Нұр-сұлтан қаласы білім басқармсы №75 мектеп-гимназиясы қызықты қазақ тілі


ХІ. Ғаламтор және әлеуметтік желілер



бет19/37
Дата01.02.2023
өлшемі2.71 Mb.
#469010
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Кенжебекова Ж. Авторлық дұрысы2020.13.05

ХІ. Ғаламтор және әлеуметтік желілер
17.Жастар және ғаламтор.
1тапсырма. Мәтінді оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та пайда болды. Оны әр түрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс болған жағдайда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, содан ARPА net желiсi пайда болды. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар қолданды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн. компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Yйден шықпай , газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келсе, WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.
Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, қарапайым адам да қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi. Интернет - адамзаттың әлемдік қазынасы.


Сөздік
желі –сеть адамзат-человечество
жүйе-система бейбіт-мирный
мүмкіндік –возможность гиперсілтеме-гиперссылка
ІІІ деңгей
1.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Интернет қашан пайда болды?
2) Оны кімдер ойлап тапқан?
3) Сексенінші жылдары қандай термин пайда болды?
4) Интернет не үшін қажет?
2. Сан есімнің түрлерін анықта. Сандарды сөзбен жазыңдар.
ІІ деңгей
1.Термин сөздерді теріп жазыңдар.
2.Мәтінге жоспар құрастырыңдар.
І деңгей
Интернеттің пайдасы мен зияны туралы мәлімет жазу.
2-жаттығу. Кестені пайдаланып, берілген сөздерді септеңдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет