Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет61/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   223
Китап касипкерлик

«Экспресс сұхбат» әдісі –пайдаланушының айналасындағы жағдайды білу немесе нақтылау қажет болған кезде «Бақылау және тыңдау» режимін пайдалана отырып жүргізіледі.

  • экспресс сұхбат «дәл осы жерде және қазір» режимінде бір мәселені сынау қажет болған кезде пайдалы;

  • прототип әзірлеу немесе жаңартуларды тексеру кезінде бірнеше итерация жасағанда әдіс тиімді болуы мүмкін;

  • экспресс сұхбат фото және видео ақпараттарды бірінші жинау кезінде қолайлы болады. Бірінші аналитикалық кезеңде деректерді бұрмалап, өз бетіңізше, өз түсінігіңізбен түсіндірмей, сұхбаттың осындай түрінің бақылауларын қолдана отырып қадағалаулардың дұрыстығы мен сенімділігін тексеруге сізде әрдайым мүмкіндік болады.

Дайындық:

  1. Бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін нақтылап жазу керек.

  2. Қарым-қатынас барысында түзетілуі және/немесе өзгертілуі мүмкін 5-10 негізгі сұрақтарды құрыңыз. Сұрақтар алдын-ала жоспарланбай, әңгімелесу барысында да пайда болуы мүмкін.

  3. Сұхбат кезінде белгілі бір адамға сұрақ қоюға байланысты оқиға ойлап табыңыз.Экспресс сұхбат кезінде адаммен өз «контексінде»,мысалы, ол адам өз міндеттерін орындап жатқанда немесе жолда кетіп бара жатқанда сөйлесуге тура келетіндіктен, өзіңіздің оған хабарласқандағы мақсатыңызды айтып бергеніңіз жөн.

Өткізу:

  1. Әңгімелесудің барлық кезеңінде «иә, сосын», ««әрине»«келіңіз бірге көрейік» және басқалары сияқты сөз тіркестерін қолдана отырыпөзін бейтарап қалыптаұстау маңызды.

  2. Пайдаланушыға әңгімелесу барысында қысым жасауға болмайды: егер адам ойындағысын айтқысы келсе, оған мүмкіндік беріңіз.

  3. Әңгіменің желісін сұрақ қоя отырып жалғастырып, әңгімелесушіні көңіл қойып тыңдаңыз.

  4. Пайдаланушының сіз берген тақырыптан басқа жаққа ауып кетпеуін қадағалаңыз.

Талдау:

  1. Бақылау нәтижелері мен жазбалары бар стикерлерді өз әріптестеріңіздің ұқсас материалымен біріктіріңіз.

  2. Бұл материал алынған деректерді талдауғақажет болады.

1-тапсырма
Сұхбат кезінде белгілі бір адамға сұрақ қоюға байланысты оқиға ойлап табыңыз.
Мысалы: «Сәлеметсіз бе! Меноқу жобасымен жұмыс істеп жатырмын. Біз идеяны тестілеп жатырмыз...Сіз бірнеше сұраққа жауап бере аласыз ба? Оған бірнеше минут қана уақыт кетеді».
2. Өз жобаңыз бойынша экспресс сұхбатқа5 сұрақ ойлап табыңыз.
3. Өз жобаңыз бойыншақандай жерлерде және қандай адамдармен экспресс сұхбатөткізе алатыныңызды сипаттаңыз.
«Терең сұхбат» әдісі пайдаланушылардың тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Бұл ең көп еңбекті қажет ететін және жауапты кезеңдердің бірі, өйткені терең интервью кезінде сіз адамның өзіде түсініп, түйсіне алмайтын «көмескі білім» туралы сұрастырасыз.
Мақсаттары:

  • Сіз не үшін сұхбат аласыз?

  • Сіздің не туралы білгіңіз келеді?

  • Ақпарат әрі қарай қайда қолданылады?

  • Қандай маңызды ақпаратты анықтау қажет?

  • Қай мәселеге баса назар аудару керек?

Терең сұхбат 1 сағаттан бастап 2,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Пайдаланушының жағдайына терең бойлау сол адамның әлемі, оның ұмтылыстары, тілегі, мәселелері туралы жан-жақты түсінік береді. Осы кезеңде еліктіру маңызды.
Әдіс:

  • Біз адамды мұқият тыңдаймыз.

  • Оның қиындықтарына түсіністікпен қараймыз.

  • Біз туындаған қиындықтар мен қуаныштардыңсебептерін анықтауға тырысамыз.

  • Сонымен қатар, өз мақсаттарымыз мен міндеттерімізді жадымызда ұстап, өз әңгімеміздің тақырыбын ұстанамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет