«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 2014 жылғы № қаулысымен бекітілген



Дата16.06.2016
өлшемі102.5 Kb.
#138263


«Нұр Отан» партиясы

Саяси кеңесі Бюросының

2014 жылғы «___» __________

____ қаулысымен



БЕКІТІЛГЕН

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Мазмұны


4.3. Партиялық тәлімгерлердің қызметі 6

4.4. Партиялық тәлімгерлердің партия Фракциясымен және 7



Саяси кеңесі Бюромен өзара әрекет етуі 7



  1. Жалпы ережелер




  1. «Нұр Отан» партиясының (бұдан әрі – Партия) сайлауалды тұғырнамасын әзірлеу және іске асыру туралы осы ереже Партияның сайлауалды тұғырнамасының (бұдан әрі – Сайлауалды тұғырнама) ұйымдастыру-әдістемелік негіздерін және оны әзірлеудің, сондай-ақ оның іске асырылуына мониторинг жүргізудің жалпы принциптерін айқындайды.

  2. Сайлауалды тұғырнама – Партия Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде сайлауда ұсынатын, өзінің сайлауалды уәделерін орындау бойынша Партия қызметінің басты бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін, күтілетін нәтижелерін айқындайтын жалпыұлттық сипаттағы құжат.

  3. Сайлауалды тұғырнаманы Партия Съезі бекітеді.

  4. Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру Партия өзінің Сайлауалды тұғырнамасын ұсынған сайлауда Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылу сәтінен басталып, жаңа шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады.




  1. Сайлауалды тұғырнамаға қойылатын талаптар




  1. Сайлауалды тұғырнама келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  1. Сайлауалды тұғырнаманың мақсаттары мен міндеттерінің нақтылығы мен қолжетімділігі;

  2. Сайлауалды тұғырнаманың мақсаттары мен міндеттерінің Партияның мақсатты топтарына бағыттылығы;

  3. «Қазақстан – 2050» стратегиясының, Партия Доктринасы мен Бағдарламасының негізгі бағыттарымен келісімділігі.

  1. Сайлауалды тұғырнамада бұған дейінгі Сайлауалды тұғырнаманы іске асырудың нәтижелері туралы ақпарат, ағымдағы жағдайға талдау, Сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттары, мақсаттары мен міндеттері мазмұндалуы тиіс.

  2. Сайлауалды тұғырнамада өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді шешу туралы Партия көзқарасы, сондай-ақ электораларалық кезеңдегі Партияның басты бағыттары мен басымдықтары мазмұндалуы тиіс.




  1. Сайлауалды тұғырнаманы әзірлеу тәртібі




  1. Сайлауалды тұғырнаманы құзіретіне стратегиялық жоспарлау мәселесі енетін Партия орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі Партияның барлық бөлімшелерімен бірлесе отырып және сараптама қоғамдастығы, атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттарын жұмылдыра отырып, бұған дейінгі Сайлауалды тұғырнаманы іске асырудың төртінші жылынан бастап әзірлейді.

  2. Сайлауалды тұғырнаманың жобасын әзірлеу мақсатында белгіленген тәртіпте Партия жанынан Жұмыс тобы құрылады. Оның қызметін құзіретіне стратегиялық жоспарлау мәселесі енетін Партия орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.

  3. Жұмыс тобының отырыстарында қаралатын ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін Сайлауалды тұғырнаманың жобасы Партияның Ғаламтор-ресурсында жарияланады.

  4. Жұмыс тобының отырысында қаралған және мақұлданған Сайлауалды тұғырнаманың жобасы Партия филиалдарының конференцияларында талқыланады, мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және Партия орталық аппараты басшылығымен, Партия Хатшыларымен, Партия Төрағасының Бірінші орынбасарымен келісіледі және Партияның Саяси кеңесінің Бюросында қарауға жолданады.

  5. Партияның Саяси кеңесі Бюросының отырысында мақұлданған Сайлауалды тұғырнаманың жобасы Партияның Саяси кеңесінің қарауына жолданады.

  6. Сайлауалды тұғырнаманың жобасы Партияның Саяси кеңесінің отырысында мақұлданғаннан кейін Партия Съезіне бекітуге енгізіледі.

  7. Партия Съезінің шешімі бойынша Сайлауалды тұғырнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.




  1. Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру




  1. Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру Сайлауалды тұғырнаманы іске асырудың басты бағыттары бойынша Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру бойынша көрсеткіштер тізімінің (бұдан әрі – Көрсеткіштер тізімі) негізінде жүзеге асырылады.

  2. Көрсеткіштер тізімі әр жылға бөліне отырып, Сайлауалды тұғырнаманы іске асырудың барлық кезеңіне жасалады және Партияның Саяси кеңесінің Бюросы бекітеді.

  3. Көрсеткіштер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  1. нақтылық;

  2. өлшемділік;

  3. қолжетімділік;

  4. өзектілік;

  5. уақыт шектелімдігі (Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру кезеңіне).

  1. Аймақтардың даму ерекшеліктері ескеріле отырып, Көрсеткіштер республикалық деңгейде, сондай-ақ облыстық, Астана және Алматы қалалары бойынша көрсетілуі мүмкін.

  2. Партияның Саяси кеңесінің Бюросы бекіткен Көрсеткіштер тізімін Фракция жауапты орындаушы – мемлекеттік органдарды бекіту жөніндегі ұсыныстармен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдайды.

    1. 4.1. Партиялық тәлімгерлер



  1. Сайлауалды тұғырнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Партия фракциясы (бұдан әрі – Фракция) мүшелерінің ішінен Сайлауалды тұғырнаманы іске асырудың әрбір бағыты бойынша партиялық тәлімгерлер белгіленеді.

  2. Партиялық тәлімгерлердің міндеттері болып табылады:

  1. жетекшілік жасайтын бағыт бойынша Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру жұмысына бақылау ұйымдастыру;

  2. жетекшілік жасайтын бағыт бойынша Сайлауалды тұғырнаманы тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  3. жетекшілік жасайтын бағыт бойынша партиялық тәлімгерлердің сараптама топтарының жұмысын ұйымдастыру;

  4. жетекшілік жасайтын бағыт бойынша Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру бойынша партия жұмысын халық арасында насихаттау және түсіндіру.

  1. Партиялық тәлігер болып табылмайтын Фракция мүшелері партиялық тәлімгерлердің сараптама топтарының жұмысына қатысу арқылы Сайлауалды тұғырнаманың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

  2. Партиялық тәлімгерлерді құзіретіне Сайлауалды тұғырнаманың іске асырылуына мониторинг жасау мәселесі енетін Партия орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі тиісті бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін ескере отырып дайындайтын кандидатураларға сәйкес Партияның Саяси кеңесінің Бюросы белгілейді.

  3. Партиялық тәлімгерлер өз қызметін Сайлауалды тұғырнаманың бағыттарына жетекшілік жасаушы Партия Хатшыларының және (немесе) Партия орталық аппараты басшысының келісімі бойынша партиялық тәлімгер бекітетін Жылдық жұмыс жоспарының негізінде жүзеге асырады.


4.2. Сараптама топтары


  1. Сайлауалды тұғырнаманың бағыттары бойынша сараптама топтары құрылады. Партиялық тәлімгерлер олардың басшылары болып табылады. Партиялық тәлімгерлер сараптама тобының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жұмысы қысқамерзімді міндеттерге қол жеткізуге бағытталған уақытша жұмыс топтарын құруға құқылы.

  2. Сараптама топтарының міндеттері:

  • жетекшілік жасайтын бағыт саласындағы өзекті мәселелерді айқындау;

  • жетекшілік жасайтын бағыт саласында анықталған мәселелерге сараптамалық талдау жасау;

  • партиялық тәлімгерге ол жетекшілік жасайтын бағыт саласы бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу;

  1. Сараптама тобының сандық құрамы регламенттелмейді. Сараптама тобының дербес құрамын Сайлауалды тұғырнама бағыттарына жетекшілік жасаушы Партия Хатшыларының және (немесе) Партия орталық аппаратының басшысының келісімі бойынша және Партия орталық аппаратының құрылымдық бөлімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, сараптама тобының осы Ереженің қосымшасына сәйкес типтік сапалық құрамына сәйкес партиялық тәлімгер айқындайды және бекітеді.

  2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы Партияның аймақтық тәлімгерлері, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері, сыртқы сарапшылар және басқарлар сараптама тобының мүшесі бола алады. Сараптама тобының құрамында үкіметтік емес сектор өкілдерінің болуы міндетті.

  3. Сараптама тобының жұмысы түрлі форматтарда ұйымдастырылуы мүмкін:

  1. жетекшілік жасайтын бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау;

  2. жеткшілік жасайтын бағыт объектісіне (кәсіпорын, мектеп, аурухана және т.б.) сапар;

  3. жетекшілік жасайтын бағыт бойынша Сайлауалды тұғырнаманы іске асыруға қатысты ақпарат ала отырып, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын шақыру;

  4. қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында еңбек ұжымдарымен, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;

  5. басқа да қызмет түрлері.

  1. Сараптама топтарының құрамында бекітілген Партия орталық аппаратының қызметкерлері сараптама топтарының хатшылары болып табылады.

  2. Сараптама топтарының хатшылары партиялық тәлімгердің және сараптама тобының қызметіне ұйымдастырушылық-аналитикалық сүйемелдеу жасайды және партиялық тәлімгерлердің Партия орталық аппаратымен тиімді өзара қатынасын қамтамасыз етеді.

  3. Партиялық тәлімгер болмаған жағдайда сараптама тобының отырысы партиялық тәлімгер айқындайтын сараптама тобы басшысы орынбасарының төрағалығымен өтеді.

  4. Партиялық тәлімгерлердің сараптама топтарының қызметтері Сайлау тұғырнамасының бағыттарына қызметі сәйкес келетін Партияның консультативтік-кеңес органдарына жүктелуі мүмкін.



4.3. Партиялық тәлімгерлердің қызметі





  1. Партиялық тәлімгер Сайлауалды тұғырнаманың бекітілген бағыты бойынша сараптама тобындағы өз қызметінің шегінде:

  1. Сайлауалды тұғырнаманың өз бағыты бойынша жүзеге асырылуы мәселелерін сараптама тобының отырыстарында қарастыруға бастама жасайды;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне бастама жасайды;

  3. тиісті заң жобалары бойынша парламенттік тыңдаулар өткізуге бастама жасайды;

  4. Сайлауалды тұғырнаманың өз бағыты бойынша жүзеге асырылуына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің есебін тыңдайды;

  5. тиісті бағыт бойынша мемлекеттік органдардың консультативтік-кеңес органдарының жұмысына қатысады;

  6. Сайлауалды тұғырнаманың өз бағыты бойынша жүзеге асырылуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жібереді;

  7. халықпен, соның ішінде аймақтарда, тақырыптық кездесулер өткізеді;

  8. аймаққа сапарлар шегінде Сайлауалды тұғырнаманың өз бағытының аймақтарда жүзеге асырылуы бойынша ақпарат алады;

  9. өз қызметінің қорытындылары бойынша жыл сайын партияның Саяси кеңесінің Бюросына есеп береді.



4.4. Партиялық тәлімгерлердің партия Фракциясымен және

Саяси кеңесі Бюромен өзара әрекет етуі





  1. Партияның Саяси кеңесінің Бюросы партиялық тәлімгерлерді белгілейді, олар өз қызметінде қолданатын Көрсеткіштер тізімін бекітеді, партиялқ тәлімгерлердің есептерін қарастырады.

  2. Партиялық тәлімгерлердің сараптама топтарының хаттамалық шешім түрінде рәсімделген ұсыныстары Фракцияға жолданады.

  3. Сайлауалды тұғырнаманың тиісті бағыттары бойынша партиялық тәлімгерлердің сараптама топтарының ұсыныстары Фракцияның қарауына енгізіледі және (немесе) қажет болған жағдайда Фракцияның (Фракция мүшесінің) атынан ұсыныстар түрінде тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

  4. Фракцияның тиісті шешімімен бекітілген сараптама тобының Фракция қолдаған ұсыныстарын Фракция Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі заңдар шығару қызметінде қолданады және (немесе), қажет болған жағдайда, қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларға түзетулер енгізу және (немесе) оларды жаңадан әзірлеу мақсатында, Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдайды.

  5. Сараптама топтың ұсыныстары Фракцияның тарапынан қолдау таппаған жағдайда немесе Партияның ұстанымын анықтау қажет болған жағдайда партиялық тәлімгер қарастырылатын мәселеге жетекшілік жасайтын Партия Хатшыларымен және (немесе) Партия Орталық аппараты Басшысының келісімімен Сайлауалды тұғырнаманың өз бағыты бойынша іске асырылуы бойынша тиісті мәселелерді Партияның Саяси кеңесі Бюросының қарауына жолдайды.

  6. Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру мәселелері бойынша Партияның Саяси кеңесінің Бюросы белгілеген партиялық ұстаным Партияның Саяси кеңесі Бюросының шешіміне сәйкес Фракцияға орындау үшін жолданады.

  7. Сайлауалды тұғырнаманы жүзеге асыру мәселелері бойынша Партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімдерін Фракцияның орындауы туралы ақпаратты Фракция аппараты қарастырылатын мәселеге жетекшілік жасайтын Партия Хатшыларына және (немесе) Партия орталық аппаратының басшысына ай сайын жолдайды.

  8. Фракция жыл сайын Партияның Саяси кеңесінің Бюросына партиялық тәлімгерлердің сараптама топтарының ұсыныстарын жүзеге асырудың нәтижелері жөнінде есеп береді.



4.5. Партиялық тәлімгерлердің қызметін

ақпараттық сүйемелдеу
43. Партиялық тәлімгердің қызметін ақпараттық насихаттау және сүйемелдеу Партия орталық аппаратының медиа-жоспарын іске асыру аясында жүзеге асырылады.

44. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес партиялық тәлімгер әр айдың 20-сына дейінгі мерзімде өз қызметінің алдыңғы айға арналған жедел медиа-жоспарын әзірлейді.

45. Жедел медиа-жоспар іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеу қажеттігін көкейтесті ету мақсатында партиялық тәлімгер өз сараптама тобының хатшысына жоспарланған іс-шараға дейін 7 күнтізбелік күн бұрын іс-шараны ақпараттық сүйемелдеуге өтінім жолдайды.

46. Партиялық тәлімгердің жұмыс жоспарына енгізілмеген іс-шараны ақпараттық сүйемелдеу іс-шараны ақпараттық сүйемелдеуге өтінім жолдау және жедел медиа-жоспарға осы іс-шараны қосу арқылы жүзеге асырылады.

47. Жедел медиа-жоспарды және іс-шараны ақпараттық сүйемелдеу өтінімін Партия орталық аппаратының Баспасөз қызметімен келісуді Партияның ақпараттық қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарға сәйкес сараптама тобының хатшысы жүзеге асырады.

48. Ақпараттық сүйемелдеу нәтижелері бойынша Партия орталық аппаратының Баспасөз қызметі іс-шараны өткізу туралы БАҚ жарияланымдарының талдауын партиялық тәлімгерге сараптама тобының хатшысы арқылы жолдайды.

49. Партия орталық аппаратының Баспасөз қызметін сараптама тобының хатшысы арқылы хабардар ете отырып, Фракцияның медиа-жоспары шеңберінде партиялық тәлімгерлердің қызметін ақпараттық сүйемелдеуге жол беріледі.


4.6. Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру бойынша партиялық тәлімгерлердің аймақтық деңгейдегі

жұмысын ұйымдастыру
50. Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру бойынша аймақтық және аумақтық тәлімгер – Сайлауалды тұғырнаманың жекелеген бағыттарын тиісінше аймақтық (облыстық, Астана және Алматы қалалары) және аумақтық (аудандық, қалалық) деңгейлерде іске асыру бойынша Партия мүддесін танытатын тұлға.

51. Сайлауалды тұғырнама бағыттарын аймақтық және аумақтық деңгейлерге бекітуді партия Төрағасының Бірінші орынбасары жүзеге асырады.

52. Аймақтық және аумақтық Партия филиалдары аппараттарының ұсынысы бойынша Партияның тиісті филиалының Саяси кеңеснің Бюросы тиісті мәслихаттардың Партияға мүшелері депутаттары ішінен аймақтық және аумақтық тәлімгерлердің тізімін бекітеді. Аймақтық және аумақтық тәлімгерлердің тізімін бекітер алдында аймақтық тәлімгерлердің кандидатуралары сараптама тобының құрамын қалыптастыру процесінде тиісті партиялық тәлімгермен, аумақтық тәлімгерлердің кандидатуралары тиісті аймақтық тәлімгерлермен келісіледі.

53. Аумақтық деңгейде Сайлауалды тұғырнаманың бірнеше бағыттарын бір аумақтық тәлімгерге бекітуге жол беріледі.

54. Аймақтық тәлімгер Сайлауалды тұғырнаманың тиісті бағыты бойынша партиялық тәлімгерлердің орталық деңгейдегі сараптама тобының мүшесі болып табылады және Сайлауалды тұғырнаманың тиісті бағытын іске асыру бойынша төмен тұрған аумақтық тәлімгерлердің қызметіне жетекшілік етеді.

55. Аймақтық және аумақтық тәлімгерлердің қызметі мәслихат депутаттарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерінің шеңберінде Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру бойынша тиісті облыста, қалада, ауданда Партия мүддесін ілгерлетуге, сондай-ақ Сайлауалды тұғырнаманың тиісті бағыты бойынша халықпен кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған.

56. Аймақтық тәлімгерлердің қызметтері:

1) Сайлауалды тұғырнаманың жетекшілік ететін бағыттарын іске асыру мәселелері бойынша аймақ халқымен кездесулер өткізу;

2) Сайлауалды тұғырнаманың жетекшілік ететін бағыты шеңберінде тиісті Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдау;

3) партиялық тәлімгерді және сараптама тобының мүшелерін Сайлауалды тұғырнаманың жетекшілік ететін бағыты бойынша аймақтағы істің жағдайына қатысты объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

4) Сайлауалды тұғырнаманың жетекшілік ететін бағытын өз аймағында іске асыру бойынша орталық деңгейде шешуді қажет ететін проблемалық мәселелерді партиялық тәлімгердің және сараптама тобының қарауына енгізу;

5) Сайлауалды тұғырнаманың жетекшілік ететін бағытын іске асыру шеңберінде аумақтық тәлімгерлердің жұмысын үйлестіру.

57. Аумақтық тәлімгерлер тиісті аудандарда және қалаларда халықпен кездесулер өткізеді, Партияның тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Сайлауалды тұғырнаманың жетекшілік ететін бағыты бойынша тиісті аудандағы, қаладағы істің жағдайына қатысты объективті ақпаратпен жоғары тұрған аймақтық тәлімгерді қамтамасыз етеді.

58. Партиялық тәлімгерлердің жұмыс жоспарының негізінде Партияның тиісті филиалының Саяси кеңесінің Бюросы аймақтық және аумақтық тәлімгерлердің жылдық жұмыс жоспарларын бекіту арқылы Сайлауалды тұғырнаманың тиісті бағыттарын іске асыру бойынша Партияның аймақтық және аумақтық тәлімгерлерінің алдына міндеттер белгілеп, қояды.

59. Аймақтық және аумақтық тәлімгерлер жылына екі рет Партияның тиісті филиалы Саяси кеңесі Бюросының алдында өз қызметінің қорытындысы туралы есеп береді.

60. Аумақтық тәлімгерлердің есептерін қарау нәтижелері тиісті аймақтық тәлімгерге жолданады, аймақтық тәлімгерлердің қаралған есептері Партияның орталық аппаратына есеп беретін келесі кезеңнің (жарты жыл) екінші айының 15-сіне дейін жолданады.

61. Партия орталық аппаратына жіберілген аймақтық тәлімгерлердің есептерін Сайлауалды тұғырнаманың тиісті бағыты бойынша сараптама топтарының хатшылары жинақтап, қорытындылайды және партиялық тәлімгерге жолдайды.

62. Аймақтық және аумақтық тәлімгерлер Сайлауалды тұғырнаманың тиісті бағыттарын іске асыру мәселелері бойынша халықтың мақсатты топтарымен кемінде тоқсанында бір рет кездесу өткізуге міндетті.

63. Шешілуі мемлекеттік биліктің жергілікті атқарушы және өкілді органдарының құзіретіне кірмейтін Сайлауалды тұғырнаманы іске асырудың проблемалы мәселелері аумақтық тәлімгерден аймақтық тәлімгерге, аймақтық тәлімгерден Партияның орталық аппаратына жолданады және партиялық тәлімгермен келісу үшін сараптама тобының хатшысы тиісті сараптама тобының қарауына енгізеді.

64. Партияның аймақтық және аумақтық тәлімгерлерінің ұйымдастырушылық-аналитикалық жұмысын қамтамасыз етуді Партияның тиісті аймақтық және аумақтық филиалдарының аппараттары жүзеге асырады. Аппаратта жауапты қызметкер бекітіледі.



5. Сайлауалды тұғырнаманың іске асырылуына

мониторинг
65. Сайлауалды тұғырнаманың жекелеген бағыттарын іске асыру мониторингісін Сайлауалды тұғырнаманың бағытына жауапты болып белгіленген Партия орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

66. Сайлауалды тұғырнаманы іске асырудың жиынтық мониторингісін құзіретіне стратегиялық жоспарлау мәселелері кіретін Партия орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

67. Мониторинг жүргізудің негізгі принциптері:

1) алынған ақпараттың объективтілігі – мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшылардан, сондай-ақ социологиялық сауалнамалардан және зерттеу жұмыстарының басқа түрлерінен алынған деректердің шынайылығы;

2) алынған ақпараттың салыстыруға келетіндігі және салыстырымдылығы – салалар бойынша, уақыт аралықтары мен аймақтар бойынша деректер алу кезінде бірыңғай тәсіл мен бірыңғай әдістерді пайдалануда деректерді салыстыру және салыстырымдылық мүмкіндігі;

3) үздіксіздік – тұрақты негізде Сайлауалды тұғырнаманы іске асыруға мониторинг жүргізу;

4) жүйелілік – мониторинг Сайлауалды тұғырнаманың мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізумен шектелмейді, сонымен қатар оның халықтың мақсатты әлеуметтік топтарына ықпалын қарастырады.

68. Сайлауалды тұғырнаманың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін ақпарат көзі ретінде келесілер қолданылуы мүмкін:

1) мемлекеттік органдардың ресми ақпараты;

2) статистикалық ақпарат;

3) социологиялық сауалнамалардың, аналитикалық зерттеулердің нәтижелері;

4) Партияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінішітері;

5) Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің ақпараты;

6) Сайлауалды тұғырнама міндеттерінің аймақтарда орындалуын тексеру нәтижелері;

7) Сайлауалды тұғырнаманы іске асыруға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың дайындаған құжаттарының сапасын талдау және бағалау нәтижелері;

8) Сайлауалды тұғырнаманы іске асыруға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламаларды іске асыруды бағалау нәтижелері;

9) БАҚ-тың баспа және электронды материалдары.

69. Сайлауалды тұғырнаманы іске асырудың мониторингісі бекітілген Көрсеткіштер тізімінің негізінде жарты жылдық қорытынды бойынша аралық қорытындыларын шығара отырып, тұрақты негізінде жүргізіледі.

70. Партиялық тәлімгерлер мемлекеттік органдарға тиісті депутаттық сұраулар жіберу, халықпен кездесулер өткізу, аймақтарға барған сапарлары шеңберінде тиісті объектілерге бару арқылы Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру мониторингісіне қатыса алады.

71. Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру мониторингісінің партия Төрағасының Бірінші орынбасарын қараған нәтижелері партиялық тәлімгерге жіберіледі және Партияның Ғаламтор-ресурсында жарияланады.


6. Жауапкершілік
72. Партиялық тәлімгерлер, аймақтық жән аумақтық тәлімгерлер, партиялық тәлімгерлердің сараптама топтарының хатшылары, Партия филиалдарының аппараттары осы Ережеде белгіленген өз өкілеттіктерін сапалы және уақытылы орындалуына жауапты.

______________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет