Ұсынылатын әдебиет: [1, 24-29 б.], [2, 10-14 б.], [3, 10-16 б.],[4, 21-33 б.].
Тақырыпты оқу нәтижесінде студент білу керек: минералдардың негізгі түрлерін, физикалық қасиеттерін және оларды анықтау әсістерін.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1 Минералдар деп не атайды?
2 Жыныс құраушылардың қазіргі заманғы классификациясының негізінде не жатыр?
3 Химиялық құрамы бойынша минералдардың сұлбалық классификациясын беріңдер.
4 Минералдарды қандай физикалық касиеттер мен сыртқы белгілер бойынша анықтайды? Негізгі жыныс құраушы минералдарды сипаттап беріңдер.
2.3 Тау жыныстары
Тақырыптың мазмұны. Пайда болуы бойынша тау жыныстарының классификациясы. Тау жыныстарының массивтері туралы түсінік. Геологиялық хронология. Тау жыныстарының жасы туралы түсінік. Геологиялық уақытын шәкілі. Құрылыс үшін жыныстар жасының мәні. Магмалық жыныстар. Химиялық құрамы бойынша шығу тегі мен классификациясы. Құрылымы мен текстураның ерекшеліктері. Жатыс жағдайы мен жарықшақтық. Шөгінді жыныстар. Теңіз және континентальді қалдықтарының жиналу мен қалыптасу жағдайлары. Шөгінді жыныстардың классификациясы. Шөгінді жыныстардың негізгі ерекшеліктері. Қалдық жыныстарының пайда болу жағдайлары мен классификациясы. Бөлшектердің қысқаша сипаттамасы. Химиялық және органогенді пайда болған жыныстардың қалыптасу жағдайы, олардың құрылымы мен қасиеттері. Жатыс пішіндері – қабат және линза. Қабаттың элементтері. Шөгіндінің жынысқа айналу процессі. Метаморфиялық жыныстар. Метоморфиялық жыныстардың пайда болуы мен классификациясы. Үлгі мен массивтерде негізгі жыныстардың жатыс пішіндері мен қасиеттері. Құрылым мен текстураның ерекшеліктері.
Тақырыпты оқуға арналған ұсыныстар. Тау жыныстары оқылатын ауданда құрылыстың мүмкіндігін және үнемділігін анықтайтын алаңның инженерлік-геологиялық жағдайлардың негізгі факторларының бірі болып табылады, сондықтан оларды оқытуға ерекше көңіл аудару керек. Тау жыныстарының генетикалық және инженерлік - геологиялық классификациясымен танысу қажет. Әртүрлі тау жыныстарының пайда болу жағдайларын оқу қажет, олардың минералдық құрамының, құрылымының және қасиеттерінің генезис және постгенетикалық процестерден байланысын айқын анықтау қажет.
Студентке тау жыныстарының абсолюттік және қатысты жасын анықтау әдістерімен танысу керек, олардың көмегімен құрастырылған (жастық бірліктері, онда көрсетілген шарты белгілермен, индекстер және т.б.) геологиялық және инженерлік – геологиялық карталар мен кескіндерді түсінуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |