Нұсқаулар Форма ф со пгу 18. 2/05



бет1/9
Дата11.06.2016
өлшемі479.5 Kb.
#128471
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдістемелік нұсқаулар





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

050418-Кітапханатану және библиография

мамандығының студенттеріне арналған

«Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйелер»

пәні бойынша зертханалық жұмыс орындауына арналған

      әдістемелік нұсқаулар








Павлодар




Әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Форма

Ф СО ПГУ 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ФМжАТФ-інің деканы

________ Тлеукенов С.К.

«__»___________2009 ж.


Құрастырушы: аға оқытушы Токжигитова Н.К.


Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
050418-Кітапханатану және библиография мамандығының студенттеріне арналған

«Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйелер»

пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауына арналған

      әдістемелік нұсқаулар


Кафедраның отырысында қарастырылған

«_28»___08___2009ж. №__1_ хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________Ж.К.Нұрбекова

ФМжАТ факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған

«__»_______200__ж. №____ хаттама


ӘК төрайымы __________________ А.Т.Кишубаева

Деректер қорын басқару жүйесі туралы

қысқаша теориялық мағлұматтар
Деректер қоры – ақпаратты ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған құрылым.

Деректер қоры ұғымымен деректер қорын басқару жүйесі тығыз байланысты.



ДҚБЖ деп жаңа қордың құрылымн жасауға, оны мәліметпен толтыру, түзету және визуализциялауға мүмкіндік беретін программалық кешенді айтады.

Егер де деректер қорында ешбір мәлімет болмаса бұл – бос деректер қоры деп атайды. Қорда мәлімет болмағанымен, онда қордың құрылымы бойынша ақпарат бар деп айтады.

Кез келген деректер қорының негізгі объектісі – кесте болып саналады.

Әрбір кестенің өзінің бағандары мен жолдары болады, деректер қорында оларды өрістер(поля) мен жазбалар(записи) деп атайды.


Деректер қорындағы өрістердің қасиеттері

  1. Өріс аты (имя поля) – автоматты операцияларды жүргізген кезде өрістерді хабарлау.

  2. Өріс типі (тип поля) – берілген өрісте сақталатын деректердің типін анықтайды.

  3. Өріс өлшемі (размер поля) – берілген өрісте сақталатын деректердің ені бойынша шектелуін көрсетеді. (символдар бойынша)

  4. Өріс форматы (формат поля) – ұяшықтардағы мәліметтерді форматтау тәсілін анықтайды.

  5. Енгізу маскасы (маска ввода) – ұяшықтарға деректердің енгізілу түрін анықтайды.

  6. Жазылуы (подпись) – берілген өрістің кестедегі хабарлануын анықтайды.

  7. (значение по умолчанию) – көрсетілетін мән ұяшықтарға автоматты түрде енгізіледі.

  8. (условие на значение) – енгізілетін мәліметті тексеру мақсатында қойылатын шектеу.

  9. Қате туралы хабар (сообщение об ошибке) – ұяшыққа қате мәліметті енгізген кезде автоматты түрде шығатын сұхбаттық хабар.

  10. Міндетті өріс (обязательное поле) – деректер қорын толтырғанда бұл өрістердің міндетті толтыруын анықтайды.


Мәліметтер типі

  1. Мәтіндік (текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған тип (255 символға дейін).

  2. Мемо өрісі (поле Мемо) – үлкен көлемді мәліметті сақтауға арналған арнайы тип (65535 символға дейін).

  3. Сандық (числовой) – нақты сандық мәліметті сақтауға арналған тип.

  4. Дата/время – календарлық күндер мен ағымды уақытты сақтауға арналған тип.

  5. Ақшалық (денежный) – ақшалық мәнді сақтайтын тип.

  6. Счетчик – автоматты түрде өсірілетін натуралды сандарды сақтайтын арнайы тип. (мәндері қайталанбайды).

  7. Логикалық – логикалық мәліметті сақтайтын тип. Екі мәнді қабылдайды: Иә - Жоқ

  8. OLE объектісінің өрісі (поле объекта OLE)- мультимедиялық ақпаратты сақтауға арналған арнайы тип. (Excel кестесі, Word құжаты, т.б.)

  9. Гиперссылка – Интернеттің Web-объектілерінің адрестерін сақтауға арналған тип.


Деректер қорын басқару жүйесінің негізгі объектілері
Кесте – біріншіден, кестеде мәліметтер сақталады, екіншіден, қордың құрылымын сақтайды (өрістер, олардың типтері мен қасиеттері).

Сұраныс(Запросы) – бұл объект кестедегі ақпаратты пайдаланушыға ыңғайлы түрде алып шығуға мүмкіндік береді. Сұраныстың көмегімен ақпаратты сұрыптайды, сүзгілейді және қажетті алгоритм бойынша жаңа кестелерді құруға болады.

Формамәліметті енгізу құралы, бұның көмегімен пайдаланушыға тек толтыруға қажетті өрістерді көрсетіп, артығын жасырып тастауға болады. Форманы қалауымызша безендіруге болады.

Отчет - өзінің қасиеті бойынша формаларға ұқсас, бірақ ең басты айырмашылығы отчет мәліметтерді баспаға (қағазға) шығаруға дайындайды. Сондықтан да оның бет нөмірін, колонтитулды, отчеттың жасалған күнін көрсететін арнайы мүмкіндіктері бар.

Макрос және модуль – қайталанатын операцияларды автоматтандыру мақсатында қолданады.

Макростар ДҚБЖ-ң ішкі командалар тізбегінен тұратын және деректер қорымен жұмысты автоматтандыратын негізгі құралы болып табылады.

Модульдер Visual Basic for Applications программалу тілінің көмегімен жасалынады. Құрастырушы бұның көмегімен деректер қорына бейстандарт мүмкіндіктерді енгізе алады.

Деректер сүлбісі (Схема данных)

Деректер қорындағы мәліметтерді белгілі бір критерий бойынша бірнеше кестелерге бөліп, оларды бір-бірімен байланыстырған дұрыс.

Access ДҚБЖ-де кестелерді байланыстыру үшін «Деректер сүлбісі» қолданылады.



Кесте жолдар мен бағандардан құралып, деректер қорында оның уникальды аты бар. Деректер қорының құрамында бір-біріне сәйкес келетін өрістердің көмегімен орнатылатын байланыстары бар көп кестелер болады. MsAccess-те кесте арасындағы байланыстың төрт түрін қолдануға болады:

Один – к - одному (бірінші кестедегі әрбір өріс екінші кестедегі тек бір ғана өріске сәйкес келеді).

Один – ко - многим (бірінші кестедегі әрбір өріс екінші кестенің бірнеше өрістерге сәйкес келеді).

Много – к - одному («один – ко – многим» жазбасына сәйкес)

Много – ко - многим (бірінші кестедегі бір өріс екінші кестенің тек бір өріспен ғана байланыста болмайды немесе екінші кестедегі бір өріс бірінші кестенің тек бір өріспен ғана байланыста болмайды).
«Один - ко - многим» қатынасы жалпылама мінезді.



Зертханалық жұмыс № 1

Тақырып: Кестелерді құру

Мақсаты: Деректер қоырмен жұмыс істеуде кестені құру, оның жеке элементтерін меңгеріп, қолдану.


  • Кесте құрылымы

  • Өрістер

  • Деректер типі

  • Деректер қасиеттері
Тапсырма 1

Өз дисктарында бос деректер қорын құру. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. MS Access программасын іске қосу;

  2. Жаңа деректер қорын құру (Файл/Создать базу данных);

  3. ПАПКА ашылатын тізімнен диск 3,5 таңдау;

  4. Файл аты өрісінде деректер қорының атын енгізу “фамилия_топ_БАЗА ДАННЫХ”, создать батырмасын басу.

  5. Деректер қорының терезесі 6 бөлімнен тұрады, кесте бөлімін таңдап, создать батырмасын басу.

  6. «Жаңа кесте» терезесінде «конструктор» пунктін таңдау керек.

  7. Кесте құрылымын құру, ол үшін «имя поля» және «тип данных» бағандарын төменде көрсетілгендей толтыру керек:

    Имя поля

    Тип данных

    Фамилия

    Мәтіндік (тышқанмен шертіңдер)

    Имя

    Мәтіндік

    Отчество

    Мәтіндік

    Дата рождения

    Дата/время

    Адрес

    Мәтіндік

    Телефон

    Мәтіндік

    Группа

    Сандық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет