Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы



бет1/2
Дата25.02.2016
өлшемі249.5 Kb.
#21560
  1   2
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 30.07.2009 17:08:02
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы

213-1 Қазақстан Республикасының Заңы

(2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

  I-тарау. Жалпы ережелер                  (1 - 6 баптар)



 2-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің         (7 - 12 баптар)

      жобаларын дайындауды жоспарлау

 3-тарау. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын      (13 - 21 баптар)



      әзірлеу және ресімдеу

 4-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің         (22 - 24 баптар)



      жобаларына ғылыми сараптама

 5-тарау. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау       (25 - 29 баптар)



      мен оны күшіне енгізу тәртібі

 6-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жариялау     (30 - 35 баптар)

 7-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік (36 - 43 баптар)

      жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы

 8-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру  (44 - 45 баптар)

 9-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге      (46 - 48 баптар)

     келтіру мен есепке алу

 

I-тарау. Жалпы ережелер



 

ҚР 06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 81-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) ; 2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт;



2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;

3) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер - заң актілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған, өзге де нормативтік құқықтық актілер;

4) заңнама - белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң;



6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;

7) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі - нормативтік құқықтық актілердің реквизиттерін және осы актілер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесі;

8) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі - олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістері мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтіндерінің жиынтығы;

9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;

10) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі;

11) нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;

12) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау;

13) нормативтік құқықтық актінің деңгейі - нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны;

14) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау - нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау;

15) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңнамада белгіленген өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, өзге де мемлекеттік органдар).

 

06.03.02 ж. № 298-II ҚР Заңымен ;16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) ; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді



2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады , бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.

2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртібін реттемейді.

3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды, оның ішінде құқықтық нормаларды қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшін жою тәртібі реттелмейді.

4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бірақ осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында келтірілген талаптарға сай келмейтін және құқықты іске асыру және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда:

1) мемлекеттік емес ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілерін;

2) уәкілетті орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін;

3) техникалық және технологиялық стандарттар қамтылған нормативтік актілерді әзірлеу, табыс ету, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібі белгіленбейді.

 

06.03.02 ж. № 298-II Заңымен; 16.06.04 ж. № 566-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III Заңымен (бұр. ред .қара) ; 2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-бап өзгертілді



3-бап. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері

1. Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.

2. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;

7-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

3. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;



1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) 2008.04.12. № 97-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-ІV ҚР Заңымен  1-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижесінің сипаттамасын қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;



3) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.

Қазақстан Республикасының заңда­рын­да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.

4. Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады.

5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.

6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.

 

16.06.04 ж. N 566-II ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды ; 2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-1- бап өзгертілді



3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерімен реттелетін қоғамдық қатынастар

Қазақстан Республикасының кодекстері:

1) бюджеттік;

2) азаматтық;

3) азаматтық іс жүргізу;

4) неке-отбасы;

5) экологиялық;

6) су;


7) жер;

8) орман;

9) салық;

10) кеден;

11) көлік;

12) еңбек;

13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;

14) әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты;

15) қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты;

16) қылмыстық іс жүргізу ;

17) денсаулық сақтау саласы сияқты бір­тектес аса маңызды қоғамдық қатынас­тар­ды реттеу мақсатында қабылданады.

 

17.10.01 ж. N 248-II; 06.03.02 ж. N 298-II; 16.06.04 ж. N 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді



4-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.

2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар:

2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары;

2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстері;

3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;

4) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

7) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

7-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

3. Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.

4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.

5. Әкімшілік-аумақтық бөліністер мәслихаттарының нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерінің сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң актілерімен белгіленеді.

6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келуге тиіс емес.

 

2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен 5- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



5-бап. Нормативтік құқықтық актілердің тікелей қолданылуы

1. Егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.

2. Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.

3. Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

 

ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 6-бап жаңа редакцияда



6-бап. Әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары

1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.

3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.

 

2-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің



жобаларын дайындауды жоспарлау

 

 



7-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары

1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары бір жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзімге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлінеді.

Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ дайындау уақыты бір жылдан астам мерзімге жоспарланатын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу көзделеді.

2. Дайындау жоспарларында:

1) нормативтік құқықтық актінің деңгейін, нысаны мен реттеу мәнін бейнелейтін атауы;

2) дайындау мерзімдері;

3) жобаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіледі.

3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспарларын тиісті актілерді қабылдауға құзыретті мемлекеттік органдар жасайды және бекітеді.

4. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстары ескеріледі.

5. Нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекітетін мемлекеттік органдар жоспарларға осы актілердің дайындалуын бейнелейтін басқа да көрсеткіштер енгізуі мүмкін.



2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 6 тармақпен толықтырылды   

6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын дайындауға қолданылмайды.

 

8-бап. Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілерді дайындауды жоспарлау



Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртібі мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

 

9-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң актілерін дайындауды жоспарлау



Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайтын заң актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртібі мен нысандарын Парламент пен оның палаталары Қазақстан Республикасының Конституциясы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет