Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 2/05



Дата09.06.2016
өлшемі363.85 Kb.
#125097

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Есеп және аудит кафедрасы

Аудит негіздері пәні бойынша

050509 Қаржы мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерделеу бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы





Нысан ПМУ ҰС Н

7.18.1/05








БЕКІТЕМІН




ОІ жөніндегі проректор




___________Н.Э. Пфейфер

«____»_____________20 ж




Құрастырушы: аға оқытушы Жакупова Д.Е. ___________


Есеп және аудит кафедрасы
Аудит негіздері пәнінен

050509 Қаржы мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерделеу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

20 ж. «___» _____________ кафедра мәжілісінде ұсынылған

№ ___хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________ Р.И. Смагулова
ОӘК төраймы________Л.А. Сидорова

№ _____ хаттама 20__ж. «__»__________ қаржы – экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған


ЖжӘҚБ МАҚҰЛДАНҒАН

ЖжӘҚБ бастығы ______________А.А. Варакута 20__ж. «__»___________
№ ___ хаттама 20__ж. «__»______________ университетінің оқу - әдістемелік кеңесімен мақұлданған

Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы
Аудиттің пайда болуы

Аудит термин осыдан екі мың жыл бұрын «аудио» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе « естуші» дегенді білдіреді.

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.

Бұл арада клинттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз растауы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет.

Бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырды:

- ақпарат жасаушылардың және пайдаланушылардың мүдделерінің қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың объективті болмауына әкеп соқтыруы мүмкін;

- объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;

- алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе тексеру үшін фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;

- компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқжат.


Аудиттің мәні, мақсаты және функциялары.

Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».

Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істейметін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілірдің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерімен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.

Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшклеп мыналарды бөліп көрсету керек:


  • кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;

  • шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;

  • кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;

  • кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;

  • заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шыныйы мазмұнына шаруашылық операциялардың қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;

  • кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;

  • клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық және сараптамалық, талдамалық, кеңес берушілік және өндірістік функциялары бар.

Бақылаушылық және сараптамалық функциясы – қаржылық есепті тексеру мен бағалау.

Талдамалық функциясы – талдау, реттеу, болжау, үйлестіру, әр түрлі көрсеткіштерді есептеу, ұсынысты жасау.

Кеңес берушілік функциясы – есеп, менеджмент, салық салу, маркетинг, құқық, қаржы және тағы басқа сұрақтарға жауап беру.

Өндірістік функциясы – есептің қойылуы, персоналды оқыту, салық декларацияны және есеп берулерді жасау.
Аудиттің түрлері

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:



  • аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;

  • құқықтық негізінде: міндетті, бастамашыл инициативтік;

  • қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;

  • толықтығы: кешенді, тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;

  • жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын;

  • аудит жүргізілетін субъектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік;

  • тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық, қаржылық есептеме аудиті және талапқа сәйкестік аудиті.

Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:



  1. Қаржылық бақылаудың тәуелсіз формалары пайда болуының алғы шарттары қандай?

  2. Кәсіби аудиттің қажеттілігі, мәні және міндеті неде?

  3. Аудиторлық қызмет туралы әдебиеттерде келтірілген арнайы терминдердің глоссарийін зерделеңдер.

Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.–6-40 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 29-41 б.
Тақырып 2 Аудиторлық қызмет және оны нормативтік-құқықтық реттеу

Аудиттіқ өызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемелекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемелекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:



  • ҚР Конституциясы;

  • ҚР Азаматтық Кодексі;

  • ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы;

  • ҚР Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңы;

  • ҚР қылмыстық кодексі;

  • ҚР салық кодексі;

  • ҚР бюджет кодексі;

  • ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі және т.б.

Жоғарында аталған заңды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданысиағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүлікктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін елеміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.

Қарастырылып отырған нормативті-құқықтық актіде аудиттің сыйымды анықтамасы берілген, оны өткізу және клиентке басқа да аудиторлық және кеңес беру қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз аудиторлардың функциялары мен міндеттері, тараптардың құқықтыры, міндеттері және жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен қызмет салаларына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты республикамыздың барлық территориясында қолданылады. Онда келісімшарт негіздеріне қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аудитордың өз клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық тәуелсіздігі жеткілікті дәрежеде ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге аудиторларды қалауына қарай еркін таңдауына құқық берілген. Ол, сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметтерді тексеру үшін шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға ұсынылатын мәліметтер мен құжаттамалардың анықтығы және шынайылығына тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары жауап береді.

Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1.Қандай нормативті-құқықтық актіде аудитордың құқығы мен міндеттері толығырақ айтылған?

2. Қандай факторлар аудитордың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді?

3. Аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың тәжірибелік қызметінің нормативті актілерінде кездесетін сәйкессіздіктерді анықтандар.

Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 47-78 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 61-64 б.

ҚР «Аудиторлық қызмет тұралы» заң.


Тақырып 3 Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы

Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұлұға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижлерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тәжіребелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Аудиторлық стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.

Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.

Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:



  • даярлығы;

  • құзыреттілігі;

  • тәуелсіздігі;

  • ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.

Олардың құрамына кіретіндер:



  • аудиторлық тексеруге дайындалу;

  • қадағалауды жүзеге асыру;

  • анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау;

  • ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасы мен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп және кәсіби әдеп.

әдеп термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық тандау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешүші элемент бар:


  • шешімді таңдау проблемасы;

  • жаман мен жақсы туралы түсінік;

  • әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе қәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің және т.б кәсіби кодекстері бар.

Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім қабылдауда басшылық жасау жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.

1988 жылы АІСРА мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

1. Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдық сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.

2. Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.

3. Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы қажет.

4. Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.

5. Тиісті. Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

6. Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түоін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек.

Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаьарды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:



Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болимау керек.

Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дауөжанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмалауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептілік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін қажетті екжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.

Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек.

Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.



Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1.Аудиттің стандарттары қалай ерекшеленеді?

2. Аудиттің жалпы және жұмыс стандарттары қайда қолданылады?

3. Аудиттің Халықаралық стандарттары қалай жіктеледі?

Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 47-78 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 48-55 б.
Тақырып 4 Қателер мен алаяқтық, олардың елеулігін бағалау

Елеулік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт уәжіп-пікір қабылданады. Яғни, елеулік көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» .

Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді.

Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылық есептемелерде елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есепшоттардың сальдосымен жә»не операциялардың кластарымен байланысты елеуліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық тәуекелдікті кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).

Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1.Ақпарат елеулілігінің аудиторлық бағалауы қалай жүзеге асырылады?

Әдебиет

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 138-140 б.


Тақырып 5 Аудиторлық тәуекелділік

Бухгалтерлік стандарттар бойынша комитет әзірлеген «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың негіздерінде» « елеулік» ұғымына былайша анықтама берілген: «Егер ақпаратқа рұқсатнама беріліп, тиісті жеріне жөнелтілгенде пайдаланушының қаржылық есеп беруінің негізінде қабылдайтын экономикалық шешіміне әсерін тигізетін болса немесе ақпараттың бұрмаланып көрсетілуі пайдаланушының экономикалық шешіміне зиянын тигізіп жатса, онда мұндай мұндай ақпарат елеулі деп саналады. Елеулік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт уәжіп-пікір қабылданады. Яғни, елеулік көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» .

Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді.

Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылық есептемелерде елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есепшоттардың сальдосымен жә»не операциялардың кластарымен байланысты елеуліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық тәуекелдікті кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).

Қаржылық есептемелердің аудитімен бірқатар тәуекелдік аспекетілері тікелей байланысты. Тәуекелдіктің негізгі екі түрі болады: аудиторлық тәуекелдік және бизнес (аудитордың немесе оның фирмасының) тәуекелділігі.

Аудиторлық тәуекелдіктің мағынасын былай түсіндіруге болады: аудитор қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген қорытындыға келеді, осының негізінде аудиторлық қорытындыға пікір-ескертпе айтылмайды, яғни пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде – қаржылық есептіліктің елеулі ақауы болады.

Бизнес тәуекелдігінің мағынасы мынаған саяды: клиентке ұсынылған аудиторлық қорытынды әділ жасалса да, аудитор немесе аудиторлық фирма клиентпен арадағы өзара қарым-қатынасында сәтсіздікке ұрынады. Бизнес тәуекелділігін бақылаудағы басты фактор аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін мұқият анықтау болып табылады. Аудиторлық тәуекелділікті бағалаудың негізгі екі әдісі бөліп көрсетіледі:

а) бағалаушылық (интуициялық, яғни түйсіктік);

ә) сандық.

Арнайы әдебиеттерде сипатталған аудиторлық тәуекелдіктің үлгісі (моделі) SAS 47 (ол SAS 39 ( аудиттің іріктеу әдісі туралы) ережесіне және тәуекелдіктің елеулігіне негізделеді). Аудиторлық тәуекелдіктің алдын ала үлгісі мындай формада болуы ықтималы:

DAR = IR · CR ·DR,


мұнда DAR – қолайлы аудиторлық тәуекелдік (Desired audit risk);

IR – шаруашылық ішіндег ітәуекелдік (Internet risk);

CR – бақылау тәуекелдігі (Control risk);

DR – табылмау тәуекелдігі, яғни байқамай қалу қатері (Detektion risk).

Осы келтірілген үлгіге кіретін аудиторлық тәекелдік түрлерінің ерекшеліктерін қарастырайық.

1. Қолайлы аудиторлық тәуекелділік (DAR)- аудит аяқталғаннан кейін қаржылық есептемеде елеулі қателіктердің барын және стандартты аудиторолық пікір-ескертпесіз (пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді) білдірілгенін аудитор мойындауға әзірлік шарасы.

2. Шаруашылық ішіндегі тәуекелділік (IR) – сегментте қателіктің барын және бұл қателіктің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесінің тексеруінде рұқсат етілген деңгейдегі шаманы тыс (артық) екенің аудитордың болжау шарасы.

3. Бақылау тәуекелдігі (CR) – сегменттегі шамадан тыс қателік клиенттің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесіндетабылмайтын және жойылмайтыны аудитордың болжау шарасы.



Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1.Аудиторлық тәуекелдік нені білдіреді?

2. Елеулілік пен тәуекелдіктің арасында қандай байланыс бар?

3. Аудиторлық тәуекелдік қалай аңықталады?

Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 139-144 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 133-150 б.

Тақырып 6 Аудиторлық дәлелдеулер

Әдіс кең мағынада нақты өмір шындығын, табиғи және қоғамдық құбылыстарды немесе шындықты белгілеу мен ғылыми таным жолын зерделеудің тәсілдемелік әдістерін білдіреді. әдетте жиі қолданатын ғылыми таным әдістері баршаға ортақ жалпы ғылыми және нақты ғылыми деп бөлінеді.

Маңыздырақ болып табылатын таным тәсілінің барлық ғылым салаларына әмбебап пен зерттеудің түрлі кезкңдерінде қолданылатын материалистік диалектика әдісі жатқызылып жүр. Әр білім саласындағы диалектикалық әдіс жиынтығында ғылымның әдістік негізін қалыптастырылған зерттеудің бірқатар жеке әдістері арқылы көрінеді.

Аудиттің жалпы және ерекше әдіснамасы бөліп көрсетіледі.

Аудиттің жалпы әдіснамасы табитғаттың, қоғамның және қоршағае ортаның даму заңдылықтарын зерттейтін диалектиканың және жалпы ғылыми таным теориясының принциптер жиынтығын білдіреді.

Аудиттің ерекше әдіснамасы экономикалық ғылымның заңдарына негізделіп, бір жағынан, теориялық қорытындылар мен принциптерден, ал екінші жағынан – оны зерттеудің қолданбалы әдістерінен көрінеді.

Аудиттің ерекше әдіснамасы – бұл талдамалы-бақылау, экономикалық және заң ғылымдарының теориясы мен практикасының жетістіктері негізінде әзірленген нақты құбылыстар мен процестерді зерттейдің әдістері мен тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелері. Олар аудиттің белгілі бір нәтижелерінің жетістіктеріне, зерделеу көлеміне, мақсатты функцияларына және ғылым мен практика салаларына сәйкес қолданылатын знрттеудің жалпы ғылыми әдістерімен олардың өзара байланысына қарай қалыптасты.

Тексеруге бел бұған, яғни тексеруге шешім қабылдаған аудитор зерттеу объектісі туралы шындыққа жанасымды айғақтарды алудың әр түрлі әдістерін таңдай алады. Бизнестің аудиті мен талдауын жүргізу барысында тексеруді жүргізудің мынадай арнайы әдістердің, тәсілдердің және процедура топтарын кеңінен қолдана алады:



  1. Нақты бақылау тәсілдері: тексеру, зерттеу, түгендеу, бақылап жіберу, лабораториялық талдау, сараптау бағасы, нақты объектілерді тексеру және т.б.

  2. Айғақтарды құжаттық тексерулер әдістері, оның ішінде, деректемелерді формалдық тексеру, құжаттарда көрініс тапқан операциялар мен фактілердің мәні бойынша бағалауларын тексеру.

  3. Қадағалау тәсілдері: жаппай , тұтастай, іріктемелі, визуальды және тікелей.

  4. Жауап алу тәсілдері: ауызша, анкеталық, корреспонденттік, өзін-өзі тіркеу және т.б.

  5. Операциялармен міндеттемелердің шынайылығын тексеру тәсілдері: құжаттық растау, кезікпе тексеру, өзара тексеру, бақылау мақсатында салыстыру, сканерлеу және т.б.

  6. Сандық параметрлерді нақтылау тәсілдері: өлшеу, салмақтау, қайта есептеу, салыстырып тексеру және т.б.

  7. Талдамалы процедуралары: іздестіру, жоспарлы, шолу, елеулі, перспективалық, оперативті, ағымдық, диалностикалық және т.б.

Аудитте және қаржылық-экономикалық талдауда қолданылатын әдістерді жіктеу тәсілдемесі оларды мына қосалқы жүйелерде топтастыруға мүмкіндік береді: техникалық, талдамалы-есептік, құжаттық, қорытындылаушы және нақты бақылау. Олардың әрбіреуінің өз ерекшкліктері мен пайдаланатын салалары бар. Атап айтқанда:

  • техникалық тәсілдің қосалқы жүйесі талдамалы-бақылау міндетін шешу үшін қажетті бастапқы ақпараттарды алу, тексеру және дайындау барысында қолданылады;

  • талдамалы-есептік тәсілдің қосалқы жүйесі экономикалық талдау, талдамалы тексеру, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістердің дәстүрлі және арнайы тәсілдері;

  • құжаттық тәсілдер ақпараттық модельдеуді, нормативті-құқықтық реттеуді, тексеруді зерттеу объектісі туралы есептік деректерді бақылаумен талдауды жүзеге асыру;

  • қорытындылау тәсілі жиынтық есеп берулермен баланыстарды жасауда, кешенді бағалауларды жүргізуде және ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуде олардың қорытындыларын зерттеу мен қалыптастырудың логикалық және синтетикалық тәсілдерімен бірге пайдаланылады;

  • нақты бақылау тәсілдері белгіленген тәсілдердің тексеріп қарау арқылы алынған мәліметтер бойынша оның нақты жағдайын зерделеуде қолданылады.

Айғақтарды алу үшін аудитордың сараптау. Қадағалау, сұрау, растау, тәуелсіз операциялық тестер мен сәйкестікке орай тестер, инспекция, есептеу, талдамалы тексеру және т.б. бақылау тәсілдерінің технологиялары туралы нақты түсініктері болуы керек.

Талдамалы процедураларды аудитті жоспарлауда да, процестік және кезеңдік тексерулерде де қолданады. Бизнестің аудитінде қаржылық-экономикалық талдау процедуралары мына түрде орындалады:



  • аудиторлық тексерулердің бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеу кезеңіндегі іздестірушілік жоспарлы және шолушылық талдау;

  • шаруашылық операциялар үшін есеп пен ішкі бақылау жағдайын тексеру барысындағы жүйелі, елеулі және функциональдық талдау;

  • дайындап-жабдықтау, өндіріс және қаржылық өткізу қызметтерінің оперативті, ағымдық және перспективті талдауы;

  • бизнес тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды зерттеу және қаржылық есеп берулерді тексеру кезеңдеріндегі ұйымдық, функционалдық және процестік талдау;

  • бизнесті басқару мен оның тиімділігін арттыру жүйелерін жетілдерудің жағдайы мен келешегін арнайы, толық, тақырыптық, локальды және кешенді талдау.

Талдамалы процедуралары жай саластырудан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметен кешенді талдаудың қүрделі экономикалық-математикалық үлгісіне дейін өзара байланысты көптеген факторларда әр түрлі болуы мүмкін.

Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1. Дәлелдер алудың белгілер жүйесі.

2. Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер).

3. Аудиторлық әдістемелер түрлерінің жүйесі.

Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 148-158 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 152-158 б.
Тақырып 7 Клиенттің ішкі бақылау жүйесі

Хас 610 “Ішкі аудиттің жұмысың қарастыруда” арнайы тағайындалған қызметкер жүзеге асыратын кәсіпорындағы ішкі бақылаудың элементі ретінде іштей бақылаудың мәні ашып көрсетіледі.

Ішкі аудиттің қызмет нәтижелерінің бірталай бөлігін тәуелсіз аудитор қаржылық ақпараттарды талдауда пайдалануы мүмкін. Ішкі аудитор жұмысын бағалауда тәуелсіз аудитор ескеруі тиіс процедуралар келтірілген.

Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1. Ішкі бақылау жүйесі және оның құрамы

2. Есеп саясатын, ұйымдастыру құрылымын және есеп мамандары арасындағы атқаратын қызметтерді бөлу, құжаттар айналымы

3. Бухгалтерлік есеп жүйесін бағалаудың мақсаты

Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 169-184 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 183-190 б.
Тақырып 8 Аудиторлық тексеруді жоспарлау

Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бір жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады.

Аудитті жоспарлау мыналардықамтамасыз етуі тиіс:


  • ішкі бақылаудың тиімділігі, есептемелер мен бугалтерлік есептің жағдайлары туралы қажетті ақпараттарды алуды;

  • орындалуы тиіс бақылау процедурасының көлемі мен өткізу уақытын, мазмұнын анықтауды.

Аудитті жоспарлауға аудиттің жалпы жоспарын жасау және аудиторлық бағдарламаларды әзірлеу кіреді.

Жалпы жоспарда мына негізгі көрсеткіштер көріністабуы керек:



  1. орындалатын жұмыстын мөлшері;

  2. жұмыстың ұзақтығы мен өткізу мерзімдері;

  3. аудитор қолданатын әдістер мен тәсілдер.

Аудитор жалпы жоспарды тексерілетін кәсіпорынның басшылығымен және қызметкермен ақылдасып талқылауына болады, бұл аудиттің іс-әрекетін күшейтегі әрі кәсіпорын қызметкерінің қызметімен аудиторлық процедураларды үйлестіреді.

Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1. Міндеттеме хат

2. Аудиттің жалпы жоспарын дайындау.



Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 89-94 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 212-218 б.
Тақырып 9 Аудиторлық қорытынды: жасау және тапсыру тәртібі

Аудитор анықталған кемшіліктер, алдау фактілері мен жіберілген қателіктер туралы кәсіпорын басшысына хабарлап, шындыққа жанаспайтын ақпаратты түзеу бойынша ұсыныстар беруі керек.

Қорытынды кезеңде аудиторлардан мыналар талап етіледі:


  • аудиторлық файл түрінде жұмыс құжаттамаларын ресімдеуді аяқтай;

  • тексерілген ұйымның басшысына аудиттің нәтижелері туралы жазбаша ақпарат дайындау;

  • тексерілген объектілер туралы өз пікірін негіздеу және қалыптастыру;

  • аудиторлық есеп беруді белгіленген форма бойынша дайындау;

  • анықталған ауытқулар мен ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді, оларды болдырмаудың мүмкін жолдарын, аудит объектілерінің жұмыс істеу тиімділіктерін арттыру және оңтайландыру туралы клиентті хабардар ету.

Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1. Қаржылық есепті тапсырғаннан кейінгі уақиғаларға шолу жасау.

2. Арнайы тағайындалған аудиторлық қорытынды.



Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 169-184 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 233-250 б.
Тақырып 10 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері

Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар. Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.

Құрылтай және есептік-қаржы құжаттарын тексерудің мақсаты – қолданыстағы заңнамаға тексерістегі объекттің құрылтай және есептік-қаржылық құжаттардың сәйкестігіне қатысты ой қалыптастыру, оның жарғылық капиталдың қалыптасуының дұрыстығы.

Тексеріс үшін ақпарат көздері: кәсіпорынның жарғысы, құрылтай құжаттар, мемлекеттік тіркеу және статистика органдарындағы, салық органдарындағы тіркеу жөніндегі куәліктер, құрылтайшылар (акционерлер) жиналысының хаттамалары, эмиссия проспектері, акционерлер реестрі, бұйрықтар, өкімдер, ішкі ережелер, лицензиялар, акцияларды қабылдау-беру акттері, акцияның төлем шотына енгізілген мүлікті бағалау акттері, есеп регистрлері, материалды емес активтер, жер учаскелеріне, жылжымайтын мүлік объектітеріне құқықтарын растайтын құжаттар, Бас кітап, бухгалтерлік есеп беру және т.б.

Құрылтай құжаттар аудитінің мақсатына жету мен кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыптасуы үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:


  • Кәсіпорынның заңды статусын, әрекет ету сферасын және қызмет ету құқығын анықтау;

  • Лицензиялауға жататын әрекет түрлері бойынша лицензияның бар-жоғын анықтау;

  • Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібін тексеру және оның құрылымын зерттеу.

Ревизорлар құрылтай құжаттармен таныса келе, оның құрылтайшылар құрамын және жарғылық капиталдағы олардың үлесін анықтайды. Сонымен қатар ревизор-аудиторлар кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, филиалдары мен өкілеттіліктерінің бар-жоғы; басқару шешімдерін қабылдау кезінде барлық деңгейдегі жетекшілердің өкілеттіктері; құрылуы жарғыда қарастырылған қор түрлері; пайданы бөлу тәртібі жөнінде; кәсіпорынды жою мен қайта ұйымдастыру туралы; мүлікпен келісім сомасы бойынша орындаушы дирекция үшін шектеуледің бар-жоғы жөнінде және т.б. түсінік алады.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты.

2 Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері.

3 Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.

Әдебиет


  1. Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 262-276 б.

2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 151-170б.
Тақырып 11 Өндіріс кезеңінің аудиті

Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелдіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері.

Тауар-материалды қорлар ревизиясының негізгі мақсаты – олардың есеп жүргізуінің дұрыстығын анықтау, сақтау орындарында қорладың қозғалысы мен бар-жоғы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету, тұтынудың бекітілген нормаларын сақтау, іске жұмылдыру мақсатымен шаруашылық субъектке қажетсіз материалдық қорларды анықтау және сату.

Тауар-материалды қорлардың аудитін жүргізудің процедуралары:



  • бас кітаптың мәліметтерімен баланс көрсеткіштері;

  • синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізудің дұрыстығы;

  • ТМҚ болуы және сақталуы;

  • инвентаризацияның уақытылы және дұрыс жүргізілуі;

  • қойма есебін тексеру, ТМҚ қозғалысы бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы;

  • кіріс материалдарының толықтыы мен уақыттылығы және олардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі;

  • дайын өнім өндіруге өндірістік қорларды жіберу бойынша операциялардың негізделгендігін тексеру, сонымен қатар бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі;

  • ТМҚ бағалау әдісін анықтау;

  • шаруашылық субъектердің материалдық құндылықтарын сату мен қайта өңдеуге тапсырумен байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік жазбаларды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру;

  • бұзылуы мен бағаның төмендеуіне байланысты тауар-материалды құндылықтарды шығынға жазу бойынша әкімшілік шешімдері мен басқа құжаттарды зерттеу.

ТМҚ есептік мәліметтерге сәйкестігін тексеру кезінде түгендеу жылдарының әліметтерін зерттеу, тегіс түгендеуді қажет ететін (әдетте дефицит және қымбат тұратын ТМҚ) материал топтарын таңдау қажет. Сонымен қатар қойма мекемелерінің жағдайлары мен оларды дұрыс пайдалану, өлшеу құрылғылары, өрт және күзет дабыл қағыштарының бар-жоғы, сақтау және жіберу ережелерін қадағалау, материалды емес материалдардың бар-жоғы тексеріске жатады.

Күзетті дұрыс ұйымдастыру ТМҚ сақтауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Оның жұмысының тиімділігін материалдық құндылықтарды енгізу мен шығаруды ішкі бақылауды кенеттен тексеру арқылы тексеруге болады. Жиі әр түрлі бұзушылықтар кездеседі, мыслы, материалдарды рұқсаттар бойынша екі рет шығару, ТМҚ-ны құқықтары жоқ тұлғалармен қол қойылған рұқсаттар бойынша шығару. Сондықтар рұқсаттың мәліметтері әкелінетін материалдардың мөлшер, ассортимент, сапа және баға фактілері счет фактура, үстеме жарлық және басқа қосымша құжаттардың мәліметтерімен салыстырылады.



Қойма есебін тексеру. Қойма есебін жүргізу кезінде негізгі бұзушылықтар теріс өтпелі қалдықтардың болуынан, түсімдер туралы жазбалардың жоқтығынан, қоймалық және бухгалтерлік есеп карточкалары мәліметтерінің айырмашылығынан, қалдықтарды қате санаудан тұрады.

Теріс өтпелі қалдық түскен материалдардың толық емес немесе уақытында кірістірілмегендігін немесе өтпелі қалдықтардың қате есебін білдіреді.

Қоймадағы материалдар есебін материалды-жауапты тұлға болып табылатын қойма меңгерушісі немесе қоймашы жүргізеді. Бұл лауазымға шығындар үшін, ұрлық үшін сотталған немесе сенімнен айырылу бойынша жұмыстан шығарылған адамдар қабылдануы мүмкін емес.

Қоймашыны қабылдау немесе оны лауазымынан босатқан кезде міндетті түрде тегіс инвентаризация жүргізілуі тиіс.

Материалды қорлардың толық және уақытылы кірістірілуін тексеру. Сонымен қатар аудитор ТТН-да, шот-фактураларда, қабылдау актілерінде көрсетілген құжаттың күні мен номерін, атауларын, өлшем бірлігін, санын, материалдардың бағасын және басқа қосымша құжаттарды салыстыруы тиіс.

Айырмашылық анықталған жағдайда аудитор қарама-қарсы тексеруді жүргізеді немесе құжаттардың көшірмесін сұратады.

Жеке тұлғалардан нарық бағалары бойынша ТМҚ сатып алу кезінде актілерді рәсімдеудің дұрыстығы анықталынады.

Дайын өнімді өндіруге және шаруашылық қажеттіліктерге, қайта өңдеу үшін тауар-материалды құндылықтарды жіберу бойынша операциялардың негізделгендігін бақылау және өзгерістерді реализациялау мен қорлар ликвидацияланбауының тәртібі және тауар-материалды құндылықтарды пайдаланыстан шығару құқығын тексеру. Бұл үшін бекітілген лимиттер негізінде материалдарды нормативтік жіберу жүзеге асырылады. Аудитор дайын өнімді шығаруға шикізаттың, материалдың, жанармайдың артық шығынын, әрекеттегі нормативтермен сәйкес материалдық қорларға қажеттілігі дұрыс анықтала ма, жаңа қондырғыларды орнату кезінде шығын нормаларына уақытылы өзгерістер енгізіледі ме екендігін бекітуі тиіс.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.

2 Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 299-324 б.



2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 197-200 б.
Тақырып 12 Ақша қаражаттарының аудиті

Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті. Банктегі және басқа да щоттардағы ақша қаражаттарының аудиті. Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит жұргізілгенде тексерілітін негізігі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестері.

Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомствалық және басқа нормативті актілерімен жеткілікті түрде қатан реттелген. Сондықтан төлеу циклі аудиттін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет.

Ақша жалған құжатсыз тікелей ұрлау ісі кассаны тексергенде кассадағы барды түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол шын мәнінде кассир, не болмаса басқа лауазымды қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүркемеленеді. Сондай-ақ, қылмыстың ең қарапайым түрі болып саналатын қаражатты қымқырудың бүркемеленбегендері де болуы мүмкін.

Ақшаны касса бойынша кіріске алмау алынған соманы тікелей шығыстарға есептен шығармаумен немесе кірістік операцияларды жасырумен байланысты. Есеп шоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары жиі кездеседі.

Аудитор банктен чек бойынша алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы мен уақыттылығын чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен, банк көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен тексеруі тиіс. Кейбір аудиторлар банктен алынған қолма-қол ақшаны кіріске алудың түгелдігін тек қана чек түбіртектері бойынша тексергенде қате жібереді. Мұны сондай-ақ банк көшірмелері бойынша да жасау қажет. Егер көшірмелерде тазартып өшіру, түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар айырмасында банктен ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер алып, тексерілетін кәсіпорынның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме мәліметтерімен салыстыру керек. Қатаң есептегі құжат деп саналатын банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды талап етеді.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Банктегі және басқа да щоттардағы ақша қаражаттарының аудиті.

2 Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит жұргізілгенде тексерілітін негізігі аудиторлық тұжырымдар.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 349-372 б.



2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 207-227 б.
Тақырып 13 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті

Материалдық емес активтердің аудиті. Негізгі құрал – жабдықтардың аудиті. Ұзақ мерзімді активтердің тозуы мен амортизациясының аудиті. Аудит жүргізгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестілері.

Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, маортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішқі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптің мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екндігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі.

Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтттіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың аңықтығы мен материалдық емес активтердің құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:


  • жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың келісімдері бойынша;

  • бұл объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;

  • басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен.

Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:

  • негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;

  • негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;

  • негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;

  • негізгі құралдардың түсуі мен істен шыгуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, ресімдеудің және көрсетудің дәлдігі;

  • негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі;

  • бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі.

Негізгі құралдардың аудитінің негізгі процедуралары:

  • Бас кітаптағы мәліметтермен баланс көрсеткіштерінің сәйкестігін тексеру;

  • негізгі қаражаттардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру;

  • эксплуатациялау мен сақтау орындарындағы негізгі қаражаттардың болуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру;

  • негізгі қаражаттар қозғалысы бойынша бастапқы кірістерді рәсімдеудің дұрыстығын тексеру;

  • негізгі қаражаттардың жіктелуін жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру;

  • негізгі қаражаттарды бағалау мен қайта баға берудің дұрыстығын тексеру;

  • негізгі қаражаттарды кірістірудің дұрыстығын тексеру;

  • есепте тозудың дұрыс көрсетілуін тексеру;

  • жөндеуге шығындардың негізделгендігін тексеру және олардың шоттарда дұрыс көрсетілуі;

  • жалға беру бойынша операциялары мен жалға беру төлемінің шоттарда көрсетілуі және дұрыс есеп айырысуын тексеру;

  • есепте негізгі қаражаттардың кетуінің дұрыс көрсетілуін тексеру;

  • негізгі қаражаттарға қатысты салық есебінің дұрыстығын тексеру.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Материалдық емес активтердің аудиті.

2 Негізгі құрал – жабдықтардың аудиті.

3 Аудит жүргізгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 373-392 б.

2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 172-185 б.


Тақырып 14 Міндеттемелер мен капиталтардың аудиті

Капиталдардың аудиті. Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті. Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті.

Әрекетін қамтамасыз ету үшін субъекті құру кезінде қатысушылардың мүлікке салымдарының жиынтығы болып табылатын жарғылық капитал меншік капиталдың (МК) негізгі элементі болып табылады.

ЖК тексерудің негізгі процедуралары:



  • ЖК қалыптасуының дұрыстығын тексеру (құрылтай келісім, заң);

  • құрылтайшылар салымдарының уақытында және толықтығын тексеру;

  • ЖК өзгеоуінің негізделгендігін және оны уақытында құрылтай құжаттарына енгізілуін тексеру;

  • мүлікті және салым ретінде енгізілген басқа мүліктік құқықтарды түгендеу;

  • әрекеттегі заңдар жиынтығымен салыстыру бойынша ЖК есебінде анықталған ауытқуларды жою бойынша ұсыныстарды дайындау және негіздеу.

ЖК аудитінің негізгі сатысы – бұл қалыптасудың дұрыстығын тексеру. Сонымен қатар қашан және қай ауданда субъект тіркелгендігін, оның құрылтайшыларын, олардың ЖК-ғы үлесін, оның қалыптасу тәртібін анықтау қажет.

Бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік субъектілердің ЖК құқықтық формасының ұйымдасуы мен меншік формасына байланысты, қатысушылар енгізген (ақшалай және материалды) қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдар бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың коллективті қабілеті болып табылады. Ақшалар мен құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы және интеллектуалды әрекет нәтижелеріне құқық жарғылық капиталға салым бола алады. ЖК-ға құрылтайшылардың табиғи формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімімен немесе жалпы жиналыстың шешімімен ақшалай формада бағаланады. Егер осындай салымның құны 20 000 АЕК эквивалентті сомасынан жоғары болса, онда бағалауды тәуелсіз эксперт өткізуі тиіс.

ЖК-ға салымдардың фактілік түсу моменті ақшалай қаражаттар үшін – есеп шотқа немесе кассаға ақшаларды есепке алу күні, негізгі қаражаттар үшін (материалды және материалды емес активтер) - негізгі қаражаттар мен басқа растайтын құжаттардың қабылдау-беру актісін құру күні. Қабылдау-беру актісінің мәліметтері бойынша аудитор салымдардың толық және уақытында кірістірілгендігін тексеру керек (ТТН, кіріс кассалық ордерлер). Тіркеуге дейін салымдардың бекітілген мөлшерін барлық құрылтайшылардың енгізгенін, құрылтай құжаттарымен сәйкес ЖК толық қалыптасқандығын, салымдар ретінде құрылтайшылар нақты не енгізгендігін, мүлікті тек пайдалануға беретін қатысушы салымының мөлшері қалай анықталатыны, құнды көріністе қатысушының салымы қалай бағаланатыны және қандай жағдайларда тәуелсіз сарапшының бағасы қажет екендігін анықтау қажет.

ЖК тексерудің негізгі процедуралары – ЖК өзгеруінің негізделгендігін тексеру, оның өзгеруі бойынша шешім қатысушылардың жалпы жиналысында оның толық төлемінен кейін ғана қабылдануы мүмкін.

ЖК тексерудің сапасын жоғарылату үшін аудитор салымға енгізілген мүліктік және басқа мүліктік құқықтарды түгендеуді жүргізуі тиіс.

Аудиттің аяқтаушы процедурасы – бұл жою бойынша ұсыныстарды жалпылау.

Қосымша төленген капиталдың аудиті бойынша (номиналды құннан меншік акцияларды сату құнын ҚТК-арттыру). Сонымен қатар ДОК мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру қажет, 531 шоттың мәліметтерімен осы бап бойынша баланстағы қалдықтарды және ж/о №13 шоттың кредиті бойынша салыстыру қажет.

Қосымша төленбеген капитал – қайта бағалау нәтижесінде негізгі қаражаттар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың алғашқы құнын арттыру сомасы. Сонымен қатар қайта бағалаудың дұрыстығы тексеріледі.

Резервтік капитал қарастырылмаған шығындарды жабу үшін және негізгі кірістің қаражаттары жетпеген жағдайда инвестордың құжаттарын төлеу үшін түзіледі.

Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын). Сонымен қатар ж/о №13 және 561, 562 шоты бойынша бас кітаптың мәліметтерімен жыл басындағы және жыл соңындағы қалдықтарды салыстыру қажет.

Бөлінбеген кірістің көлемін бағалау алда өткен есеп беру кезеңімен салыстыру арқылы жүргізіледі.

Шаруашылық субъект міндеттерінің аудиті. Ұзақ мерзімді міндеттер – ұзақ мерзімді несиелер, ұзақ мерзімді займдер.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 413-446 б.

2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 239-259 б.



Қолданатын әдебиет

Негізгі

  1. Аpенс А., Лоббек Дж. Аудит. Перевод с англ./ Гл. редактор серии пpоф. Я.В. Соколов. М.: ФиС, 2003 .

  2. Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика, 2004

  3. Аудит Монтгомери. М.:ЮНИТИ, 1997.

  4. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005

  5. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности предприятия. Алматы, Гылым, 2000.

  6. Шамрай И.Н. Аудит (часть 1): Учебное пособие. – Павлодар, 2004.

  7. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит. – М.: ИНФРА – М, 2004.

  8. Абленов, Д.О. Основы аудита: учебное пособие/ Д.О. Абленов. - Алматы: Экономика, 2003.

  9. Адамс Р. Основы аудита. Пер. с англ. (Под ред. Я.В. Соколова). - М.: ЮНИТИ, 1995.

  10. Андреев В.Д. Практический аудит: Справочное пособие. - М.: Экономика, 1994.

  11. Каренова Г. С. Аудит: учеб. пособие/ Г.С. Каренова.-Караганда: КарГУ, 2007.


Қосымша

  1. Данилевский Ю.А. Аудит: организация и методика проведения. - М.: "Финансы и статистика", 2005.

  2. Дюсембаев К.Ш. Сущность аудита и его роль в условиях рыночной экономики. - Алматы, Вестник КазГАУ, 1996, N 1.

  3. Глушков И.Е. Аудит на современном предприятии. - Москва -Hовосибиpск, Кноpус-Экоp, 1997 .

  4. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит. – М.: ИНФРА – М, 2004.

  5. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита М.: Филин, 1996с.

  6. Глушков И.Е. Аудит на современном предприятии. - Москва - Hовосибиpск, Кноpус-Экоp, 1997.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет