Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы №213-i қазақстан Республикасының Заңы



бет1/5
Дата23.02.2016
өлшемі358.5 Kb.
#6581
  1   2   3   4   5

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР 24.03.98 Ж. № 213-I ЗАҢЫ

Дата: 23.12.2015 14:52:01


Нормативтiк құқықтық актiлер туралы
1998 ж. 24 наурыздағы № 213-I Қазақстан Республикасының Заңы

(2015.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңын қараңыз (2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

I-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 6 баптар)

2-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау

(7 - 12 баптар)

3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеу және ресiмдеу

(13 - 21 баптар)

4-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама

(22 - 24 баптар)

5-тарау. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мен оны күшіне енгізу тәртібі

(25 - 29-1-баптар)

6-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жариялау

(30 - 35 баптар)

7-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы

(36 - 43-2-баптар)

8-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру

(44 - 45 баптар)

9-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру мен есепке алу

(46 - 48 баптар)

 

 

 

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

I-тарау. Жалпы ережелер



 

ҚР 06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 81-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт;



1-1) заң техникасы - нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;

2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;

3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;

4) заңнама - белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң;

6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;

7) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі - нормативтік құқықтық актілердің реквизиттерін және осы актілер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесі;

8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, баспа және электрондық-цифрлық нысандағы нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерімен және толықтыруларымен бірге) жиынтығы, олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледі;

9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;



10) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы;

11) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;

11-1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі - мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі және деректемелері қамтылған жазбаша түрдегі тізбе;



12) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау;

12-1) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Респуб ликасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі;

13) нормативтік құқықтық актінің деңгейі - нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны;

14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкес келетін графикалық форматта жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;

15) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, олардың ведомстволары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);



16) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.

 

06.03.02 ж. № 298-II ҚР Заңымен ;16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) ; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді



2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады , бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.

2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртібін реттемейді.

3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшін жою тәртібі реттелмейді.

4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бірақ осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында келтірілген талаптарға сай келмейтін және құқықты іске асыру және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда:

1) мемлекеттік емес ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілерін;

2) уәкілетті орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін;

3) 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген нормативтік актілер құқық нормаларын қамтымауға тиіс.

 

06.03.02 ж. № 298-II Заңымен; 16.06.04 ж. № 566-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III Заңымен (бұр. ред .қара) ; 2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді



3-бап. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері

1. Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.

2. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;

7-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



7-2) құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

3. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) 2008.04.12. № 97-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-ІV ҚР Заңымен  1-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



1-3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-4) тармақша жаңа редакцияда



1-4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-5) 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;



3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.

Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.

4. Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады.

4-1. Орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғай алмайды.

5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.

6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.

 

16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды ; 2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-1- бап өзгертілді



3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерімен реттелетін қоғамдық қатынастар

Қазақстан Республикасының кодекстері:

1) бюджеттік;

2) азаматтық;

3) азаматтық іс жүргізу;

4) неке-отбасы;

5) экологиялық;

6) су;


7) жер;

8) орман;

9) салық;

10) кеден;

11) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) еңбек;

13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;

14) әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты;

15) қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты;

16) қылмыстық іс жүргізу ;

17) денсаулық сақтау саласы сияқты бір тектес аса маңызды қоғамдық қатынас тар ды реттеу мақсатында қабылданады.

 

17.10.01 ж. № 248-II; 06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді; 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді



4-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.

2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар:

2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары;

2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстері;

3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;

4) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

7) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтiк қаулылары;

7-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



7-2) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

3. Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.

4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.

5. Әкімшілік-аумақтық бөліністер мәслихаттарының нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерінің сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң актілерімен белгіленеді.

6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келуге тиіс емес.

 

2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен 5- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



5-бап. Нормативтік құқықтық актілердің тікелей қолданылуы

1. Егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.

2. Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.

3. Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

 

ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен 6-бап жаңа редакцияда




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет