Қабылданатын заң жобасының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт
1. Жалпы ақпарат:
-
Әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
1.2. Заң жобасының атауы: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы»
1.3. Заң жобасының мақсаты:
Заң жобаны қабылдау мақсаты:
-
халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау деңгейін инфляция жағдайларына қарай арттыру, олар алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін өмір сүру құнының өзгеруіне байланысты белгілеу;
-
әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету, мүгедектерді және асыраушысына айырылған отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
1.4. Құқықтық реттеу нысанасы:
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алушыларды әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар заң жобасын реттеу нысанасы болып табылады.
1.5. Заңнама саласы:
Мемлекеттiк және қоғамдық құрылыс туралы заңнама / Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi
Әлеуметтiк қамсыздандыру / Зейнетақылар / Мемлекеттiк жәрдемақылар / Әлеуметтік көмек туралы заңнама
Қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп туралы заңнама / Әскери қызметшiлерді әлеуметтiк қорғау
1.6. Заң жобасының түрі:
Заң жобасының түрі
|
Саны
|
Сипаттамасы
|
Дербес
|
-
|
|
Өзгерістер мен толықтырулар енгізеді
|
15
|
Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізіледі:
1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсан Заңы
2. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы
3. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы
4. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілде Заңы
5. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы
6. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңы
|
Өзгерістер енгізеді
|
15
|
Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізіледі :

Толықтырулар енгізеді
|
0
|
-
|
Басқа заңды жоюға қояды
|
0
|
-
|
1.7. Заң жобасының қолданысы:
Заң жобасының қолданысы
|
Сипаттамасы
|
уақыт бойынша:
|
2014 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі
|
кеңістікте:
|
Қазақстан Республиканың бүкіл аумағында қолданылады.
|
тұлғалар бойынша (нысаналы топ):
|
Заң жобасы Қазақстан Республикасы азаматтарына және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, заңды тұлғаларға (резидент және резидент емес) қолданылады
|
1.8. Заң жобасының заңнама мен экономиканың аралас салаларымен сәйкестігі:
Аралас салалар
|
Сәйкестігін сипаттау
|
Заңнаманың аралас салалары
|
Мемлекеттiк және қоғамдық құрылыс туралы заңнама / Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi
Әлеуметтiк қамсыздандыру / Зейнетақылар / Мемлекеттiк жәрдемақылар / Әлеуметтік көмек туралы заңнама
Қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі туралы заңнама / Әскери қызметшiлерді әлеуметтiк қорғау
|
1.9. Заң жобалары нормаларының ақпараттылық коэффициенті:
Нормалар
|
Қолданыстағы редакция (бар болса)
|
Ұсынылатын редакция
|
Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім)
|
Nжаңа (жаңа ақпараты бар нормалардың саны)
|
Заң жобасына салыстырмалы кестесіне қараңыз
|
Заң жобасына салыстырмалы кестеге қараңыз
|
1
|
Nжалп. (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны)
|
Заң жобасына салыстырмалы кестесіне қараңыз
|
Заң жобасына салыстырмалы кестеге қараңыз
|
15
|
Кақп. (нормалардың ақпараттылық коэффициенті) (сандық сипаттамасы)
|
Заң жобасына салыстырмалы кестесіне қараңыз
|
Заң жобасына салыстырмалы кестеге қараңыз
|
0,067
|
Тұжырым (сапалық сипаттамасы)
|
Заң жобасы көрсеткіштердің (айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі күнкөріс деңгейі және т.б.) еселігін арттыру жолымен әлеуметтік төлемдердің, зейнетақылардың, жәрдемақылардың заңнамамен белгіленген мөлшерлерін көбейтуге бағытталған.
Бұдан басқа, егер жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, аталған қалдықты жерлеуге арналған біржолғы төлем сомасына қосуды көздейтін жаңа норма енгізіледі.
Осылайша, заң жобасын қабылдау мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, зейнетақыларды, жәрдемақыларды алушылардың әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
|
1.10. Заң жобалары нормаларының белгісіздік коэффициенті::
Нормалар
|
Қолданыстағы редакция (бар болса)
|
Ұсынылатын редакция
|
Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім)
|
Nдис.(коррупциогенді нормалар саны, сондай-ақ реттелмеген диспозициялары бар нормалардың саны)
|
-
|
-
|
0
|
Nанық тұж. (анық емес тұжырымдалған нормалардың саны)
|
-
|
-
|
0
|
Nтерм. (терминдер мен анықтамалары бар нормалардың саны)
|
-
|
|
0
|
Nсілт. (басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемелері бар нормалардың саны немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті нормалардың жоқтығы)
|
1. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында
1) 6-бабының 3-тармағы.
«3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа жеткен кезде осы заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе зейнетақы заңдарына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлеуді тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.»;
2) 7-бабының 3 абзацы:
«Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.».
2. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында:
15-бабының 5-тармағында:
«5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң, әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдары қызметкерлерiнiң және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдардың және көрсеткiштердiң № 1 тiзiмi бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерi бойынша жеңiлдiктi шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдерi мөлшерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетін айлық есептiк көрсеткiштiң 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспайды.»

3
|
Nөзге. (әр түрлі түсіндірілетін сөздер мен фразалары бар нормалардың саны)
|
-
|
-
|
0
|
Nжалп. (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны)
|
Заң жобасының барлық баптарың сомасы
|
15
|
Kбелг. (нормалар белгісіздігінің коэффициенті) (сандық сипаттамасы)
|
Kбелг.= (Nдис.+Nанық тұж. + Nтерм. + Nсілт. + Nөзге.)/ N формулаға сәйкес нормалар белгісіздігінің коэффициентін есептеуге болады. Ол (0+0+0+3+0+0)/15=0,2 тең болады
|
0,2
|
Тұжырым (сапалық сипаттамасы)
|
Белгісіз нормаларға жататын баптардың жалпы саны 3-ке тең. Яғни, аталған заң жобасында сілтемелік нормалардың саны 3-ке тең. Заң жобасында жемқорлыққа әкелетін нормалар, анық емес тұжырымдамалар, белгісіз терминдер, әртүрлі түсіндірілетін сөздер мен сөз орамдары қамтылған нормалар жоқ.
Осылайша, белгісіздік коэффициенті 0,2-ге тең, олар мынадай факторларға байланысты:
1) қолданыстағы заңнамамен және заң жобасы мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа жеткен кезде «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы алу немесе зейнетақы заңдарына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлеуді тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі;
2) сондай-ақ, қолданыстағы заңнамада және заң жобасында мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны төлеу тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді деп көзделген (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы);
3) заң жобасы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдары қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспайтыны жөнінде нормаларын көздейді.
|
2. Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі:
Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары
|
Заң жобасының мақсаты
|
Сәйкестікті сипаттау
|
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген отырысында жылдың басында бағаның артуына байланысты 2014 жылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 12%-ға дейін, зейнетақы төлемдердің мөлшерін 14%-ға дейін жеткізу жөнінде Үкіметке тапсырма берді
|
халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау деңгейін инфляция жағдайларына қарай арттыру, олар алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін өмір сүру құнының өзгеруіне байланысты белгілеу, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету, мүгедектерді және асыраушысына айырылған отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру
|
Заң жобасын қабылдау мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар, зейнетақылар, жәрдемақылар алушыларды әлеуметтік қорғау деңгейін арттырады
|
3. Әлеуметтік-экономикалық салдар:
Заң жобасының стратегиялық мақсаты:
1) инфляция жағдайларына қарай халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру;
2) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету, мүгедектерді және асыраушысына айырылған отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру
|
Міндеттері
|
Міндеттердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
|
Нәтижелер
|
Нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
|
Нәтижелерге қол жеткізуге қажетті іс-қимылдар мен ресурстар
|
Нәтижелер бойынша тәуекелдер мен жорамалдар
|
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау деңгейін инфляция жағдайларына қарай арттыру, олар алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін өмір сүру құнының өзгеруіне байланысты белгілеу;
|
Белгіленген
әлеуметтік төлемдердiң, жәрдемақылардың мөлшерiн есептеу тәртiбiн белгілейтін, олардың мөлшерін арттыруға мүмкіндік беретін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу
|
Зейнетақы төлемдерінің,
әлеуметтік төлемдердің және , жәрдемақылардың мөлшерін көбейту
|
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру
|
Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу
Енгізілген өзгерістер бойынша ақпаратты БАҚ-та орналыстыру арқылы түсіндіру жұмыс
|
Қаржылық білімнің жеткіліксіздігі: халықтың
мемлекет көрсететін әлеуметтік көмек туралы хабардарлығының төмендігі
|
Тұжырым:
Заң жобасын қабылдауы заң жобасының стратегиялық мақсаттарын:
1) зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерінің мөлшелерін арттыру
2) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету, мүгедектерді және асыраушысына айырылған отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру
|
Ақпарат көзі: ҚР Заңдары: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», Қазақстан Республикасының заңнамасы салаларының жiктемесi (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 26 желтоқсан N 1378), Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға 25 тамыздағы N 819 Қаулысы), Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 Тізімін және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 2 Тізімін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1930 Қаулысы)
|
4. Пайда мен шығасыны талдау:
Талдаудың деңгейі:
|
Пайда
|
Шығасы
|
Нысаналы топ
|
Зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін, жәрдемақы мөлшерін арттыру
|
жоқ
|
Мемлекет
|
Елде халыққа қолайлы жағдайлар жасау, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
|
Әлеуметтік, зейнетақы төлемдерінің, жәрдемақы төлемдерінің мөлшелерін көбейтумен байланысты шығындар
|
5. Қаржыландыру көзі:
Қол жеткізу қаражаты
|
Болжамдалатын сома
|
Республикалық бюджет
|
51 257 741 мың теңге
|
6. Қорытындылар:
1) Реттеу қандай проблеманы шешуге бағытталған?
|
халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау деңгейін инфляция жағдайларына қарай арттыру, олар алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін өмір сүру құнының өзгеруіне байланысты белгілеу, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету, мүгедектерді және асыраушысына айырылған отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру
|
2) Заң жобасында көзделген іс-қимылдың болмауы неге алып келеді және тәуекелдер қандай?
|
инфляция деңгейінің көбеюіне байланысты өмір сүру құнының өзгеруі халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсер етеді
|
3) Осы саладағы реттеу тиімді ме? Тиімсіз болса, неліктен?
|
Тиімді. Заң жобасы халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау деңгейін инфляция жағдайларына қарай арттыруға, олар алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін өмір сүру құнының өзгеруіне байланысты белгілеуге бағытталған.
|
4) Қойылған міндетке қол жеткізу үшін қандай құралдарды пайдалануға болады?
|
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу
|
5) Қойылған мақсатқа қол жеткізудің қандай балама нұсқалары бар және олар неліктен таңдалмаған?
|
жоқ
|
6) Осындай реттеуге байланысты шығасылардан реттеуді енгізуден түсетін пайда артық па?
|
Барлық нысаналы топтары үшін пайдасы шығыстардан асып түседі
|
7) Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының қалай азаюы және/немесе ұлғаюы көзделеді?
|
Заң жобасын қолданысқа енгізу жеке кәсіпкерлік субъектілердің шығындарының азаюын және/немесе ұлғаюын көздемейді
|
8) Әр түрлі әлеуметтік топтар (нысаналы топтар) арасында шығасылар мен пайданы бөлу ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі?
|
Біртектес нысаналы топтарға – жеке және заңды тұлғаларға бірыңғай талаптар анықталған
|
9) Іске асыру үшін қандай органдар мен ұйымдар жауапты болады, тиімділікті бағалау қалайша және қандай мерзімде жүргізіледі?
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, басқа мемлекеттік органдар.
Орта мерзімдік кезеңде мақсаттарға қолжеткізілуін бағалауды Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау жүйесінің статистикасы мен көрсеткіштері бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асыратын болады
|
Қорытынды тұжырым: Заң жобасы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарға сәйкес келеді, оны іске асыру жалпы оң әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеледі, оның ішінде жалпы алғанда Қазақстан Республикасы халқының қаржылық жағдайының орнықтылығы мен тұрақтылығын сақтауға және арттыруға мүмкіндік береді.
|
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова
Жауапты адам: Таурбаева А.
Байланыс телефоны: 743486
Күні: 25.02.2014
Достарыңызбен бөлісу: |