- Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы (бастауыш мектептерге);
- Жеке тұлғаны дамыту технологиясы (И.С.Якиманская);
- Өзін-өзі дамыту технологиясы (Г.К.Селевко);
- Сыни тұрғысынан дамыту технологиясы.
- Аталған оқытудың басты тәсілдері– материалды көрнекілік үйлесімділігімен бірге түсіндіру, ал оқушылардың іс-әрекеті – тыңдау және есте сақтау.
- Артықшылықтары: уақытты үнемдеу, ұстаз бен оқушылардың күштерін сақтау, соңғылардың қиын білімдерді түсінуін жеңілдетеді, үдерісті басқарудың ең тиімділігімен қамтамасыз етеді.
-
- Кемшіліктері: «дайын» білімді жеткізу және оларды меңгеру кезінде оқушыларды өз бетімен және натижелі ойлау қажеттілігінен босату, сондай-ақ, оқу үдерісінің елеусіз мүмкіндіктерін даралау және саралау.
- Әдістемелік жағынан дұрыс құрылған проблемалық технология оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуына жағдай жасайды, бұрын алынған білім қорын және тәсілдерінің қолданылуын анықтауға көмектеседі , негізгі мәселені ұғыну және одан шығу жолдарын табуға ықпал етеді.
- Саралап оқыту – бұл ұстаздың оқу үрдісінде оқушылардың жалпы бір қасиеттерін ескере отырып топқа бөліп жұмыс жасауы.
|