Тасарал жалпы білім беретін мектебі
«Білгір іскер»
Жетекшілері:Аманқұл.Г.М
Тиштыбай.А.Е
2022-2023 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Білгір іскер» атты зияткерлік танымдық ойын.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын сынау, өз – өзіне деген сенімділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Технология сабағынан алған білімдерін тексеру.
Сабақтың түрі: Танымдық – зияткерлік ойын
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Көркем еңбек» пәні бойынша ұйымдастырылған 5 - 6 - сынып қыздарының қатысуымен өтетін «Білгір іскер» атты зияткерлік - танымдық ойынымызды бастайық.
Ал енді, ойынымыздың әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жүргізуші:Ойын барысында қатысушыларымыз ұяшықтарды аша отырып, түрлі қызықты сұрақтарға жауап береді.
Әділ-қазылар алқасы әр дұрыс жауап берген сұраққа ұяшықта көрсетілген ұпайды қоясыздар, егерде сұраққа жауап бере алмаса, басқа қатысушы жауап беруіне болады және ұпай дұрыс жауап берген қатысушыға есептеледі.
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, онда іске сәт.
Олай болса ойынымызды бастайык.
ЖҰМБАҚ
Қай топ бастайтынын анықтау үшін топ басшылары сіздер мына дорбадан нөмірленген карточкаларды алыңыздар. 1 нөмірі кімге түссе, сол топ бастайды.
1)Шешесі жол ашады, баласы оны жауып отырады?
(Қайшы, ине- жіп)
2)Бәрі де бір күнде туған, бірақ бойлары әр қилы, кіре салып, басын шығарады? (түйме)
3)Кейде ашылады, кейде басылады. Көзіне қол сұқсаң, жағы ашылады? (Қайшы)
4)Бәрі алдымда, келдім кеттім, сенің бетің- менің бетім. Сенің мұрның менің мұрным, бұрсаң оны- мен де бұрдым? (айна)
5)Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты? (үтік)
6)Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді? (тігін машинасы)
СӘНГЕР
1)Іс тіккенде саусақтың ұшына киілетін затты қалай атайды?
(Оймақ)
2)Киімге қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атайды?
Мысалы, сумка, қолшатыр, көзәйнек, қолғап, әмиян т. б. (Акссесуарлар)
3) Бояуларды үлкен неше топқа бөлеміз? (2 топқа. Табиғи және жасанды)
4) Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді атайды? (шалбар, белдемше, шорты)
5) Қазақтар киім тігуге өздері өндірген қандай материалды жиі пайдаланған? (жүн, тері)
6) Ұлттық киімдер қандай стиль түріне жатады? (фольклорлық)
Достарыңызбен бөлісу: |