Нұр Астана. 2012. №11. 15 наурыз



Дата09.07.2016
өлшемі7.45 Kb.
#187799
Нұр Астана. – 2012. - №11.-15 наурыз
www. agun.kz жеткен жаңа белес

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ресми сайты www.wedometrics.info – да жарияланатын әлемдік ЖОО-лар рейтингінде 6469-орыннан 5202-орынға көтерілді.

«Сайт көлемі» санатында былтыр www. agun. kz 5297-орыннан көрінген болса, биыл 1 800 - орынға алға қадам басты. Көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда үш есеге жоғары. ҚазАТУ сайты «Google Академия» санатында да үлкен жетістікке жетіп, қазақстандық ЖОО-лар арасында 3-орынды иеленіп отыр.



Wedometrics сайты әлем бойынша пайдаланушылар санының көптігімен ерекшеленеді. Сайт жыл сайын 20 мыңнан астам ЖОО-ға сараптама жасайды. Яғни, универсиетттердің сайтында ғылыми еңбектері мен академиялық материалдардың электронды нұсқауларының қолжетімді болуын, интернет беттерінде жарық көрген басылымдардың саны мен сапасын бағалап, рейтингісін түзеді. Биыл Wedometrics рейтингісіне дүниежүзі бойынша 20 мың 369 университет енді. Көш бастаған АҚШ-тың Гарвард университеті бірінші орында тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет