Нұр Астана. 2012. №17. 26 сәуір Қаратүп К. Студенттердің жыр жинағы



Дата08.07.2016
өлшемі17.94 Kb.
#185709
Нұр Астана.- 2012.- №17.- 26 сәуір

Қаратүп К.


Студенттердің жыр жинағы
Ақын болып тумайтындығы белгілі. Ақындықтың арнаулы оқу орындары және жоқ. Ақындық табиғаттың дара сыйы, оны дер кезінде «ұстап» қалып азаматтық тұлғасын қалыптастыратындар да, тіршіліктің кәкір-шүкір ауанымен алданып жүріп, басына қонған «бақты» ұшырып алатындар да жеткілікті. Ақындық құбылысқа бір табан жақын әдебиетші мамандығын игермей ақ геолог, кенші, механизатор бо­лып та ақындық шыңға көтерілген ардақтыларымыз қаншама!

Оны айтып отырған себебіміз, жақында қолымызға «Толқыннан толқын туады» дейтін жұқалтаң ғана жыр жинағы түсті. Жинақты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қазақ тілі кафедрасы шығарған. Жүрегіңнің жылитыны, тырнақалды жырларымен жинаққа енген авторлар болашақ ауыл шаруашылығы саласының мамандары. Дені ауылдан келген қаракөздер. Қала тіршілігі, ауылға деген сағыныш, елорда әсерлері, алғаш бүр жарған махаббат сезімі, ата-анаға құрмет... Жыр жинағы осы тақырыптарды қамтыған.

Аталмыш оқу орнының қабырғасында бұрындары «Жас түлек» атты шығармашылық клуб жұмыс істеген екен. Ол белгілі дәрежеде биіктікті бағындырмаса да студенттер қауымының шығармашылықпен айналысуларына орта қалыптастырған. Рухани жан дүниелерінің байи түсуіне септігін тигізген. Мына жинақтың жарық көруі де сол дәстүрдің жалғасы, орайы келген шаруа.

«Мен ақын емеспін, - деп жазыпты жинақтың алғысөзінде ҚазАТУ ректоры, профессор А. Күрішбаев.



– Бірақ ойды төрт шумақпен айшықтап жеткізетін талай ақын жырларын тамсана оқып, жаттап жүремін. Біздің студенттеріміздің арасынан өз өнерлерімен көзге түсіп жүрген ақьнжанды шәкірттеріміздің өлеңдерін қабыл алыңыздар. Ең бастысы, бұл студенттердің ауыл шаруашылығы саласының мамандары екенін естен шығармаған жөн».

Ауыл шаруашылығы саласында жүріп те ақын атанғандар аз ба! Қалай дегенде де ҚазАТУ-дың бұл бастамалары құптарлық. Жинаққа енген студенттердің сан қилы тақырыптарға қалам тербеп, сөз өнеріне өздерінше өрнек қосқан тұңғыш қадамдарын елге деген перзенттік сүйіспеншілік белгісі деп қарағанымыз абзал. Ақтілек Ибраимов, Сұлтанбек Смағүлов, Аякөз Қазанбаева, Қуаныш Дүйсенқұлов секілді студент жырлары болашақтарынан үлкен үміт күттіреді. Жақсы ниет жалғасын тапқай!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет