бойынша мәліметтер көрсетіледі;
6) 421.04.001 ІІ жолында бас ұйымнан немесе жеткізушіден алынған бензинді көтерме өткізу бойынша мәліметтер көрсетіледі;
7) 421.04.001 ІІІ жолында тәркіленген және (немесе) иесіз, мемлекетке мұралау құқығы бойынша өткен және мемлекет меншігіне тегін берілген бензиннің конкурстық массасын көтерме саудада өткізу бойынша мәліметтер көрсетіледі;
8) 421.04.001 IV жолында лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды жылжыту бойынша мәліметтер көрсетіледі;
9) 421.04.002 жолында 421.04.002 I-ден 421.04.002 VI-ға дейінгі жолдардың сомалары ретінде айқындалатын бөлшек сауда саласында өткізілген бензин бойынша мәліметтер көрсетіледі;
10) 421.04.002 I жолында құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер өндірген бензинді бөлшек саудада сату бойынша мәліметтер көрсетіледі;
11) 421.04.002 ІІ жолында бас ұйымнан немесе жеткізушіден алынған бензинді бөлшек саудада сату бойынша мәліметтер көрсетіледі;
12) 421.04.002 ІІІ жолында тәркіленген және (немесе) иесіз, мемлекетке мұралау құқығы бойынша өткен және мемлекет меншігіне тегін берілген бензиннің конкурстық массасын бөлшек саудада сату бойынша мәліметтер көрсетіледі;
13) 421.04.002 ІV жолында оның бүліну немесе жоғалу фактісі анықталған бензин бойынша мәліметтер көрсетіледі;
14) 421.04.002 V жолында өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдаланылған меншікті өндірісінің бензині бойынша мәліметтер көрсетіледі;
15) 421.04.002 VІ жолында бас ұйымнан немесе жеткізушіден алынған және өз өндірісінің қажеттілігіне пайдаланылған бензин бойынша мәліметтер көрсетіледі;
16) 421.04.003 жолы 421.04.001, 421.04.002 жолдарында көрсетілген салық салынатын операциялар бойынша салық базасының жалпы мөлшерін, сондай-ақ осы 421.04.001 және 421.04.002 жолдарынының сомалары ретінде айқындалатын операциялар бойынша есептелген акциздің жиынтық сомасын айқындауға арналған.
29. «Құрылымдық бөлімшемен немесе салық салуға байланысты объектілермен жүзеге асырылатын дизель отыны бойынша операциялар» деген бөлімде дизель отыны бойынша есепті салық кезеңінің ішінде құрылымдық бөлімшемен немесе салық салуға байланысты объектілермен жасалған салық салынатын операциялар туралы ақпаратты көрсетуге арналған:
1) А бағанында салық салынатын операциялар бойынша салық базасының мөлшері көрсетіледі. Салық базасы тоннада көрсетіледі;
2) В бағанында акциз ставкасы көрсетіледі;
3) С бағанында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын операциялар бойынша акциздің сомасы көрсетіледі;
4) 421.04.004 жолында 421.04.004 I бастап 421.04.004 IV дейінгі жолдардың сомалары ретінде айқындалатын көтерме сауда саласында сатылған дизель отыны бойынша мәліметтер көрсетіледі;
5) 421.04.004 І жолында құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер өндірген дизель отынын көтерме саудада өткізу бойынша мәліметтер көрсетіледі;
6) 421.04.004 ІІ жолында бас ұйымнан немесе жеткізушіден алынған дизель отынын көтерме саудада өткізу бойынша мәліметтер көрсетіледі;
7) 421.04.004 ІІІ жолында тәркіленген және (немесе) иесіз, мемлекетке мұралау құқығы бойынша өткен және мемлекет меншігіне тегін берілген дизель отынының конкурстық массасын көтерме саудада өткізу бойынша мәліметтер көрсетіледі;
8) 421.04.004 IV жолында лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды жылжыту бойынша мәліметтер көрсетіледі;
9) 421.04.005 жолында 421.04.005 I-ден 421.04.005 VI-ға дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын бөлшек сауда саласында өткізілген дизель отыны бойынша мәліметтер көрсетіледі;
10) 421.04.005 I жолында құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер өндірген дизель отынын бөлшек саудада сату бойынша мәліметтер көрсетіледі;
11) 421.04.005 ІІ жолында бас ұйымнан немесе жеткізушіден алынған дизель отынын бөлшек саудада сату бойынша мәліметтер көрсетіледі;
12) 421.04.005 ІІІ жолында тәркіленген және (немесе) иесіз, мемлекетке мұралау құқығы бойынша өткен және мемлекет меншігіне тегін берілген дизель отынының конкурстық массасын бөлшек саудада сату бойынша мәліметтер көрсетіледі;
13) 421.04.005 ІV жолында ол бойынша бүліну немесе жоғалу фактісі анықталған дизель отыны бойынша мәліметтер көрсетіледі;
14) 421.04.005 V жолында өзінің өндірісінің қажеттілігіне пайдаланылған меншікті өндірісінің дизель отыны бойынша мәліметтер көрсетіледі;
15) 421.04.005 VІ жолында бас ұйымнан немесе жеткізушіден алынған және өз өндірісінің қажеттілігіне пайдаланылған дизель отыны бойынша мәліметтер көрсетіледі;
16) 421.04.006 жолы 421.04.004, 421.04.005 жолдарында көрсетілген салық салынатын операциялар бойынша салық базасының жалпы мөлшерін, сондай-ақ осы 421.04.004 және 421.04.005 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын операциялар бойынша есептелген акциздің жиынтық сомасын айқындауға арналған.
30. «Шегерімдер» деген бөлімде шегерімге жатқызылатын, сондай-ақ бюджет сыныптауышының кодтары қимасында акциздер сомаларын егжей-тегжейлі көрсетуге арналған:
1) 421.04.07 жолында шегерімнің жиынтық сомасы көрсетіледі;
2) А бағанында бюджет сыныптауышының коды көрсетіледі. Бір бюджет сыныптауышының кодына бір жол сәйкес келеді;
3) В бағанында акцизделетін тауардың көлемі (тоннада) көрсетіледі;
4) С бағанында есепті ай үшін акциз бойынша шегерім сомасы көрсетіледі.
31. «Акцизді есептеу» деген бөлімде 421.04.007 жолында көрсетілген шегерімдер кемітілген акциздердің есептелген жиынтық сомасын, сондай-ақ бюджет сыныптауышының кодтарының қимасында егжей-тегжейлі көрсетуге арналған:
1) 421.04.008 жолында есептелген акциздің жиынтық сомасы көрсетіледі;
2) А бағанында бюджет сыныптауышының коды көрсетіледі. Бір бюджет сыныптауышының кодына бір жол сәйкес келеді;
3) В бағанында есепті ай үшін есептелген акциз сомасы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |