НҰрымбетова кенжекүЛ Қалдыбекқызы тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.72 Mb.
#5704
түріДиссертация
  1   2   3   4


ӘОЖ 94 (574). 084. 91 Қолжазба құқығында

НҰРЫМБЕТОВА КЕНЖЕКҮЛ ҚАЛДЫБЕКҚЫЗЫ

Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау (1991-2008 жж.)

07.00.02. - Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010


Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазіргі заман тарихы мен ғылыми ақпараттар бөлімінде орындалды.





Ғылыми жетекші:

тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.М. Меңдіқұлова


Ресми оппоненттер:

тарих ғылымдарының докторы

Ә.Б. Ғали
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Б. Қозғанбаева







Жетекші ұйым:

Абай атындағы Қазақ Ұлттық

педагогикалық университеті



Диссертация 2010 жылы «11» қараша күні сағат 14-00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.


Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады. (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28)

Автореферат 2010 жылы « » қазанда таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева



КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс еліміздің тарихи-мәдени, әлеуметтік, саяси, демографиялық дамуы мен қауіпсіздігіне зор ықпалы бар тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы репатриация процесіне арналған.

Тақырыптың өзектілігі. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылдың
16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының өз территориясындағы бүкіл үкімет билігі өз қолында, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық мемлекеттің тәуелсіздігін жариялады. Осы тарихи құбылыстан бастап, жас Қазақстан Республикасы маңызды этносаяси шараны жүзеге асыра бастады, оның басты айғағы қазақтардың репатриация процесі қоғам дамуының негізгі басымдылығына айналды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша отандастарымыздың тарихи отанына оралу процесі, яғни репатриация процесі еліміздің тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы кезінен бастау алды. Тарихтағы қазақ халқының этно-территориясы таяу заманға келгенде төңіректегі алып елдер тарапынан бөліске түскендіктен, қазақ халқының біраз бөліктері өздері отырған жерлерімен басқа елдің құрамына өткен. Сондай-ақ тарихи-саяси себептердің салдарынан алыс-жақын шетелдерге босып кеткен қазақ өкілдері, қазір көптеген мемлекеттерде өмір сүруде. 1990 жж. басында әлемде тек 3 мемлекет ғана репатриациялық іс-шараларды жүргізген болатын, бұлар Израиль, Германия мен Қазақстан. Ал қазіргі кезде репатриациялық процестер тек Израиль мен Қазақстанда жалғасуда, ал Германия бұл құбылысты тоқтатты.

Кезінде шет елдерді паналап көшуге мәжбүр болған, енді атамекенге келуге ниет бірдірген бауырластарымыздың құқықтық жағдайын реттейтін алғашқы нормативті акті 1992 ж. 26 маусымда қабылданған «Иммиграция туралы» заң болды [1]. «Иммиграция туралы» заң этникалық қазақтардың көшіп келуінің ұйымдық мақсатын қамтамасыз ету және реттеудің, оларға жаңа жерде қолайлы жағдай жасаудың құқықтық негіздерін құрады.

Тәуелсіз ел болып, есімізді жиып, өз туымыздың желбіреген алғашқы жылдарда-ақ жат жердегі ағайын ел жаққа қарап елеңдей құлақтарын түрді. Өзінің тарихи Отанын таба бастаған өзге ұлттар секілді шет елдегі қазақтар да тарихи Отанына оралды. Бұл құбылыс әлі де жалғасын табуда.

«Репатриация» дегеніміз - шетел территориясында өмір сүріп жатқан отан-дастарымыздың өзінің тарихи Отанына оралуы. 1997 ж. қабылданған «Халық-тың көші-қон туралы» заңында алғаш рет шеттен келген отандастарымызға оралман анықтамасы қолданылды. Бұл заңда айтылғандай: «Репатриант (орал-ман) – жалпы саяси қуғын-сүргін актілері заңсыз реквизициялау, күштеп ұжым-дастыру, ізгілікке жат – өзге де іс-әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тыс-қары жерге қуылған және азаматтығынан айрылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтары» [2]. Ал 2003 ж. наурызда «Халықтың көші – қон туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Заңның 1-бабына сәйкес оралман дегеніміз ұлты қазақ, азаматтығы жоқ, Қазақстанда тұрақты мекендеу-ге келген шетелдіктер болып табылады. Репатриация процесінің Қазақстан Республикасына қажеттілігі: біріншіден, репатриация процесі еліміздегі демог-рафиялық ахуалды қалпына келтіруге және этникалық балансты өзгертіп, көші-қон шығынын толтырып, өткен жылдардағы этнодемографиялық сәйкессіздікті қалпына келтіреді; екіншіден тарихи шындықты орнатып, ұлттық бірігейлікті сақтаудағы маңызды қадам болып табылады; үшіншіден дамыған нарықтық қатынастар мен өзге ұлт арасында өмір сүрген отандастарымыздың бейімделу тәжірибесі қазақстандықтардың экономикалық менталитетінің модернизацияла-нуына әсер ету мүмкіндігінің болуы. Төртіншіден, шетел қазақтарының қайма-ғы бұзылмаған қазақ тілі, әдет-ғұрып пен мәдениетті сақтауы, ұлтымыздың рухани байлығына үлкен үлес қосуы, сондай-ақ репатриация ұлттық идеяның құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады [3]. Осы мәселелерді шешуге бағытталған репатриация процесін зерттеудің өзектілігі әрқашан да маңызды болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық тарихнамада көрсетілген мерзім-дегі Қазақстандағы көші-қон үрдісінің құрамдас бөлігі болып есептелетін репатриация мәселелеріне байланысты арнайы зерттеулер жеткілікті түрде жүр-гізілді деп айту қиын. Дегенмен де еліміз егемендік алып тәуелсіздікке қол жет-кізген шақтан бастап репатриация мәселесіне жеке арналмаса да біршама қара-лып, тоқталған ғылыми жұмыстар мен диссертациялық зерттеулер орын алған.

М.Б. Тәтімовтың еңбектерінде отандық тарихи демографияның өзекті мәселелері зерттеліп, халық саны, көші-қон мәселелері, оралмандардың орналасуы талданып, халқымыздың өсіп-өну, даму кезеңдері туралы нақты деректер келтіріліп, болжамдар жасалынған [4] .

Г.М. Меңдіқұлованың зерттеуінде тағдырдың тәлкегімен туған отанынан тыс жерлерде өмір сүруге мәжбүр болған қазақтардың тарихы мен бастан кешкен қоғамдық өзгерістерін, әлеуметтік-шаруашылық, экономикалық тұрмыс-тіршілігі. мен ұрпақтарының қазіргі күнгі жағдайлары сөз болған.

Аталған ғалымның «Казахская диаспора: история и современность» атты зерттеулерінде отандық және шетел мұрағаттарынан алған бұрын басылмаған құжаттар тарихи айналымға ұсынылған, ал саяси, экономикалық, демография-лық, мәдени және де басқа да үрдістердің дамуында маңызды рөл атқаратын мемлекетаралық көші-қон тарихын зерттеуге арналған Г.М. Меңдіқұлова мен


Б. Ж. Атантаеваның 1860-1960 жж. Қазақстан мен Қытай аралығындағы көші-қон тарихына арналған, Қ.И. Қобландин мен Г.М. Меңдіқұлованың Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және қазіргі кездегі дамуына арналған зерттеуінде тақырыпқа қатысты мәселелер орын алған. Бұл ғылыми еңбекте қазақстандық тарихнамада алғаш рет жинақталған, жүйеленген және сарапталған мұрағат құжаттары мен статистикалық материалдар негізінде Өзбекстан Республикасында өмір сүрген қазақтардың тарихы және қазіргі кезеңдегі жағдайлары туралы мәселелер кешенді зерттелген [5].

Г.М. Меңдіқұлованың Қазақстандағы оралмандардың бейімделу мәселеле-ріне арнаған мақаласын, Қазіргі Қазақстандағы Түркия қазақтарының репатриа-циясы; «Влияние социально-экономических факторов на динамику мигра-ционных процессов в Центральной Азии в начале ХХ века»; «Современные миграционные тренды между Казахстаном и Китаем» тағы басқа да мақалаларын айтуға болады [6].

Егемендік жағдайында Қазақстандағы демографиялық құбылыстарды зерттеуге арналған еңбектерде де репатриация мәселелері орын алған.
М.Х. Асылбеков пен Ә.Б. Ғалидың Қазақстандағы кеңес дәуіріндегі демогра-фиялық ахуалға талдау жасаған еңбегінде, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешова-ның [7] монографиялық зерттеуінде ХХ ғасырдағы демографиялық мәселелерге тарихнамалық талдау беріліп, көші-қон, репатриация процесіне де көңіл бөлінген.

З. Қинаятұлының екі кітаптан тұратын «Монғолиядағы қазақтар» монографиясы тарихи және социологиялық, статистикалық әр жақты зерттеулерге сүйене отырып Монғолиядағы қазақтардың тарихын зерттеуге арналған, өткен ғасырдың соңы, яғни тәуелсіздік алғаннан кейін атамекенге бет бұрған көштің алғашқы кезеңі қамтылса, «Монғолиядағы қазақтар. 2-кітап» тәуелсіздік жылдарындағы Монғолия мен Қазақстанда болған тарихи оқиғалар қарастырылған [8] ғылыми еңбектерінде Монғолия қазақтарының репатриация-сы жайында жазылған.

Қазақстан егемендігін алғаннан кейінгі кезеңдегі елдегі көші-қон үрдістері-нің барысын, бағыттарын талдап, ерекшеліктерін саралаған, республикадағы демографиялық ахуалдың жағдайы баяндалған М.Х. Асылбеков пен
В.В. Козинаның ғылыми зерттеуінде Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі демографиялық өзгерістер мен оның барысы, маңызы қарастырылып ғылыми талдау жасалған. Осы аталған авторлардың бірлесіп шығарған «Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета» ғылыми еңбегінде тәуелсіз Қазақстан халқының демографиялық өзгерістеріне жаңаша көзқарас-пен талдау жасалған [9].

Н.В. Алексеенко мен А.Н. Алексеенконың Қазақстандағы 1897 ж. бірінші халық санағынан кейінгі жүз жыл көлеміндегі тұрғындар санының


қозғалысына арналған еңбегінде 1980-жж. соңынан басталған ел тұрғындары-ның санының азаю себептеріне талдау жасалынып, оның себептері қарастырылған [10, 44 бб.].

М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенованың монографиялық зерттеуінде 1939-1959 жж. арасындағы Қазақстандағы халық санының өсіп-өнуіне, оның негізгі факторлары – табиғи қозғалыс пен механикалық қозғалыстың барысы мен салдарларына талдау жасалынып, осы кезеңдегі республика тұрғындары-ның демографиялық ахуалына ғылыми тұрғыда баға берілген [11].

А. Ғалидың мақалаларында халықтың көш-қоны, демография мәселелері жан-жақты қарастырылған [12].

Дегенмен де, тарих ғылымының зерттеу бағыттарының бірі болып табылатын көші-қон мәселелердің ішінде репатриация үрдісі арнайы зерттеу нысаны болған емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасындағы репатриация үрдісінің жан-жақты зерттелуі кезеңдерге бөліне отырылып, алғаш рет осы диссертациялық жұмыста арнайы ғылыми зерделеніп отыр.



Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бүгінгі таңда шетелдерде тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи Отаны – Қазақстанға оралу мәселесі мемлекеттік деңгейде қаралып, заңды негіздер жасалынуда. Қазақстан республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап шетелдегі сан миллион қазақтармен мәдени рухани салада байланыс жасауға, олардың атажұртқа оралуына мүмкіндік туғызуға айрықша назар аударылып келеді.

Бүгінгі тақырыпта осы мәселелер мен репатриация процесі кезіндегі туын-даған маңызды мәселелер қамтылады. Репатрианттардың Қазіргі Қазақстандағы саяси, психологиялық және мәдени-рухани мәселелерін жан-жақты жүйелі зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты. Қазақ репатриациясының қажет екенін, оның Қазақстанға жан-жақты тигізер пайдасы бар екеніне ғылыми тұжырымдар арқылы зерделеу. Осы мақсатты іске асыру үшін, мынандай міндеттерді орындауға талпындық:

– Кеңес заманындағы репатриация үрдісінің ерекшеліктерін айқындау.

– Дүниежүзі қазақтарының құрылтайының репатриация үрдісіне әсерін көр-сету мен құқықтық негіздерін сараптау;

– репатриация үрдісінің барысын айқындау; репатрианттардың хал-жағдай-лары, олардың Отанына келгендегі кездестірген әртүрлі қиыншылықтары мен тыныс тіршілігін көрсету;


  • қазіргі Қазақстандағы репатриация мәселесін зерттеу;

  • репатрианттардың облыстар бойынша орналасуын айқындау;

– Қазақстандағы репатриация үрдісінің ерекшеліктері мен жетістіктерін ашып көрсету, оның әлеуметтік-экономикалық үрдістерге ықпалын қарастыру.

Зерттеу жұмысы 1930, 1950-1960 жылдардағы репатриация үрдісіне тарихи шолу жасай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы репатриация үрдісін қарастырады.



Зерттеу жұмысының деректік негізі. Тақырыпты ғылыми талапқа сай орындау үшін оған қатысты деректерді жан-жақты пайдалануға баса назар аударылды. Жарияланған және жарияланбаған деректер пайдаланылды.

1 Мұрағат деректері. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қр президенті мұрағаты, Алматы облысы мемлекеттік мұрағаты қорларындағы құжаттармен жұмыстар атқарылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының 141, 719, 708, 7, 5-Н, 75-Н қорларынан алынған мәліметтер пайдаланылды. Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатындағы БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің қорында (141) кеңестік билік орнағаннан кейінгі уақыттағы ұжымдастыру, байларды тәркілеу-ге қатысты деректер, республикадағы халықтың ұлттық құрамы және қарым-қатынасы туралы құжаттық деректер сақталған. Қазақстан Комунистік Партия-сының Орталық Комитетінің қорында (708) көптеген қаулы-қарарлар, шешім-дер және басшылардың есептері жинақталған. Қор деректерінен Қазақстанда кеңестік кезеңде жүргізілген көші-қон қозғалысы, депортацияланып келгендер мен тың игеру кезінде елдің еуропалық бөлігінен келгендер жайында мәліметтермен қатар Қытай Халық Республикасынан келген қазақ, татар, дүнген, орыс, өзбектердің облыстар бойынша орналасуы туралы оларға көрсетілген көмектер, жүргізілген іс-шаралар мен олардың қорытындылары бойынша деректер сақталған. Қазақ шаруашылықтарының келуі және жүргізілген іс-шаралар туралы деректер 719 қорда да жинақталған. Сондай-ақ, мұрағаттың Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республи-касы Министрлер кабинетінің қорында (5-Н) қаулылар, шешімдер жинақталған, Қазақстан Республикасы президентінің аппараты. Іс басқармасы қорында (7) Қазақстандағы көш-қонға қатысты ақпараттық құжаттар сақталған. Сыртқы істер министрлігінің қорында (75-Н) ішкі аймақтық экономикалық, әлеуметтік жағдайларға байланысты ақпараттық құжаттар мен ТМД елдерінің 1994 жылға дейінгі сырты саяси бағытына қатысты материалдар жинақталған. Бұл қорларда Бірінші Құрылтайдағы Н.Ә. Назарбаевтың баяндамасының жобасы, екінші Құрылтайда елбасының жасаған баяндамасы, 1992 жылғы «Иммиграция туралы» заңын енгізу, әкімшілік-аймақтық өзгерістер туралы, Қазақстандағы көші-қон үрдістерін реттеу туралы, Дүниежүзі Құрылтайын өткізу және дайындық жұмыстарына қатысты құжаттар, «Қазақстан» қоғамының мәдени байланыстары жөніндегі, ТМД елдерінің мемлекетаралық көші-қон, еңбек жөніндегі консультативтік кеңесі туралы, көші-қон мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісім жобасы туралы, «Қазақстан республикасындағы паспорттық жүйе» туралы ҚР Заңының жобасы, «Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібін бегіту» қаулысы, Қазақстандағы көші-қон мәселелеріне қатысты жүргізілген іс-қағаздар т.б. құнды деректік құжаттар жинақталған.

Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағатындағы Шеттегі отандастарымызбен мәдени қарым-қатынас жасайтын қазақ бөлімі қорында (2205) кеңес дәуірінде шеттегі отандастарымызбен қарым қатынас жасайтын «Қазақстан» қоғамының жүргізілген іс-шаралары, есепті жиналыстарының құжаттық мәліметтері сақталған.

Қазақстан Республикасының Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағатының 972, 972 (жалғасы), 1078 қорларындағы деректерін молынан ғылыми айналымға тарта отырып, Алматы облысы мен аудандарындағы миграциялық процестер мен оралмандар туралы құнды мәліметтер алынды.

2 Заңдық актілер. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғылары мен Үкімет пен басшы органдардың заңдық актілері, ережелері, заңдық құжаттар пайдаланылған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1992 жылғы 26 маусымдағы «Иммиграция туралы» заң, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы (1997 ж. 13 желтоқсан), ҚР көші-қон саясатының Тұжырымдамасы (2000 ж. 5 қыркүйек), ҚР көші-қон саясатының 2001-2010 жж. арналған салалық Бағдарламасы (2001 ж. 29 қазан), «1996 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 ж.


24 сәуiрдегі № 2959 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 ж.
22 сәуiр №
622 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 ж.
3 сәуiрдегi № 3894 «1998 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 ж
. 3 мамырдағы № 128 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің № 406 2000 ж. 17 маусым-дағы Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж. 11 маусымдағы № 628 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 16 қыркүйек-тегі № 945 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 10 ақпан-дағы № 1017 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 27 жел-тоқсандағы № 1508 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 ж.
15 ақпандағы № 137 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 ж.
22 қаңтардағы № 32 Қаулысы,
мен «Нұрлы көш» Бағдарламасы және т.б.

3 Статистикалық материалдар. 1989 жылғы және тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы алғашқы халық санақтарының материалдары мен қорытындылары, ағымдағы статистикалық материалдар қамтылып, 2009 ж. екінші ұлттық халық санағының алдын ала есептеулерінің баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтері пайдаланылды.

4 Экспедиция материалдары. 2003 жылы репатрианттар жиі орналасқан Алматы облысында, 2004 жылы Қарағанды облысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институттының ғылыми ақпараттар бөлімінің «Қазақстандағы репатрианттардың бейімделуінің теориялық және практикалық аспектісі (кешенді тарихи-этнологиялық-антропологиялық зерттеу)» іргелі ғылыми зерттеу бойынша жүргізілген кешенді экспедиция (жетекшілері тарих ғылымдарының докторлары Г.М. Мендіқұлова мен О.И. Исмағұлов) барысындағы материалдар пайдаланылды. Экспедиция өз жұмысын оралман-дар жиі орналасқан Алматы облысының Қарасай ауданында, Қарағанды мен Теміртау қалаларында, Қарағанды облысының Бухаржырау мен Осакаровка аудандарында, Тоғызқұдық, Гагарин, Жаңа талап, Корнеевка, Қызыл жар, Айхан ауылды мекендері, Молодецкое, Ростовка селосында мен Шет ауданында, Ақсу-Аюлы, Акой, Батык, Нұраталды елді мекендерінде жүргізілді.

Осы экспедициялар барысында автордың тікелей шетелдерден келген оралмандардан алған сұхбаттары да арқау болды.



Зерттеудің хронологиялық шеңбері. 1991-2008 жылдар болып белгіленді, яғни тәуелсіз Қазақстандағы шет елдердегі отандастарымыздың тарихи отанына оралу процесінің жаңа «Нұрлы көш» Бағдарламасы қабылданғанға дейінгі аралықты қамтыған. Бірақ кеңес заманындағы репатриация процесімен салыстыру қажеттігі мақсатында, зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері кеңес заманындағы репатриация процесіне шолумен басталады.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негіздері.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негіздері ғылыми прин-циптерге негізделген. Репатриация процесін жан-жақты зерттеуде ғылымның тарихилық, шынайылық, жалпы әдістемелік сияқты қағидалар қолданылған. Нақтылы фактілік материалдарды және мұрағаттық деректерді зерделеу ғылы-ми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелеу, салыстыру, саралау, қорытын-дылау әдістері негізінде жүргізілді. Зерттеу жұмысы тарих ғылымындағы зерттеудің диалектикалық-материалистік, жүйелілік-құрылым-дық, салыстыр-малы-тарихи, сабақтастық талаптарға сай жүргізілді. Мәселе нақты тарихи қажеттілік, тарихи тағылым, тарихи процестің объективтілігі тұрғысынан қарастырылды.



Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Қазақстандағы 1991-2008 жж. репатриация үрдісін зерттей отырып, тарихи тұрғыда отандық тарих ғылымында алғаш рет арнайы диссертациялық деңгейде жүзеге асырылуымен анықталады. Зерттеуде алынған ғылыми жаңалықтар:



– Қазақстан Республикасындағы репатриация үрдісімен салыстыру мақса-тында кеңес заманындағы репатриация үрдісіне қатысты мұрағат құжаттары талданып, оның барысы мен ерекшеліктері анықталды;

  • ҚР ПА, ҚРОММ, АОММ қорларынан алынған репатриация үрдісіне қатысты жаңа деректер ғылыми айналымға енгізілді;

  • Тәуелсіз Қазақстандағы 1990 жылдардағы репатриация үрдісінің барысы мен ерекшеліктері көрсетілді;

  • Тәуелсіз Қазақстандағы 2000 жылдардағы репатриация үрдісінің ерекше-лігі сараланды;

  • Оралмандардың облыстар бойынша орналасуына жүйелік талдау жасалынды;

  • Репатриация үрдісінің ерекшеліктері, оның әлеуметтік-экономикалық үрдістерге ықпалы салыстырмалы талдаулар негізінде берілді.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

  • Кеңес өкіметі жылдарында мемлекеттік саясат саяси және экономикалық жағдайларға байланысты ҚХР-дағы совет азаматтарының қайтуына жағдай жасауына бағытталды. Кеңес өкіметінің мемлекеттік органдары миграциялық үрдістерді қатаң қадағалауға алып отырып, репатрианттардың келген жерлерін-де жайласып қоныстануларына көмек көрсетіп отырды. Совет-қытай қатынас-тарының нашарлануы, аз ұлт өкілдеріне қарсы бағытталған Қытай саясатының әсері совет азаматтарының қайтуларына себеп болды. Миграциялық үрдістер негізінен халықтардың өз еркімен ойланып жасаған қималдары болса да, көбінесе жақын орналасқан екі ел мүдделеріне де байланысты жүрді.

  • Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы барысында құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы шеттегі қазақтармен арадағы мәдени, рухани қарым-қатынастардың ауқымын кеңейту арқылы шетелдегі қазақтарды қазақ күйінде сақтап қалуға және қабылдаған заңдарға сәйкес атамекенге келем деушілерге септігін тигізері анық.

  • Өз Отанына қайтқан репатрианттардың Қазақстанға құт-береке алып келері сөзсіз. Оларды өздерінің ата-қонысына дұрыс орналастырған жөн және өз қара щаңырағына қайтқан бауырластарымыздың ата кәсіпке, ұлттық дәстүрге, діл мен тілге бейімділігін орынды пайдалана білсек, Қазақстанды өздерінің қара шаңырағы ретінде құлпырта түсуге олардың күш-жігері жеткілікті.

  • Квотаның 2005-2007 жылдары 15 мың отбасына бөлініп, ал 2009 жылы 20 мың отбасына белгіленуінің нәтижесінде елімізге оралған отандастарымыз-дың қазақтардың өз отанында көпшілікке айналуына қосар үлесі баршылық.

  • Шетелден этникалық қазақтардың иммиграциясы халық санының артуына және жалпы сандағы байырғы халық үлесінің артуына септігін тигізетіні аян

  • Сыртқы көші-қон саласында қашан да этникалық көші-қонның маңызы басым. Қазақстанның жері ұшан-теңіз кең, ал тұрған халқы онымен салыстырғанда аз. Қазақстанның болашақ өсіп-өркендеуі, қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігінің арта беруі - белгілі бір дәрежеде шет елдегі қазақтардың ата-жұртқа неғұрлым көбірек оралуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет