«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы


Тәуелсіз журналистік тексерулер жүргіз



бет23/24
Дата02.01.2022
өлшемі0.97 Mb.
#452634
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
эльмира (1)

Тәуелсіз журналистік тексерулер жүргізу арқылы партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту Нұр-Медиа холдингінің басты міндеттерінің біріне айналады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру партия жанындағы Құқықтық кеңес арқылы ұсыныстарды дайындау жолымен жүргізілетін болады.



Мәжілістегі Фракция қажетті заңдарды қабылдау арқылы заң шығару үдерісіндегі партияның идеологиясын ілгерілетеді. 

VI. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ МЕН МОНИТОРИНГІ 

Бағдарлама екі кезең бойынша жүзеге асырылатын болады:

1.    Бірінші кезең: 2015 – 2020 жылдар;

2.    Екінші кезең: 2021 – 2025 жылдар.

Әр кезеңді іске асыру тиімділігі үшін бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған, шаралар кешені мен нақты индикаторлары бар Жол картасы әзірленеді. Жол картасын партияның Саяси кеңесінің Бюросы бекітеді.

Жол картасының әр кезеңі үшін жыл сайынғы қадамдық іс-шаралар жоспары жасалады.

Партия азаматтық қоғам институттарымен және сарапшылармен бірге жыл сайын бағдарламаны іске асыру мониторингін, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін түйсінуін және онымен күрестегі қабылданған шаралардың тиімділігін көрсететін әлеуметтік сауалнамалар мен зерттеулер жүргізетін болады.

Бағдарлама мониторингінің нәтижесі бойынша партия Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы жайында партия Төрағасына жыл сайынғы баяндаманыдайындайды. 

Баяндамада елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін түйсіну қарқыны туралы ақпарат болады, бағдарламада жоспарланған іс-шаралардың іске асуы мен ұсынылған индикаторларға қол жеткізуге объективті баға беріледі. 

Баяндаманы дайындау аясында партия қоғамның сыбайлас жемқорлықты түйсінудің жыл сайынғы Ұлттық индексін қалыптастыру үшін қажетті әдістемелік арқауды әзірлейді. 

Баяндаманың мазмұны мен сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттық индексі жыл сайын БАҚ-тарда жарияланатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет