№ р/с
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқталу нысаны
|
Орындау туралы ақпарат
|
Орындау мерзімі және индикаторлар
|
Қолжетімді еңбек және лайықты жалақы
|
3.10. Халықтың кірісін арттыру
|
1
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын оған өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтамасыз етілген халықты (2013 жылы 1631 адамға дейін қамти отырып)тарту арқылы орнықты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жолымен халықтың кірісін арттыру мақсатында кең ауқымда іске асыру.
-
өз бетінше қамтылғандарды, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілгендерді оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу – 1631;
|
Е Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат
|
2013 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты «Өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтылғандарды оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша жұмыс жалғасуда.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен ағымдағы жылы 1631 адам қамтылады, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орнына – 460 адам, оқыту курстарына – 721 адам, жастар тәжірибесіне – 450 адам жіберіледі.
I жартыжылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарында – 488 адам, жастар тәжірибесінде – 453 адам жұмыс жасады.
2013 жылы Бағдарламаның басқа бағыттарын іске асыру қарастырылмаған.
|
2013 жылдан бастап
|
3.11. Стипендиялар төлей отырып, тегін біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарымен және жалақыны ішінара субсидиялаумен қамтамасыз ету
|
1
|
Өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтамасыз етілгендер ішінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларын біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру
|
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат
|
2013 жылы біліктілікті арттыру және қайта даярлауға 59,96 млн.тг бөлінді, оның 1,679 млн.тг игерілді. Қайта даярлауға – 229 адам, біліктілікті арттыруға -26 адам жіберілді.
Колледждар мен лицейлерде кәсіби даярлауды 2011 жылдан өткендер ішінен 791 адам жалғастырып жатыр.
Кәсіптік оқыту қаланың 9 оқу мекемелерінде кондитер және тігін өндірісі, техникалық қызмет көрсету, радиоэлектроника және байланыс сияқты 22 мамандықтар бойынша дәріс берілді.
|
2013 жылдан бастап
|
2
|
Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыз азаматтардың ішінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.
|
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат
|
2013 жылы 460 әлеуметтік жұмыс орнын құру жоспарланған, осыған сәйкес 73,07 млн.теңге бөлінді. 1 шілдеде әлеуметтік жұмыс орындарда 488 адам жұмыс істеп, 29,95 млн. теңге (41%) игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарында заңгер, әлеуметтік жұмысшы, есепші көмекшісі, реабилитолог, әр түрлі жұмыс атқарушы және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істейді.
|
2013 жыл– 630 адам
2014 жыл– 630 адам
2015 жыл– 630 адам
2016 жыл– 630 адам
|
3.12. Сатып алу құқығымен типтік жалдамалы тұрғын үй беріп, «экономикалық өсу нүктесінен» көшуді субсидиялау жолымен жұмысты және тұрғылықты жерді ауыстырған кезде қолайлы жағдайды қамтамасыз ету.
|
1
|
Бағдарлама қатысушыларын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық жерлерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары ауылдық жерге және жаңа көшіп келген жерде отбасының жұмысқа қабілеті барлық мүшелерін жұмысөа орналастыру мақсатында көшіп келулерін қаражаттандыра отырып,
- бір аудан шамасында;
- бір облыс шамасында;
- бір областан келесі облысқа өтеуін төлеп алу құқығымен үлгілік қызметтік баспана беріп, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулерін ұйымдастыру.
|
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат
|
2013 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты «Өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтылғандарды оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша жұмыс жалғасуда. Алматы қаласының Бағдарламаның үшінші бағытына «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы қатысушыларының өз еркімен көшіп қонуы» қатысу қарастырылмаған.
|
2013 жылдан бастап
|
3.13. Мемлекеттік қолдау шаралары кешенін көрсету жолымен, оның ішінде микрокредиттер беру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
|
1
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларына жеке істерін ашуға және кеңейтуге 5 жылға дейінгі мерзімге және ең жоғарғы сомасы 3 млн.теңге қайтарымды негізде шағын кредит беру
|
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат
|
Алматы қаласы Бағдарламаның екінші бағытын іске асыруда (микрокредиттеу) нормативті-құқықтық базаның болмауына байланысты қатыспайды.
|
2013 жылдан бастап
|
|
|
|
|
|
4.2 Жұмыссыздық деңгейі 5.3 пайыз, ал кедейлік -3.5 пайыз шамасында қамтамасыз етілетін болады.
|
1
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының және өңірлерді дамыту бағдарламаларының халықты жұмыспен қамтуға жәрдедесу және жаңа жұмыс орындарын құру беліктерінде тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету
|
ЕХӘҚМ ақпарат беру
|
Ағымдағы жылдың І тоқсанында қалалық еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып сақталды, шиеленістің қарқындығы байқалмады.
Бүгіндері еңбек нарығы динамикалық түрде дамуда, халықтың жұмыспен айналысу деңгейі жоғарылауда. Экономикалық белсенді халық 786,7 мың адамды құрады, ол 2012 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 13,5 мың адамға көп. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрады.
В повышении уровня занятости, положительные результаты внесла Программа развития города на 2011-2015 годы. В рамках данной программы создано 11387 рабочих мест (63% от плана),
В рамках Программы занятости 2020 создано 388 социальных рабочих мест и 325 чел, заняты на молодежной практике.
|
2012 жылдан бастап
|
2
|
Еңбек ресурстарындағы экономика салаларының қажеттіліктерін және сұранымың теңгерімделуін қамтамасыз ету және еіңбекнарығындағы ұсыныстарды болжау
|
ЕХӘҚМ ақпарат беру
|
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен қала экономикасының түрлі салаларындағы еңбек күшіне деген сұранысқа мониторинг жасау және болжау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 2013-2015 жылдарға арналған техникалық және кәсіби білімі бар кадрларға деген болжамдық сұраныс туралы мамандықтарға бөлінген мәлімет еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктеріне жіберілді.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігін сақтау мақсатында 2012 жылы қалалық және аудандық Жұмыспен қамту картасы әзірленді.
Қазіргі кезде өзгерген экономикалық жағдай ескеріле отырып, Картаға түзету жүргізілуде.
Жұмыспен қамту картасы алдағы үш жылға еңбек қоры жетіспеушілігінің молдық мөлшерін анықтауға мүмкіндік жасайды.
|
2012 жылдан бастап
|
3
|
Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі мөлшерінен төмен халық үлесінің азаюы
|
ЕХӘҚМ ақпарат беру
|
Алматы қаласындағы Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2012 жылы табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен халықтың үлесі 2 пайыз жоспары жанында 0,4 пайызды құрады. 2013 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жоспар түзетілді және қазір 1,9 пайызды құрайды.
1 тоқсан қорытындысы бойынша табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен халықтың үлесі 0,7 пайыз немесе 10,3 мың адамды құрады (2012 жылдың 1 тоқсанында 0,5 пайыз немесе 7,3 мың адам).
Басқарманың қызметі халықтың аз қамтылған қабатына түрлі әлеуметтік көмек және төлемақылар төлеу арқылы халықтың кедейлік деңгейіне әсерін тигізеді.
І жартыжылдықта көмек 171258 адамға көрсетілді, оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмек – 1129 адамға, тұрғын үй көмегі – 3539 адамға, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы – 1618 адамға, арнайы қалалық жәрдемақы – 158349 адамға, материалдық көмек – 2108 адамға, жылы және салқын суды есептеу құралдарын орнатуға кеткен шығынның орнын толтыру – 4515 адамға.
(2012 І жартыжылдығында әлеуметтік көмек пен жәрдемақыны 163590 адам алды)
|
|
5.2. Барлық еңбек етуді қалайтын және мүмкіндігі бар адамды беделді жұмыспен қамтамасыз ету.
|
1
|
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесін 30 пайызға дейін төмендету.
|
|
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1129 адамды құрады. АӘК алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесі 37,5 пайыз жоспары жанында 40 пайызды құрады. (2012 жылдың осы күнінде еңбекке жарамды халықтың үлесі 42,9 пайыз)
Меншікті салмақтың төмендеуі АӘК алушылардың Жұмыспен қамту 2020 қатысуы және аз қамтылған халықтың жұмысқа орналастырылуының есебінен мүмкін болды.
Аз қамтылғандардың ішінде жұмысқа орналастырылғандар саны 261 адамды немесе халықтың нысаналы топтарынан жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санының 72,3 пайызын құрады.
|
|
5.3. Жастардың өзін өзі іске асыруына мүмкіндік жасау.
|
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы және өңірлердің даму бағдарламалары шенберінде жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтар қатарындағы орта және жоғары, кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерін орналастыруға ықпал жасау.
|
|
Жастар жұмыссыздығының мәселесі үнемі бақылануда. Санақ мәліметтері бойынша 2013 жылдың 1 тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейі 8,7 пайызды құрады, 15-28 жас аралығындағы жұмыссыздар саны 20,4 мың адам.
2013 жылдың 1 шілдесінде жұмыспен қамту орталығына 1014 адам өтініш білдірді.
2013 жылы жастар тәжірибесін өтуге 450 жұмыс орын құру қарастырылған, жыл басынан бері 211 орын құрылды. Жастар тәжірибесін өту мерзімі 6 ай. Ауыспалы контингент есебінен жастар тәжірибесінде 453 түлектер жұмыс жасады.
Түлектер заңгер, экономист, программист, есепші және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істейді.
|
2012 жылдан бастап
|
2
|
ЖОО мен ОАОО түлектерінің арасында, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, жастар практикасын іске асыру бойынша ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу.
|
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу шеңберінде теледидарларда 18 телерадиохабарлар, сөз сөйлеулер мен сұхбаттар, газеттерде 28 мақалалар, KZ сайттарында - 6 репортаждар, хабарландырулар, 10 – кездесулер мен семинарлар, оқу орындары базасында өткізілген 10 бос жұмыс орын жәрмеңкелерінде қатысу ұйымдастырылды.
«Арбат» LED-дисплейде және «Атакент», «Саяхат», және «Рамстор» сауда орталығындағы электронды билбордтарда Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы туралы ақпарат орналастырылды.
«Алматы» теледидары, «Жаңалықтар» бағдарламасының жүгіртпелі жолында «жұмыссыздарды оқыту курстарына және жастар тәжірибесін өтуге шақыру туралы хабарландыру қазақ және орыс тілінде беріледі.
|
2013 жылдан бастап
|
5.7. Біз аз қамтылған азаматтарға кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеуге арналған шығындарды төлеу үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсететін боламыз.
|
7
|
Алматы қаласында тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеуге, ағымдағы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтеріне арналған (мың теңге) тұрғын үй көмегін беру.
|
|
Алматы қаласында тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтау жарнасына, ағымдағы тұрғын үй-коммуналдық қызметтері және байланыс қызметтеріне кеткен шығынның орнын толтыру үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
Көмек жанұя бюджетінде жоғарыда көрсетілген қызметтерді төлеу шығыны жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі.
2013 жылғы 1 шілдедегі мәліметке сәйкес тұрғын үй көмегі 3539 алушыға 58,5 млн теңге сомасында төленген (өткен жылы осы күнге сәйкес 2898 адам, 38,2 млн теңге). Олардың ішінде шығын бойынша кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеу үшін тұрғын үй көмегі 12 өтініш білдірушіге 137,17 мың теңге сомасында төленді.
|
2012 ж-219 966
2013 ж-197 705
2014ж- 228 468
2015ж- 244 461
|