Салықтар және салық жүйесі - 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын.
- Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
1. реттеушілік;
2. фискалдық;
3. қайта бөлу.
- Корпорациялық табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Қосылған құнға салынатын салық
- Акциздер
- Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
- Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
- Әлеуметтік салық
- Жер салығы
- Көлік құралдарына салынатын салық
- Мүлік салығы
- ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
Салықтар:
Салықтың түрлері бөлінеді:
1)Салықты алу тұрғысынан
2) Салық өсімі – арқылы
3) Бюджет деңгейіне байланысты
2) Салық өсімі – арқылы:
- а) Прогрессивті табыстың өсуіне қарай салық мөлшері өседі;
- б) Пропорционалды – табыс өссе де, салық тұрақты түрде қалады (қосымша құн салығы)
- в) Регрессивті – табыс өскен сайын салық мөлшері төмендейд;.
Салықты алу тұрғысынан
а) Тікелей салықтар – олар кәсіпорындар мен тұрғындардан тікелей алынады (мүлік, көлік, табыс, жер, құнды қағаздар операциясынан алынатын салықтар);
б) Жанама салықтар – бұл салықтарды мемлекет тікелей емес баға арқылы айналдыра отырып алады (кеден – баж, акциз, қосымша құн салығы);
Бюджет деңгейіне байланысты:
а) Жалпы мемлекеттік салықтар – мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар (табыс, қосымша құн, акциз, құнды қағаздар операциясынан, арнайы қазба төлемдері мен жер байлығын пайдаланғандағы салықтар);
б) Жергілікті салықтар – жергілікті бюджетке түсетін салықтар (мүлік, көлік, құрал – жабдық салығы, кәсіпкерлерді тіркеуден алынатын, белгілі бір қызмет түріне құқық беруден, аукционнан, т.б. алымдар).
Достарыңызбен бөлісу: |