Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет94/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   223
Китап касипкерлик

1) белсенді сату сіз клиенттерді өзіңіз іздейсіз және қажеттілік тудырасыз. Бірде Coca-Cola компаниясының сату жөніндегі менеджері америкалық кинотеатрлардың ең ірі желілерінің бірімен шарт жасамақ болады. Нәтижесінде оның ұсынысы қабылданбайды – бұл желі олардың басты бәсекелесі Pepsi-мен шартқа отырмақшы екен.
Менеджер әңгімелесушісінен былай деп ашық сұрайды:

  • Мен сізге ұсыныс жасағанда нені ұмыт қалдырдым? Мен сіз үшін маңызды қандай мәселені айтпай кеттім?

  • Біз кинотеатрлардың холдарына реконструкция жасағалы жатқанбыз, сіздің бәсекелестеріңіз сол туралы біліп алыпты және бізге материалдық көмек көрсетеміз деді, - деп желі менеджері ашығын айтты.

  • Оны біз де жасап бере аламыз. Егер сіз бізді таңдасаңыз, міндетті түрде жасап береміз!

  • Олай болса, келісімшарт сіздікі.

2) пассивті сату клиенттерге сіздің тауарыңыз, қызметіңіз қажет болады және сізді олар өздері іздеп табады. Мысалы, сіз балет киімін сатасыз, сізді іздеп тапқан клиенттердің сіздің өніміңізді сатып алатыны айдан анық және оларды тауарды сатып алуға үгіттеудің қажеті жоқ – сыпайы қарым-қатынас жасасаңыз әрі дүкеніңіз тым қашықта орналаспасаболғаны.
3) адал сату ұзақ мерзімді әрекеттестікке бағытталған сату.Мысалы, егер клиент компанияға телефон шалып, хабарласа алмаса (мысалы, жұмыстан тыс уақытта), оған қоңырау шалып, болған жағдайдың есесіне бонус беруге болады. Бір жағынан, сіз еш нәрсе беруге міндетті емессіз, себебі жұмыстан тыс уақыттың болуы қалыпты жағдай. Бірақ екінші жағынан клиент сіздің компанияға өтініш жасады, ал сіз үшін бұл – маңызды.Сондай-ақ, сіз бір жыл мерзімге келісімшарт жасасқан жағдайда компанияларға жеңілдіктер ұсынааласыз. Бұл – оларды тұрақты клиентке айналдырады.
4) агрессивті сату бір жолғы табыс алуға бағытталған сату.
Менеджер (М.): Сәлеметсіз бе! Менің атым .... Мен фитнес-орталықтан хабарласып тұрмын.... Айтыңызшы, сіз біздің сайттағы ... тегінкурсымызды пайдаландыңыз ба?
Клиент (К.): Иә.
М.: Бізге сіздің курс туралы пікіріңіз өте маңызды. Сіз тесттің бірнеше сұрақтарына жауап бере аласыз ба, бұл небары бірер минут қана уақытыңызды алады?
К.: Иә. Жақсы.
М.: Сіз: а) салмақ тастау, б)толысу в) дене сымбатыңызды сақтауға арналған біздің тегін видеомызды қарадыңыз ба?
К.: Арықтауға арналған видеоны қарадым.
М.: Жаттығуларды қаншалықты жиі орындайсыз?
К.:Аптасына 3 рет.
М.: Қанша мерзім бойы?
К.: Бір ай ішінде.
М.: Сіздің нәтижеңіз қалай?
К.: Әзірге тек 2 килограмм салмақ тастадым.
М.: 2 килограмм аз, арықтау курсын жылдамдатуға болады. Қалай жылдамдатуға болатынын білгіңіз келе ме?
К.: Иә, білгім келеді.
М.: Біздің фитнес-орталықтар желісінде біздің жаттықтырушымыздың«Бірге арықтаймыз.Интенсив» деген авторлық курсына жазылу жүріп жатыр. 3 айдан кейін қатысушылар 12-ден 20 келіге дейін салмақ түсіріп, ал белдері 5-10 сантиметрге жіңішкеріп, әп-әдемі болып шыға келді. Бағдарламаны біздің жаттықтырушымыз патенттеген - сіздің арықтайтыныңызға кепілдік береміз. Бұл екінші лек – арықтау нәтижелері туралы естіген көптеген адамдар келіп жатыр, ал орындар саны шектеулі – 20 қыркүйекке дейін жазылу керек.
К.: Бірақ бұл қымбат шығар?
М.: Бізде қыркүйек айында акция жүріп жатыр – барлығына 50% жеңілдік беріледі. Сіз дәл осы акцияны пайдалана аласыз. Егер сіз қазан айында жазылсаңыз, курс ... тұрады, ал қазір жазылсаңыз – 3 айға небары ... болады. Бұл өте қолжетімді баға. Қанша орын қалғанын қарайын.
М.: Сіз қайда тұрасыз?
К.: …
М.: Сізге ...көшесіндегі .... немесе ..... көшесіндегі біздің орталықтарға барған ыңғайлы бола ма?
К.: ....көшесіндегі
М..: ....көшесіндегі орталықта бір топта әзірге бір орын бар екен, сізді жазайын ба? Сіздің нөміріңіз ... Тегін бірінші сабақ 23 қыркүйекте сағат 18.00-де. Жаттығуға спорттық киім мен аяқ киім ала келіңіз. Жаттықтырушаның аты ... Тағы да бір айтарым, жаттығуға кешікпеңіз, себебі сабақтың басында маңызды жайттар айтылады.
К.: Жақсы, мен уақытында келемін.
М.: Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет айтамын. Сізге ұнайтынына сенімдімін. Сізді 23 қыркүйекте сағат 18.00-де күтеміз. Сау болыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет