61-бабының 3-тармағында белгіленген өз құзыретіне сәйкес айқындайды.
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасы жұмыстарын жоспарлау
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі заң жобасы жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын жасайды.
2. Жоспарлардың жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді.
3. Үкіметтің заң жобалаушылық жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілер дайындау жөніндегі тапсырмалары
Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалаушылық жұмыстары жоспарына сәйкес жоспарда аталған мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жоспарда көзделген мерзімде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға тапсырма береді.
12-бап. Орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының өзге орталық органдары құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшеліктерін осы органдардың әрқайсысы айқындайды.
3-тарау. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын
әзірлеу және ресімдеу
2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
13-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеушілер
1. Президент Әкімшілігі, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ олардың келісімі бойынша мемлекеттік емес ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына негізделген Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеушілер бола алады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына оның Әкімшілігі, Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар және азаматтар енгізе алады.
3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органдар өз бастамасымен немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.
4. Өзге де барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен адамдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізуге немесе мұндай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкілетті органдар оларды өздері әзірлейтін жобалар үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуін және жобалардың қабылдануын жөнсіз деп тануы мүмкін.
06.03.02 ж. N 298-II Заңымен ; 2005.21.10. № 81-III Заңымен ; (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III Заңымен ; (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеу тәртібі
1. Нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеуші уәкілетті орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының міндетін атқаратын өз бөлімшелерінің біріне тапсырады. Жобаны дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлімшесінің қызметкерлерінің қатысуы міндетті.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
2. Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларын, ал қажет болған жағдайда - басқа да уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға әр түрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкін.
3. Бір деңгейдегі уәкілетті органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін бірнеше уәкілетті орган әзірлеп, ал қажет болған жағдайда - қабылдауы мүмкін.
Бірнеше уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін осы Заңда көзделген тәртіппен олар бірлесіп әзірлейді, олар уәкілетті органдардың басшылары қол қоятын бірлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрінде қабылданады.
Бірлескен нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туында нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органдардың негізгі нормативтік құқықтық актілері арқылы бекітіліп, онда туынды актіні қабылдауға арқау болған негізгі нормативтік актілер көрсетіледі.
Заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 3-1 тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен заңнамалық актінің жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары заңнамалық актінің жобасын әзірлеуді, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, бір ай мерзімде жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалатын заңдар жобаларының әзірлеушілері Парламент депутаттары болып табылады.
Егер нормативтік құқықтық актілердің жалпыға міндетті маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсіпкерлік қызметті реттесе, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі олардың жобалары бойынша заң сараптамасын жүргізеді.
5. Егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт жобасын дайындауды өзіне бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлінген бюджеттік қаражат пен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындаушы шарттық негізде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, соның ішінде шетелдіктерге тапсырыс бере алады.
6. Уәкілетті орган балама жобалар дайындауды бірнеше мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзірлеуді шарттық негізде, оның ішінде конкурс бойынша бірнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға хақылы.
7. Егер Қазақстан Республикасы заң актісінің, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулысының әзірленіп жатқан жобасы нормаларының қолданылуын қамтамасыз ету үшін басқа нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болса, негізгі актінің жобасымен бір мезгілде актілердің өзгерістері мен толықтырулары көрсетілген жобалары дайындалуға немесе тиісті органдарға осындай актілер дайындау туралы тапсырма берілуге тиіс.
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін
қозғайтын нормативтік құқықтық актілердi
әзірлеудің және қабылдаудың ерекшеліктерi
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық қорытынды алу үшін сараптама кеңестері арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есеп нәтижелері қамтылуға тиіс.
3. Сараптамалық қорытынды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің ортақ пікірін білдіреді, ұсыныс сипатында болады және нормативтік құқықтық актінің жобасына оны мемлекеттік орган қабылдағанға дейін міндетті қосымша болып табылады.
4. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен ретте нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерін негіздеп, жауап жібереді.
5. Жеке кәсіпкердің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізудің мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалуы үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып белгіленуге тиіс.
Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізудің тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
6. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкердің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың міндетті шарты болып табылады.
2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Жеке кәсіпкердің мүддесіне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобалары оларды тиісті органда немесе Сараптама кеңесінің отырысында қарағанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.
2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу
1. Нормативтік құқықтық актінің дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда - оны дамыту үшін қабылданатын басқа да нормативтік құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса беріледі.
2. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті түрде келісілуге тиісті мемлекеттік органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді, бұған Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртібімен енгізетін заң актілерінің жобалары қосылмайды.
2-1. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңнамалық актілердің жобалары, қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер уәкілетті орган өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, – оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісілген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жоба бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы жобаны әзірлеген органға хабарлауға тиіс.
Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, сондай-ақ оның құзыретіндегі мәселелерге тікелей қатысты болуға, негізделген және толық болуға, жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.
4. Алынған ескертпелер бойынша жобаны қажет болған жағдайда оны әзірлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер, ескертпелердің қабылданбау себептері туралы анықтама жазады. Бұл анықтама нормативтік құқықтық акт жобасымен бірге жұмыс тобын құрған мемлекеттік органға беріледі.
5. Жұмыс тобын құрған мемлекеттік орган жобаға жұмыс тобымен бірлесіп талқылануға тиіс өзгерістер мен толықтырулар енгізуі немесе жобаны жұмыс тобына пысықтау үшін қайтарып беруі мүмкін.
ҚР 16.06.04 ж. N 566-II (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 81-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Нормативтік құқықтық актінің реквизиттері
Нормативтік құқықтық актілердің мынадай реквизиттері болуға тиіс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы;
2) актінің нысанына нұсқау; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы; Кодекс; Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы; Сенаттың қаулысы; Мәжілістің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; Министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттік органның қаулысы; мәслихаттың шешімі; әкімдіктің қаулысы; әкімнің шешімі; осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;
3) осы нормативтік құқықтық акт реттейтін істі білдіретін тақырып;
4) нормативтік құқықтық актінің қабылданған жері мен күні;
5) нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі;
6) тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілдік берілген адамның қолы;
7) нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнi мен нөмiрiн осылай тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық актілерде көрсету;
8) елтаңбалы мөр.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен ; 2005.21.10. № 81-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Нормативтік құқықтық актінің құрылымы
1. Нормативтік құқықтық актінің негізгі құрылымдық элементі құқық нормаларын қамтитын бап немесе тармақ болып табылады. Құқық нормалары баптар түрінде "бап" атауымен заң актілеріне енгізіледі. Қайсыбір нормативтік құқықтық актілер тармақтардан тұрады, олардың атауы "тармақ" деген сөзбен жазылмайды.
2. Көлемі едәуір нормативтік құқықтық актілердің мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға біріктірілуі мүмкін. Мазмұны жағынан жақын бірнеше тарау бөлімдерге, ал бөлімдер өз кезегінде нормативтік құқықтық актінің бөліктеріне біріктірілуі мүмкін.
3. Көлемі үлкен тарауларда нормативтік құқықтық актінің параграфтары және параграфтарының бөліктері бөліп көрсетілуі мүмкін, ал үлкен бөлімдерде осылайша бөлімшелер бөлінуі мүмкін.
4. Нормативтік құқықтық актінің баптары жекелеген құқық нормаларын қамтитын тармақтарға, ал тармақтар - тармақшаларға бөлінуі мүмкін. Баптардың, тармақтар мен тармақшалардың ішінде бөліктер-құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен бөлінген жекелеген нормалары болуы мүмкін.
Мәтіннің мағыналық жағынан тұтастығы бар, бірінші жолда азат жолмен бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.
Нормативтік құқықтық актінің баптары - жекелеген құқық нормалары бар тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлінуі мүмкін. Баптардың, тармақтардың және тармақшалардың ішінде абзацтар арқылы бөлінетін бөліктер болуы мүмкін.
Кодекстерде ішкі құрылымның басқа белгілері пайдаланылуы мүмкін.
4-1. Нормативтік құқықтық актілердің мәтінінде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгілермен белгілеуге, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін бөліп көрсетуге және олардың астын сызуға жол берілмейді.
5. Нормативтік құқықтық актінің әрбір бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлімдері мен бөліктері араб цифрларымен нөмірленеді. Баптардың (тармақтардың) нөмірленуі бүкіл нормативтік құқықтық актінің басынан аяғына дейін реттеліп жасалады. Нормативтік құқықтық актінің бөлімдері мен бөліктерінің нөмірленуі де дербес және басынан аяғына дейін реттеліп жасалады.
6. Баптың тармақтары мен тармақшаларының нөмірлері әрбір бап үшін дербес болады, ал негізгі құрылымдық элементі бап емес, тармақ болып табылатын нормативтік құқықтық актілерде әрбір тармақтың тармақшалары дербес нөмірленеді. Нормативтік құқықтық актінің әрбір тарауындағы параграфтардың нөмірлері мен әрбір бөліміндегі бөлімшелердің нөмірлері де аяғына дейін емес, дербес нөмірленеді.
7. Тармақтарда тармақшалардың нөмірлері жақшамен жабылған араб цифрларымен көрсетіледі.
8. Нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың мақсаты мен себептерін, оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсіндіру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын баяндаудың алдынан кіріспе бөлім (преамбула) беріледі.
9. Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда оған олардың мәнi түсiндiрiлетiн бап берiледi. Мемлекеттiк тiлдегi нормативтiк құқықтық актiде терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актіде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.
10. Пайдалануға ыңғайлы ету мақсатында нормативтік құқықтық актінің әрбір тарауының, оның бөлімінің, бөлігінің, сондай-ақ тараулардың параграфтары мен бөлімдері бөлімшелерінің тақырыптары болуға тиіс. Заң актілері баптарының да тақырыптары болуға тиіс.
Тараулары жоқ шағын заң актілері баптарының тақырыптары болмауы мүмкін.
11. Кодекстердің, ал уәкілетті орган мұны қажет деп тапқан жағдайларда басқа да нормативтік құқықтық актілердің қажетті құрылымдық элементі мазмұны болып табылады.
12. Нормативтік құқықтық актінің құрылымына қосымшалар енгізілуі мүмкін.
ҚР 12.03.04 ж. N 536-II Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Нормативтік құқықтық акті мәтінінің мазмұны мен жазылу стиліне қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу саласындағы міндеттері, функциялары мен құзыреті заңдарда мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша айқын ажыратылып белгіленуге тиіс.
2. Нормативтік құқықтық актінің мәтіні әдеби тіл нормалары мен заң терминологиясы сақтала отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттерді, метафораларды қолдануға, сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде мағыналық және құқықтық жүктемесі жоқ ережелер болмауға тиіс.Баптың (тармақтың) мәтіні басқа баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды.
19-бап. Нормативтік құқықтық актілерде басқа актілердің баптарына сілтеме жасау және актілерде басқа актілердің баптарын келтіру
Қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актіде өзге актілердің баптарына (тармақтарына) сілтемелер жасауға жол беріледі, сондай-ақ жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерден сол актілерге сілтеме жасала отырып, олардың жекелеген ережелері келтіріледі.
20-бап. Нормативтік құқықтық актілердің баптарында басқа баптарға сілтеме жасау
Нормативтік құқықтық актінің баптарында (тармақтары мен тармақшаларында) оның басқа баптарына (тармақтарына, тармақшаларына) сілтеме жасау құқықтық нормалардың өзара байланысын көрсету не қайталауға жол бермеу қажет болған жағдайларда қолданылады.
ҚР 16.06.04 ж. N 566-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 81-III Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу және оны Қазақстан Республикасының Парламентінен кері қайтарып алу
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі және ол Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде ғана іске асырылады. Нормативтік құқықтық актінің жобасы Мәжіліске мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қағазға түсiрiлiп және электронды жеткiзушiлер арқылы енгізіледі.
2. Жоба бойынша табыс етілетін материалдарда мынадай қосымшалар болуға тиіс:
1) жобаны дайындаған мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы;
2) жобаны қабылдаудың қажеттігі негізделіп, мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері кеңінен сипатталған түсіндірме жазба, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін – арнайы жолдау;
3) жұмыс тобы құрылатын жағдайда оның құрамы;
4) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы, бұған Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісу рәсімінен өтпеген реттегі жағдайлар қосылмайды;
5) ғылыми сараптама жүргізілген жағдайда оның қорытындысы және болған жағдайда, өзге де сараптамалық қорытындылар;
6) жобаның қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға тиіс заң актілерінің тізбесі және жобаны іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу туралы ұсыныстар;
7) егер жоба мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін болса, жобаға қаржы-экономикалық есептеулер, сондай-ақ әдетте, статистикалық мәліметтер қабылданатын нормативтік құқықтық актіні қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтік, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары қоса тіркеледі , бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары қосылмайды..
Қолданылып жүрген заңдарға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізілген жағдайда, енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемесiмен баптардың бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесі табыс етіледі.
2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі өздері заң шығару бастамасы тәртібімен әзірлеген заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінен оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы
4-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің
жобаларына ғылыми сараптама
06.03.02 ж. N 298-II ҚР Заңымен; 16.06.04 ж. N 566-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Ғылыми сараптаманың міндеттері
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң реттейтiн құқық қатынастарына қарай осы актiлердiң жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізілуі міндетті, бұған заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, онда ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.
1-1. Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
2. Сараптама:
1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылылығын, дұрыстығын жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау;
2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
3) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарларын анықтау үшін жүргізіледі.
23-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар
1. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын тиісті бейімді ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.
2. Жоба бойынша мамандықтары әр түрлі сарапшылардың кешенді сараптамасы немесе әр түрлі сараптаманың дербес түрлері, ал қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргізілуі мүмкін.
3. Сарапшылар ретінде жобаны дайындауға тікелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.
4. Сарапшылар ретінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін.
Жоба ғылыми сараптамадан өткізу үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамаға жіберу кезіндегі бастамашылық
1. Нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптама жүргізу туралы шешімді:
1) жобаны заң шығару бастамасы тәртібімен Мәжіліске енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) уәкілетті органның лауазымды адамдары немесе құрылымдық бөлімшелер, егер уәкілетті органның регламентімен немесе басқа заңдармен осы адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге мұндай құқық берілген болса, қабылдауы мүмкін.
2. Нормативтік құқықтық актінің жобасы шарттық негізде дайындалатын жағдайларда (осы Заңның 14-бабының 5-тармағы) жоба сараптамасы жобаға тапсырыс берушінің шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
5-тарау. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мен
оны күшіне енгізу тәртібі
06.03.02 ж. N 298-II; 16.06.04 ж. N 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілеу
1. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгіленеді.
2. Нормативтік құқықтық актілердің әр алуан түрлерін қабылдау тәртібінің ерекшеліктері сонымен қатар:
1) кодекстер үшін - осы Заңмен.
Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;
2) заңдар үшін - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламенті туралы, Қазақстан Республикасының Президенті туралы, референдум туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен, оның ішінде Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен;
2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актiлерiмен;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары үшін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президенті туралы заң актісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің осы тәртіпті реттейтін актілерімен;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкімет туралы заң актісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен;
5) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері үшін - Үкімет пен осы органдар туралы заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы органдардың қызметін реттейтін қаулыларымен;
6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы заң актілерімен;
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңдармен;
8) Орталық сайлау комиссиясының (Референдум өткізу жөніндегі комиссияның) нормативтік қаулылары үшін - сайлау және референдум туралы заң актілерімен;
8-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік шешімдері үшін - осы органдар туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен айқындалады.
3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi.
26-бап. Нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу тәртібі
1. Нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу тәртібі нормативтік құқықтық актінің өзінде белгіленуі мүмкін.
2. Заңдарды, оның ішінде кодекстерді күшіне енгізу тәртібі заңдардың (кодекстердің) өзіне немесе жеке заңдармен белгіленеді.
16.06.04 ж. N 566-II ҚР Заңымен 27-бап толықтырылды (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Жаңа нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілердің және олардың бөліктерінің күші жойылды деп тану, оларды өзгерту мен толықтыру
1. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты бұрын қабылданған барлық нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылуға, өзгертілуге немесе толықтырылуға тиіс.
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің де күші жойылды деп танылуға тиіс.
Бұл талап жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актіден төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерді іске асыру үшін қабылданған жекелеген нормалар алып тасталған жағдайларда да қолданылады.
2. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп танылуға тиісті актілер мен олардың бөліктерінің тізбесі не актінің өзінде, не оны күшіне енгізу тәртібі туралы актіде болуға тиіс.
3. Жаңа нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп танылуға, өзгертілуге немесе толықтырылуға тиісті және жаңа актімен бір деңгейдегі актілердің немесе олардың бөліктерінің (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуір (үш немесе одан да көп)болған жағдайда олардың тізбесі жеке актімен ресімделеді. Мұндай актінің жобасын негізгі актінің жобасын әзірлеушілер дайындап, сонымен бір мезгілде табыс етеді.
Бір ғана нормативтік құқықтық актіге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар бір тармақпен немесе тармақшамен көзделеді. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін актілердің тізбесіндегі барлық актілер, күші жойылды деп танылатын актілер тізбесіндегі сияқты олардың заңдық күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ олардың қабылданған (шығарылған) күні бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.
4. Жаңа нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп танылуға, өзгертілуге немесе толықтырылуға тиісті және жаңа актіден деңгейі неғұрлым төмен актілердің немесе олардың бөліктерінің (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуір (үш немесе одан да көп) болған жағдайда уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органға олардың актілерінің күші жойылды деп тану, оларды өзгерту мен толықтыру туралы актілер қабылдауды (шығаруды) олардың қабылдану (шығарылу) мерзімін көрсете отырып тапсырады.
Мұндай тапсырманың жобасын уәкілетті органға жаңа нормативтік құқықтық актінің жобасын енгізетін орган дайындайды.
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп танылған кезде, сонымен бiр мезгiлде осы актiге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлген барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң не олардың бөлiктерiнiң күшi жойылды деп танылады.
Егер нормативтік құқықтық актіде бұрын қабылданған актілердің күші жойылды деп тануды көздеген басқа нормативтік құқықтық актінің немесе оның бөлігінің күші жойылды деп танылған жағдайда, бұрын қабылданған актілер қолданысын қайта жаңғыртпайды.
6. Күшiне енгiзiлмеген нормативтiк құқықтық актiлердi күшi жойылды деп тануға болмайды. Қажет болған кезде мұндай нормативтiк құқықтық актiлер жойылуы мүмкiн.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен ; 2005.21.10. № 81-III Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. Қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің (бөліктерінің, бөлімдерінің, бөлімшелерінің, тарауларының, параграфтарының, баптарының, тармақтарының, тармақшаларының) күші жойылды деп танылған жағдайда мұндай бөліктері қолданылып жүрген актіден алып тасталады, бірақ олардың нөмірлері сақталады. Сақталған нөмірлерге актінің (немесе оның бөлігінің) күші жойылды деп тану туралы нормативтік актіге сілтеме қосып жазылады. Сақталып қалған құрылымдық бөліктердің нөмірлері өзгермейді.
1-1. Нормативтік құқықтық актіге дәл сол түрдегі соңғы құрылымдық бөліктен кейін енгізілетін жаңа құрылымдық бөліктерге кейінгі рет сандары беріледі.
2. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің арасына дәл сол түрдегі қосымша құрылымдық бөліктер енгізілген жағдайда олар актінің қай құрылымдық бөлігінен кейін келсе, сол құрылымдық бөлігінің нөміріне қосарласатын: 2-1-бөлім, 8-1-параграф, 26-1-бап, 4-1-тармақ және сол сияқты қосымша нөмірлермен енгізіледі.
Енгізілген құрылымдық бөліктің мәтінінен кейін оны енгізу туралы актіге жақша ішінде сілтеме жасалады. Басқа құрылымдық бөліктердің нөмірлері сақталады.
3. Қолданылып жүрген актінің құрылымдық бөлігінің мәтіні өзгерген жағдайда мұндай бөлік өзгертілген редакциясында қолданыла береді. Өзгертілген құрылымдық бөліктің мәтінінен кейін бұл бөліктің оны өзгерткен актінің редакциясында қолданылатынына сілтеме жасалады.
4. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігіне осы құрылымдық бөлік мәтіні мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.
Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін жаңа редакцияда ресімдеу кезінде сөз оның мәтінінің көлемін айқындау бірлігі болып табылады.
Бап пен тармақты қоспағанда, нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігін жаңа редакцияда ресімдеу кезінде жаңа редакцияда жазылатын құрылымдық элемент оның мәтінінің көлемін айқындау бірлігі болып табылады.
5. Нормативтiк құқықтық актінің мәтініне нормативтiк құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.
Нормативтік құқықтық актіні жаңа редакцияда ресімдеу кезінде оның құрылымдық элементі көлемді айқындау бірлігі болып табылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген заңдардың жобаларын қарау кезінде қолданылмайды.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілдік берілген адамдар
1. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндеріне мынадай лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңдарына, кодекстеріне, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, оның ішінде Конституциялық заң немесе Заң күші бар Жарлықтарына - Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулыларына Мәжілістің төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
4) мәслихаттың шешімдеріне - мәслихат сессиясының төрағасы;
5) әкімдіктің қаулыларына, әкімнің шешімдеріне - әкім;
6) өзге де нормативтік құқықтық актілерге - оны қабылдаған (шығарған) органның басшысы қол қояды.
2. Негізгі түрдегі нормативтік құқықтық акт арқылы нормативтік құқықтық актінің туынды түрін қабылдаған жағдайда (осы Заңның 3-бабының 4-тармағы) уәкілдік берілген адам негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актіге ғана қол қояды.
6-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жариялау
ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 30-бап жаңа редакцияда; 2005.21.10. № 81-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялаудың міндеттілігі
1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің кейіннен ресми жариялануының белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды әділет органдары жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде аталған, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.
3. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Заң актілерін ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Заң актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 32-бап жаңа редакцияда
32-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 33-бап жаңа редакцияда ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, сондай-ақ басқа да мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау
1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
35-бап. Нормативтік құқықтық актілердің мазмұны толық жарияламауға жол бермеу
Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын ресми түрде толық жарияламауға жол бермейді.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 35-1-баппен толықтырылды
35-1-бап. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау
1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік
жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
06.03.02 ж. N 298-II ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді ; 16.06.04 ж. N 566-II ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36-бап өзгертілді
36-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгiзу және қолданысқа енгізу уақыты
1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:
1) Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары оларды қабылдаған күннен бастап;
4) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе олар қабылданған күннен бастап;
5) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиісті, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және баптарының абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.
4. Бұрын жауапкершiлiкке әкеп соқпаған iс-әрекеттер үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгіленетiн нормативтiк құқықтық актiнi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
4-1. Біліктілік талаптарын, қызмет түрлерін лицензиялаудың ережелерін және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс жекелеген тауарлар тізбелерін бекітетін нормативтік құқықтық актілер осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.
5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күн болып есептеледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.
6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.
7. Республиканың мемлекеттiк құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.
8. Барлық нормативтік құқықтық актілерде осы баптың нормалары ескеріле отырып, оларды қолданысқа енгізу мерзімі көрсетілуге тиіс.
37-бап. Нормативтік құқықтық актінің кері күші
1. Нормативтік құқықтық актінің күші оны күшіне енгізгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылмайды.
2. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның бір бөлігінің кері күші оның өзінде немесе нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу туралы актіде көзделген, сондай-ақ кейінгісі бұрын көзделген құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелеріне кірмейді.
3. Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші болмайды.
06.03.02 ж. N 298-II Заңымен; 16.06.04 ж. N 566-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді
38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік
органдардың нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне
енгізілу шарты ретінде мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс. Мұндай тіркеу оларды күшіне енгізудің қажетті шарты болып табылады.
Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды және әділет органдарының шешіміне белгіленген тәртіппен шағым берілмесе, оларды шығарған органның өзі жоюға тиіс.
Нормативтік құқықтық актінің осы тармақта белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.
2. Егер мемлекеттік тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
2) жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе;
3) нормативтік құқықтық актіні шығарған органның құзыретіне шегінен шығып кетсе;
4) егер келісу қажет болып, келісілмесе;
5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу мен келісу тәртібін бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
3. Мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тартылуына сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
4. Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу және мемлекеттік тіркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
39-бап. Нормативтік құқықтық актінің қолданылу мерзімі
1. Егер актінің өзінде немесе оны күшіне енгізу туралы актіде өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық акт мерзімсіз қолданылады.
2. Бүкіл нормативтік құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлігі (жекелеген бөліктері) үшін уақытша қолданылу мерзімі белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда нормативтік құқықтық акт немесе оның бөлігі қандай мерзімде күшін сақтайтыны көрсетілуге тиіс. Актіні шығарған орган бұл мерзім өткенге дейін актінің қолданылуын жаңа мерзімге ұзарта алады немесе оған мерзімсіз сипат бере алады.
06.03.02 ж. N 298-II; 16.06.04 ж. N 566-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
1. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
2. Нормативтік құқықтық акт (оның бөлігі немесе бөліктері) мынадай жағдайларда:
1) акт немесе оның бөлігі (бөліктері) қабылданған мерзім біткенде;
2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актінің, оның бөліктерінің (бөлігінің) ережелері қайшы келетін немесе бұрын шығарылған актіні немесе оның бөлігін (бөліктерін) қамтитын жаңа нормативтік құқықтық акт қабылдағанда;
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген тәртіппен конституциялық емес деп танылғанда;
4) сол актіні қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкілдік берілген өзге де орган актінің немесе оның бөлігінің (бөліктерінің) күші жойылды деп танығанда өзінің қолданылуын тоқтатады.
3. Басқа нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актіні жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
41-бап. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістік жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкілетті органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің қолданылу күші, егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады.
2. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер тиісті аумақтарда қолданылады.
42-бап. Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар бойынша қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актілерінде және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдері мен мемлекеттік органдарының басқа да кейбір қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).
43-бап. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету шаралары
1. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығы мынадай шаралар арқылы:
1) нормативтік құқықтық актіні Конституция мен заңға сәйкес келтіру;
2) нормативтік құқықтық актінің қолданылуын белгіленген тәртіппен тоқтата тұру;
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілердің тұрақты мониторингін жүргізу;
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде заңдарға сәйкестігін тексеру арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі;
2) соттар;
3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары;
5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер жөнінен - мемлекеттік органдар.
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеуші болып табылатын заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілерге қатысты - заңнан туындайтын тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған және (немесе) оларды әзірлеушілер болып табылатын уәкілетті органдар.
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды
43-1-бап. Заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілердің
мониторингi
1. Уәкілетті органдар өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеуші болып табылатын заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқықтық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау үшін олардың тұрақты мониторингін жүзеге асыруға және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.
2. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітеді.
8-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді
44-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру реттері мен жағдайлары
1. Нормативтік құқықтық актілерде көмескіліктер мен әркелкі түсінушілік оларды қолдану тәжірибесінде қайшылықтар анықталған реттерде нормативтік актіде қамтылған құқықтар нормаларға ресми түсіндіру берілуі мүмкін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру процесінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
3. Заң актілерінің нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестікте түсіндірілуге тиіс.
4. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мағынасы оларды түсіндірген кезде заң актілеріне толық сәйкестікте ашылуға тиіс.
5. Нормативтік құқтық актілердегі құқықтық нормалар іске асырылғанда, соның ішінде оларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірудің міндетті сипаты болады.
45-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді.
2. Заңға тәуелді актілердің ресми түсіндірмесін оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды адамдар береді.
9-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге
келтіру мен есепке алу
46-бап. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру
1. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдайтын мемлекеттік органдар осы актілердің есебін жүргізеді және оларды жүйеге келтіреді, өздері қабылдаған актілердің бақылау даналарына жүргізіп, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтырулардың бәрін уақтылы енгізіп отырады.
2. Мемлекеттік органдар өздері қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жинағын мезгіл-мезгіл шығарып отырады не мұндай жинақтарды шығару туралы өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырма береді.
16.06.04 ж. N 566-II ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 81-III Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебi
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасы әділет органдары жүзеге асырады. Мемлекеттiк есеп мұндай актiлердi орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң қағазға басылған және электронды түрдегi, мемлекеттiк органның мөрiмен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы әділет органдарына жiбередi.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн жасайды, министрлiктер мен басқа да орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi.
48-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жариялылығы
Барлық уәкілетті органдар мүдделі адамдарға мемлекеттік құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы барларын қоспағанда, қабылданған нормативтік актілермен танысуға рұқсат беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |