Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата09.06.2016
өлшемі215.21 Kb.
#124601

Әдістемелік нұсқаулар




Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қаржы кафедрасы

050509 «Қаржы» мамандығы студенттерінің

«Банк ісі» пәні бойынша курстық жұмысты орындау

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы






Ф СО ПГУ 7.18.1/11

формасы








БЕКІТЕМІН




Қаржы-экономика факультетінің деканы




___________Т.Я. Эрназаров

«____»_____________200_ ж



Құрастырушы: аға оқытушы А.М. Аблязова _______________


Қаржы кафедрасы
050509 «Қаржы» мамандығы студенттерінің

«Банк ісі» пәні бойынша курстық жұмысты орындау



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Кафедра мәжілісінде ұсынылған «____»____________200 ж.

Хаттама №____


Кафедра меңгерушісі______________ Н.С. Кафтункина

Қаржы - экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған

«____»_________200_ ж. Хаттама №_____

ОӘҚ төрағасы ____________________Л.A. Сидорова




1 Жалпы нұсқаулар

    1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының жаңа кезеңі нарықтық қатынастың құралуымен сипатталады: жаңа ақша несие жүйесі құралады, жаңа несиелік-қаржылық институттары пайда болады, нарықтық экономикаға сәйкес банктік жүйенің құрылымы өзгереді. Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің халықаралық банктік істің жүзеге асу ұстанымдарына көшу шартында әлемдік банктік технологиялардың Қазақстан экономикасының даму ерекшелігімен ұштасуы маңызды болып саналады.

Банк ісі пәнін оқытудың мақсаты – студенттердің банктік индустрия қызметін ұйымдастыру, банк жұмысын объективті, ұқыпты бағалау және басқару шешімдерін қабылдау барысында экономикалық ойлау қабілетін дамыту облысында алған теориялық және тәжірибелік дайындығын дамыту болып саналады.

Курстық жұмысты орындау мақсаты – «Банк ісі» пәні бойынша студенттердің алған теориялық білімдерін бекітіп, коммерциялық банктің қаржылық жағдайына талдау жүргізу барысында өзіндік дағдыларын дамыту болып есептеледі.

Курстық жұмысты орындау міндеттері:


  1. коммерциялық банкті басқару жүйесінде қаржылық жағдайды талдау рөлін анықтау;

  2. коммерцяиылқ банктің қаржылық жағдайын талдауды жүргізудің тәсілдерін зерттеу;

  3. коммерциялық банктің қаржылық есептеме формаларын зерттеу;

  4. банк қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін және алатын тәуекелдер түрлерін есепке алу;

  • тәуекелдер мөлшері мен экономикалық көрсеткіштердегі өзгеріс факторларын зерттеу;

  • алынған көрсеткіштерді бірігей банк тобы бойынша орташа көрсеткіштермен салыстыру;

  • әр талдау тараулары жалпылай қорытындыланады.


1.2 Курстық жұмыстың құрамы мен мазмұны
Курстық жұмыс үш тараулардан тұрады. Курстық жұмыстың мазмұны келесідей беріледі:

Кіріспе


1 Бөлім Банктің қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

1.1 Банктің қаржылық жағдайын талдаудың рөлі мен мәні

1.2 Банктің қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері және оны жүргізу тәсілдері

1.3 Банктің қаржылық жағдайын талдауды ақпаратпен қамсыздандыру

2 Бөлім Банктің қаржылық жағдайын талдау (есептік бөлім)

3 Бөлім Студенттің вариантына сәйкес келетін жеке сұрақ

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар
2 Курстық жұмыстың есептік бөлімін орындауға әдістемелік нұсқаулар
Ұсынылған әдістемелік нұсқаулар банктің қаржылық жағдайын оның қаржылық есептемесі және ресми ақпарат көздері негізінде толық талдауға бағытталған.

Талдлаудың соңғы мақсаты - ол мәселелердің пайда болудың алғашқы кезеңнен бастап аңғару болып есептелінеді.

Банктің қаржылық жағдайына тиімді талдау жүргізу нақты шарттар тізімін орындауды қажет етеді. Ең маңыздысы – талдау кезінде қолданылатын ақпарат көздерінің нақтылығы мен шындығы, оның мерзімге сай келуі мен толық жетілуі. Шын ақпараттың жоқтығы банк мәселелерін дұрыс бағалай алмауынан болады және ол қатерлі жағдайға әкелуі мүмкін.

Бұл әдіснама ауқымында қолданылатын көрсеткіштер жүйесі келесі аналитикалық топтарға жіктелген:



  1. Баланстық есептемені құрылымдық талдау;

  2. Табыс пен шығын жөніндегі есептемені құрылымдық талдау. Банк қызметі мен оның жеке көрсеткіштерінің коммерциялық тиімділігі (табыстылығы);

  3. Капиталдың жеткіліктілігін талдау;

  4. Несиелік тәуекелдікті талдау;

  5. Өтімділік тәуекелдігін талдау.

Банктің қаржылық жағдайын талдау тарауларының мазмұны:

1 Баланстық есептемені құрылымдық талдау.

Құрылымдық талдау тәуекелдерді анықтау мақсатында жүргізіледі. Ол келесі талдау түрі негізінде жүзеге асады: баланстық есептеменің жалпы құрылымы; активтердің құрылымы; пассивтердің құрылымы; баланстан тыс баптардың құрылымы.

Берілген көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде:

- банктің негізгі операциялары орныққан нарық ауқымдарын белгіленііп, қызметінің дамуы анықталады;

- активті, пассивті, баланстан тыс банк операциялары құрылымының өзгеруімен байланысты тәуекелдер анықталады.

2 Табыс пен шығын жөніндегі есептемені құрылымдық талдау. Банк қызметі мен оның жеке көрсеткіштерінің коммерциялық тиімділігі (табыстылығы).

Несиелік ұйым қызметінің коммерцяилық тиімділігін анықтау үшін келесі талдау түрлері қолданылады:

- табыс пен шығын жөніндегі есептеменің салыстырмалы талдамы;

- табыстың құрылымы;

- пайыздық шығынның құрылымы;



- пайыздық емес табыс пен шығынның құрылымдары;

- басқа табыс пен шығындар;

- банктің жеке операцияларының табыстылығы;

- банктің жеке операцияларының пайдалылығы;

- несиелік ұйымның табыстылығын талдау;

- пайыздық маржаның деңгейі;

- әкімшілік-басқарма шығындары;

- салық төлемдерінің құрылымы.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер:

- несиелік ұйымның табысы мен шығынның негізгі көздерін анықтауға;


  • банк қызметінің коммерциялық тиімділігін және оның даму болашағын анықтауға;

  • банктің жеке операцияларының коммерциялық тиімділігін анықтауға;

  • банк жұмысының нәтижелеріне факторлық талдау жүргізуіне;

  • активтер мен пассивтер құрылымының тиімділігін алдын-ала бағалауға;

  • уақыт аралығындағы банк жұмысының тиімділігін анықтауға көмектеседі.

3 Капиталдың жеткіліктілігін талдау

Меншік құралдарының жеткіліктілігін талдау банктің капиталдық базасының тұрақтылық деңгейін және банк тәуекелдерін өтеуга қажетті капиталдың жеткіліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Капиталдың жеткіліктілігін талдау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

- капитал жеткіліктілігі көрсеткіштерін талдау;

- капиталдың артықшылығын (кемшілігін) анықтау;

- несиелік ұйымның капитал құрамы;

- негізгі капитал көздерінің құрылымы;

- қосымша капитал көздерінің құрылымы;

- тәуекелді есепке алғандағы активтерді талдау.

Келтірілген көрсеткіштер:

- капитал жеткіліктілігі көрсеткіштердің өзгерісіндегі тенденцияларды анықтауға;


  • капитал жеткіліктілігі көрсеткіштердің өзгерісіне әсер ететін факторларды анықтауға;

  • активтер сапасының өзгеруін капитал жеткіліктілігі ұғымы негізінде бағалауға;

  • болашаққа капитал жеткіліктілігі жағдайына жоспар құруға негіз болады.

4 Несиелік тәуекелді талдау келесі бағытта жүзеге асады:

- несиелердің түрі бойынша жіктелімі;

- несиелердің мерзімі бойынша жіктелімі;

- несиелік қоржынның салалық құрылымы;

- несиелердің тәуекелдер топтары бойынша жіктелімі;

- ауқымды несиелік тәуекелдер көрсеткіштерін талдау;

- ауқымды несиелік тәуекелдердің шоғырлануды бағалау

- Басқа заңды тұлғалардың үлесіндегі банк инвестицияларының тәуекелдерін бағалау;

Жоғарыда келтірілген кестелердегі көрсеткіштер:


  • несиелік тәуекелдерді шоғырландыру бағытын анықтауға;

  • несиелік тәуекелді сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеру тенденцияларын бағалауға;

  • Ұлттық Банк несиелер бойынша резерв құру ұсынысын бағалауға;

  • банктің несиелік саясатының сапасын бағалауға;

  • несиелік қоржын сапасының өзгеру нәтижелерін несиелік операциялар табыстылығымен салыстыруға көмектеседі.

5 Өтімділік тәуекелдігін талдау келесі бағытта жүзеге асады:

- несиелік ұйымның тартылған құралдарының құрылымы;

- «қысқамерзімді өтімділік» көрсеткішін талдау;

- «ағымдық өтімділік» көрсеткішін талдау;

- активтер мен пассивтерін талап ету және өтеу мерзімі бойынша талдау;

- тартылған құралдар мен активтердің теңдестіруін талдау;



- "қолма-қол ақша" көрсеткішін талдау;

- есеп жағдайын талдау;

- банктің банк – резиденттері емес және қаржылық ұйымдар – резиденттері еместердің алдындағы міндеттемелерін талдау;

- бір несиегерге (салымшыға) келетін тәуекелдікті талдау;

- тартылған халықтың ақша салымдарын талдау.

Талдау қорытындылары:



  • өтімділікті басқару сапасының жағдайын талдауға;

  • өтімділік көрсеткіштері серпініне факторлық талдау жүргізуге;

  • банктің ресурстық базасы тұрақтылығын бағалауға;

  • банктің ірі салымшылар мен шетел несиегерлердің құралдарын тарту тәуелділігін анықтауға;

  • есептеу жағдайындағы өзгерісті анықтауға;

  • банктің болашаққа өтімділік жағдайына жоспар жасауға көмектеседі.

Талдау нәтижелеріне жалпы қорытынды шығару

3 Тапсырма вариантын таңдау
Студент курстық жұмыстың 3 бөлімінің тақырыбын (сұрағын) келесі кестедегідей, яғни сынақ кітапшаның соңғы саны мен фамилиясының алғашқы әрпімен анықталады. Мысалы, егер сынақ кітапшаның нөмірі – 0440226, ал фамилиясының алғашқы әрпі «А» болса, онда теориялық сұрақтың нөмірі – 27.


Фамилияның бірінші әрпі

Сынақ кітапшаның соңғы саны


1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

А, Я

1

15

29

43

13

27

41

11

25

39

Б, Ю

2

16

30

44

14

28

42

12

26

40

В, Э

3

17

31

1

15

29

43

13

27

41

Г, Щ

4

18

32

2

16

30

44

14

28

42

Д, Ш

5

19

33

3

17

31

1

15

29

43

Е, Ч

6

20

34

4

18

32

2

16

30

44

Ж, Ц

7

21

35

5

19

33

3

17

31

1

З, Х

8

22

36

6

20

34

4

18

32

2

И, Ф

9

23

37

7

21

35

5

19

33

3

К, У

10

24

38

8

22

36

6

20

34

4

Л, Т

11

25

39

9

23

37

7

21

35

5

М, С

12

26

40

10

24

38

8

22

36

6

Н, Р

13

27

41

11

25

39

9

23

37

7

О, П

14

28

42

12

26

40

10

24

38

8

1 Шетел елдердің банктері және олардың тәжірибесін Қазақстанның банктік жүйесінде қолдану

2 Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің кәсіби қызметі

3 Банктік қызмет нарығындағы маманданған несиелік ұйымдар

4 Банктік холдинг және ҚӨТ (қаржы-өндірістік топтар) – ғы банктер

5 Трансұлттық банктер, оалрдың ҚР экономикасының дамуындағы рөлі

6 Банк ісіндегі бәсекелестік

7 Банктің нарықтағы жағдайын нығайту үшін оның филиалдық желісі мен корреспонденттік байланыстарын дамыту

8 Банктік маркетинг және оның банк ісіндегі рөлі

9 Банктердің инвестициялық қызметі

10 Коммерциялық банк қызметінің рейтингтік бағасы

11 Қазақстанның қаржылық нарығындағы шетел банктері

12 Банктік қауіпсіздік: экономикалық аспектер

13 Банктік баға құру негіздері

14 Банктік менеджмент және оның банк ісіндегі мәні

15 Банктік тәуекелдік-менеджмент негіздері

16 ҚР-ның банктік жүйесі дамуының мемлекеттік саясаты

17 ҚР банк секторының ағымдық жағдайын бағалау және олардың дамуының стратегиялық мақсаттары

18 Қазақстанның банк жүйесіне шетел капиталының қатысу формасы және олардың қатысуын одан әрі дамыту

19 ҚР-ғы қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді қайтақаржыландыру жүйесі және оның даму болашағы

20 Коммерциялық банктің нақты экономика секторымен қарым-қатынасының ағымдық жағдайын бағалау және болашағы

21 Банктік емес несиелік ұйымдар: түрі, негізгі міндеттері және операциялар, ҚР несиелік жүйесіндегі рөлі

22 ҚР-ғы коллекторлық компаниялардың қызметі

23 Аймақтық банктер, қызметінің ерекшелігі мен даму стартегиясы

24 Қазақстандық банктердің мамандану формалары мен мәселелері

25 Инвестициялық банктік қызметтер: шетел және қазақстандық тәжірибе

26 Банктік нарық қаржылық нарықтың құрама бөлігі ретінде, мәселелер және оның даму болашағы

27 Қазақстандық банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестік және оның оның даму жолдары

28 Қазақстандық банктер тәжірибесіндегі инвестициялық несиелеу

29 Банктік қызметтер нарығындағы халықаралық және сыртқыэкономикалық қызмет

30 ҚР-ның банктік жүйесінің капиталдандыру мәселесі

31 Коммерциялық банктегі бизнес-жоспарлау

32 ҚР банк жүйесінің институционалдық дамуының болашағы мен мәселелері

33 Банктік активтерін секьюритизациялау

34 Коммерциялық банктердің қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарға көшу мәселелері

35 Қазақстандағы шағын бизнесті қолдау және дамыту бойынша халықаралыө бағдарламаларды жүзеге асырудағы ЕЖДБ (ЕБРР, Еуропа жаңғыру және дамыту банкісі) мен ХЖДБ (МБРР, Халықаралық жаңғыру және дамыту банкісі) рөлі

36 Инвестициялық банкинг негізі ретіндегі андеррайтинг

37 Банк қызметін құқықтық қамсыздандырылуын жетілдіру

38 Интернет-банкинг: даму мүмкіншіліктері мен болашағы

39 Банктердің сақтандыру компанияларымен қарым-қатынастары: шетелдік тәжірибе және Қазақстандағы даму болашағы

40 Клиенттерге дистанциялық банк қыземттерін ұсыну

41 Жеке банк қызметтері және қаржылық консалтинг

42 Банк аясындағы маркетинг және оның банк жүйесіне деген сенімін нығайтудағы рөлі

43 Банктердің қайта ұйымдастыру формалары: отандық және шетелдік тәжерибелер

44 Банктік рейтингілер банк секторының ашықтылығын, түсініктілігін, шындығын көтеру құралы ретінде

4 Курстық жұмыстың әзірленуіне қойылатын талаптар мен мазмұны
Курстық жұмыста келесі мәлеметтер болуы тиіс:

- бастапқы бет;

- рецензия;

- тапсырма;

- курстық жұмысты орындау графигі;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлімдер;

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Курстық жұмыс түсіндірме жазбасы түрінде орындалады, онда мәтін, кестелер, сызбалық және басқа да суреттер болуы тиіс.

Түсіндірме жазбасы «Мәтін құжаттарын әзірлеу нұсқауларына» сәйкес орындалады.

Кіріспе курстық жұмысты жазып болғаннан соң 1-2 бет көлемінде орындалады. Онда тақырып көкейкестігі анықталады, қазіргі замандағы зерттелу дәрежесін бағалау, зерттеу облысындағы негізгі проблемалар, сонымен қатар курстық жұмыстың басты мақсаты мен міндеттері сияқты сұрақтар ашылуы тиіс.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімі зерттелетін сұрақтың теориялық аспектілері және банктің қаржылық жағдайын талдауға тартылатын ақпарат көздерін, яғни құжаттардың мәні мен мазмұны ашылады. Бұл бөлімді орындаған кезде, Қазақстан Республикасында қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттар қолданылуы және халықаралық тәжірибені есепке алу керек. Оның көлемі шамамен 15-20 бет. Негізгі мәселелерді сызба түрінде көрсеткен жөн. Маңызды деген суреттер Қосымшаға шығарылады.

Екінші бөлімде банктің қаржылық есептемесі негізінде банктің қаржылық жағдайына талдау жүргізіледі. Талдау жүргізілген кезде қорытындылардың әзірленуіне көп мән бөлу қажет, оған байланысты мәселелер мен банктің дамуының болашағы келтірілген жөн. Оның көлемі шамамен 10-15 бет. Есептеулер нәтижелері міндетті түрде кесте түрінде әзірленуі қажет. Бұл бөлімнің негізгі кестелері мен диаграммалары Қосымшаға шығарылады.

Үшінші бөлімде студент өзінің вариантына сәйкес келетін сұрағын қарастырады. Оның көлемі шамамен 10-12 бет.

Курстық жұмыстың қорытындысында толық жұмыс бойынша нәтижелердің жиыны жазылады. Онда автордың жалпы қорытындылары орын табады. Яғни жұмыстың кіріспесінде қойылған сұрақтар мен мәселелерге жауаптар осы қорытындыда сипатталуы қажет. Оның көлемі шамамен 1-2 бет болуы тиіс.


5 Бағаны қою критерийлері
Курстық жұмыс 100 ұпаймен бағаланады. Максималды ұпай санын студент тек келесі шартты орындаған кезде алады:

- есептеулер мен жобалық әзірлемелердің негізділігі мен сапасы – 10 ұпай;

- қойылған міндеттемелерді шешудің амалдары – 10 ұпай;

- мәлеметтерді талдау мен жүйелеу ілімі – 10 ұпай;

- қосымша мәлеметтер көздерін қолдана алу – 10 ұпай;

- стандартқа сай әзірлеу – 10 ұпай;

- курстық жұмысты қорғау – 50 ұпай.
6 Курстық жұмысты орындау сызбасы


Курстық жұмыстың бөлімдері мен орындау қадамдары

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан




1

2

3

4

5

6

7

8

Тапсырманы беру

Зерттеу объектісін анықтау

Әдебиетті зерттеу

Жұмысты жоспарлау



10 %






















Бірінші бөлімді орындау




20 %



















Екінші бөлімді орындау







20 %

10 %

10 %










Үшінші бөлімді орындау
















10 %

10 %




Курстық жұмысты әзірлеу






















10 %

Курстық жұмысты қорғау




























30 %

40 %

20 %

10 %


7 Курстық жобалауды ұйымдастыру
Студент курстық жұмыстың жетекшісінен тапсырманы алған кезден бастап, онымен танысып, бастапқы мәлеметтерді, курстық жұмысқа қатысты әдебиетті зерттеп, жоспар құрып, жетекшінің кеңестерін аңғарып, толық орындалған жұмысты уақтылы тапсырған жөн

Жобалау үдерісінде студенттерге жеке және топтық консультациялар жүргізіледі. Курстық жобалаудың бастау кезеңі жетекшінің студенттерге бірінші аптада тапсырманы беру кезі болып есептелінеді.


8 Курстық жұмыс бойынша қорытынды шығару мен қорғауын ұйымдастыру

Курстық жұмысты қорытындылаудың кезеңдері:

- жетекшіге курстық жұмысты тексеуге тапсыру;

- жетекшімен аңғарған КЖ кемшіліктерін қайта қарастыру;

- КЖ қорғауға тапсыру;

- ҚР қорғау.

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі КЖ орындау графигімен анықталады, яғни семестрдің аяқталуына екі аптадан алдын орындалады.

Кафедра қорғалудың күні мен уақытын бекітеді. КЖ қорғау графигі студенттерге көрсетіледі. КЖ қорғамы студенттер топтары барында жүргізіледі.

КЖ 5-7 минут уақыты уамағында доклад, содан кейін сұрақ-жауап түрінде өтеді.

КЖ қорғамаған студенттер осы пән бойынша емтихан тапсыруға жіберілмейді.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Банки и банковское дело: Учебное пособие/Под ред. И.Т.Балабанова. СПб.: Питер, 2003.–256с.

  2. Банковское дело: Учеб. для вузов /Под ред. Г.С. Сейткасимова. - Алматы: Каржы - Каражат, 1998. – 576с.

  3. Банковское дело: Учеб. для вузов /Под ред. О.И. Лаврушина.-М., Банковский и биржевой научно-консультативный центр, 2000.– 364 с.

  4. Хамитов Н.Н. Банковское дело: курс лекций. – Алматы: Экономика, 2005. – 216 с.

  5. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан: Учебное пособие. – Алматы: Жетi жаргы, 2004. – 640 с.

  6. Максютов А.А. Основы банковского дела.–М.:Бератор-Пресс, 2003.–384с.

  7. Анализ финансовых результатов банковской деятельности : учебное пособие/ С.Ю. Буевич, О.Г. Королёв. - 2-е изд. - М.: КНОРУС, 2005. – 160 с.

  8. Экономический анализ деятельности коммерческого банка, Изд. 2-ое, перераб. и доп.: Учебник для вузов. – М.: Логос, 2005. – 368 с.

  9. Сатова Р.К., Сыздыкова Д.Т. Проблемы финансовой устойчивости банка. – Павлодар : ПГУ им. С. Торайгырова, 2007. – 120 с.

  10. Роуз П.С. Банковский менеджмент, Предоставление финансовых услуг: Пер. с англ. – М. : Дело, 2007. – 743 с.

  11. Сейткасимов Г.С. Бухгалтерский учет и отчетность в банках

  12. www.afn.kz

  13. www.kase.kz

  14. www.nationalbank.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет