Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата11.03.2024
өлшемі450.47 Kb.
#495037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

шахматшы, бессайысшы т. б. сияқты қолданыстармен молыға түсті.
Стахановшы, жақаевшы түрінде жалқы есімге жалғанып белгілі бір
адамдардың мақсат-мүдде, қызмет-кәсібін жалғастырушы,
ізбасарлары деген ұғымды аңғартуы да бұл қосымшаның жаңа бір
қыры екендігін танытады.


Ғасырға толар-толмас уақыттың ішінде -шы, -ші қосымшасының
жалғану өрісінің бұлайша кеңейе түсуі жаңа бір тенденцияның пайда
болуына әсерін тигізді: бұл жұрнақ кейбір сөздердің құрамынан
шыға бастады (диқаншы>диқан, аспазшы>аспаз, бағбаншы>бағбан,
шаштаразшы>шаштараз т. б.). Қандай да болмасын тілдік амал-
тәсілдердің белсенділігі артқан сайын басы артық қолданыстан
арыла түсуіне де жағдай жасалынады. Олай болса, бұрынғыша босаң
норма ыңғайымен бірде аспаз, бірде аспазшы, бірде бағбан, бірде
бағбаншы деп қолдану лексикалық нормадағы жаңа құбылысты елеп-
ескермеуге саяды.
Қазіргі тілімізде кейбір тілдік амал-тәсілдердің жұмсалуына көңіл
аударып, зер сала бастасақ, «бұлай қолдану дұрыс па?», «осылай деу
нормаға лайық па?» деген де көлденең сұраулар көбейе береді. Газет-
журнал оқып отырғанда, радио тыңдап, телевизордан айтылатын
сөзге құлақ салғанда мал өсірушілердің қаһарлы қысқа әзірлігі,
қызылша өсірушілердің аудандық елеті, сүт саушылардың озат
тәжірибесі дегендерді ара-тұра ұшыратып та қаламыз. Малшы
қызылшашы, сауыншы тәрізді дағдылы синтетикалық тәсілмен (туынды
сөзбен) жеткізілетін ұғымдар аналитизмдер (сөз тіркесі) арқылы
берілген. Қазақ тілінің бітім тұлғасы жалғамалы (агглютинативті).
Сондықтан да мұндай қолданыстарды қосымшалар арқылы беру –
бұл тіл үшін табиғи нәрсе. Осы себептен бұрын-соңды ешбір
қазақтың түйешіні түйе өсіруші, жылқышыны жылқы өсіруші,
сауыншыны сүт сауушы демегені белгілі. Сөзді бұлайша қолдану –
аналитизмге көзсіз бой ұрып, сөзді табиғи қалпынан айыру,
нормадан қиыс кету. Аналитизмнің де өз кезегінде жұмсалар жері
бар. Бірақ оған шектен тыс жүгіне беру де орынды көрінбейді. Ал
қажетті жерінде аналитизмді қолданудың жөні мүлде басқаша. Газет
бағанасынан алынған мынадай шағын текстен осы айтылғанның
екеуін де кездестіресіз. «Талдықорған облысындағы Еңбекші
совхозының қызылша өсірушілері, Алматы облысындағы Еңбекші
қазақ ауданының Ленин атындағы колхозының жүгері өсірушілері,
қарағандылық картоп өсірушілер мол өнімге қыс айларында ие болу
үшін ат салысуда» (газеттен). Әрине, жүгері өсіруші, қызылша өсіруші
тәрізді орынсыз қолданылған аналитизмнен картоп өсіруші деудің
жөні басқа. Сәбіз, пияз, қартоп тәрізді көгөніс түрлерін білдіретін
сөздерді сәбізші, пиязшы, картопшы деп айту тілдік дағдыға ене
қоймаған. Мұндайда картоп өсіруші деп қолданылған аналитизм
орынды көрінеді.
Әр тілдің өзіне тән төл заңдылығы бар. Сонымен бірге тіл-тілге
ортақ заңдылықтар да бар. Тіл тарихын зерттеуші белгілі тіл
білімпаздарының көрсетуінше, сондай заңдылықтардың бірі – кейбір
сөздердің аяққы дауыстыны жоғалтып отыруы. Зерттеушілер бұл


құбылысты тілдегі ашық буынды сөздердің шектен тыс көбейіп
кетпеуі, сөздің дыбыстық жағынан ықшамдалуы тәрізді заңдылыққа
байланыстырады. Тілдегі ашық буынды сөздер мен өзге буынды
сөздердің, аз буынды сөздер мен көп буынды сөздердің қалыптасқан
белгілі бір арасалмағы болуға тиіс. Егер олардың арасалмағы
бұзылса, бірінен екіншісіне ауытқудың пайда болуы ықтимал.
Ондайда ашық буын тұйық буынға, көп буынды сөз аз буынды сөзге
айналу тенденциясы пайда болады. Тіл қолданысымызда жиі
кездесетін варианттардың бір типін осы құбылысқа қатысты
қарастыруға болады. Олар: тәңір – тәңірі («иттің иесі болса, бөрінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет