НҰСҚаулар «Орыс тілі теориясының негіздері»



Дата09.07.2016
өлшемі301 Kb.
#188095
түріНұсқаулар
Әдістемелік нұсқаулардың Түрі

беткі парағы Ф СО ПМУ 7.18.3/40





Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Орыс филологиясы кафедрасы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Орыс тілі теориясының негіздері» пәнін оқытудан
5В020700 – Аударма ісі мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған



Құрастырушы:

ОФ кафедрасының

аға оқытушысы

Шахметова Н.А.



Павлодар


1 «Орыс тілі теориясының негіздері» пәнін оқытудан әдістемелік нұсқаулар студенттерге төмендегідей көмек көрсетеді:

- орыс тілінің фонетикалық, грамматикалық және лексикалық жүйесінің негізгі даму кезеңдері мен үрдістерінің дамуы туралы жүйелі білімді қалыптастырады;



- фонетикалық, лексикалық, грамматикалық заңдылықтармен және ерекшеліктермен таныстырады;

- тілдің формалды-мағыналы құрылымы мен фонетикалық, лексикалық және грамматикалық бірліктері туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастырады;

- эволюциялық танымдық күрделі үрдістері орыс тілді лингвомәдениеттану жүйесі арқылы жан-жақты меңгеруге мүмкіншілік береді;

- кәсіби маңызы бар және кәсіпке бағдарланған дағдылар мен біліктіліктерін теориялық білімді жалпылау негізінде қалыптастырады.



«Орыс тілі теориясының негіздері» курсын оқығаннан кейін студент:

- орыс тілі теориясының пәнін, нысанын;

- орыс тілі теориясының түсінік аппаратын;

- аталған пәннің басқа лингвистикалық ғылымдардың ішіндегі алатын орнын;

- лингвистикалық зерттеулердің принципін, әдісін және тәсілін;

- орыс тілінің негізгі тарихи даму кезеңдерін;

- орыс тілдің функционалдық қасиеттері мен тілдік жүйенің белгілерін;

- орыс тілі теориясының қазіргі даму кезеңдері мен фонетика, лексика және грамматика салаларындағы негізгі өзгерістерді біле алады.



«Орыс тілі теориясының негіздері» курсын тыңдағаннан кейін студент:

- әр түрлі ғылыми амал-тәсілдерді пайдалана отырып, нақты тілдік материалға талдау жасауға үйренеді;

- біліктілік тұрғысынан маңызды деген тілдік құбылыстарды тұсіндіре алуға дағдыланады;

- тілдік құбылыстарды өз бетінше жан-жақты талдау жасау қабылетін арттырады;

- ана тілі мен орыс тілін салыстырып, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ажырата алуға дағдыланады;

- ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыста танып білу және талдау әдістерін қолдана алуды үйренеді;

- мамандық саласындағы тапсырмаларды орындай алу үшін алған білімдерін пайдалана алуға дағдыланады.


2. Тақырыптар мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

2.1 Дәріс сабақтарына ұсынылған тақырыптар мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

№ 1 дәріс тақырыбы: Орыс тілі тарихы. Орыс тілі тарихының пәні мен нысаны. Орыс тілі тарихының кезеңдері.

Жалпы индоеуропалық негізгі тілдің құлдырауы: жалпы индоеуропалық тұтастығынан славяндардың бөлініп шығуы (б.э.д. 3 мың ж.), славян тайпаларының пайда болуы (славян тілдерінің оңтүстік славян, батыс славян, шығыс славян топтарына бөлінуі (XII-XIII ғғ.). IX-X ғғ.  Киев және Новгород қалаларының пайда болуы, олардың арасында саяси, мәдени және экономикалық қарым-қатынастарының құрылуы. Ежелгі орыс мемлекетінің пайда болуы. Диалект тілінің қалыптасуы. XI ғ. ортасында  XII ғ.  жаңа саяси орталықтардың нығаюына байланысты феодализмнің құлдырауы: ежелгі орыс тілінде диалект ерекшеліктерінің көбеюі (новгород, псков, смолен, ростов-суздаль диалектілері). XIV-XV ғғ.  шығыс халықтарының құрылуы: ұлы орыс, украин және белорус халықтары. XVII ғ.  орыс ұлтының құрылуы, ұлттық орыс тілінің қалыптасуы. Орыс тілі славян тілдерінің арасында.



Әдебиет:

1 Венцкович Р.М. История языкознания: курс лекций для студентов-заочников.  М.: МГПИИЯ им. М. Тореза, 1968.  205 с.

2 Кондрашов Н.А. История лингвистических учений.  М.: Просвещение, 1979.  224 с.

3 Иванов В.В. Историческая грамматика русского языка.  М.: Просвещение, 1990.  400 с.

4 Виноградов В.В. История русских лингвистических учений: Учебн. Пос. для студентов вузов.  М.: Высшая школа, 2005.  559 с.
№ 2 дәріс тақырыбы: Орыс тілінің сөздік құрамы және оның дамуы.

Негізгі сөздік қорының сипаттамасы: жалпы индоеуропалық, праславян, шығыс славян тілі және орыс сөздері. Орыс тілінің сөздік құрамын басқа тілдерден толықтырудағы кірме сөздердің рөлі. Орыс тілі сөздігінің аралас сипаты. Тіл, диалект, тіл варианты.

Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Тілдің сөздік құрамы немесе лексикасы төл сөздер мен басқа тілдерден енген (кірме) сөздерді де, ғылыми-техникалық терминдер мен дара сөздің эквиваленті ретінде жұмсалатын фразеологизмдерді де қамтиды.

Тіл өзінің сөздік құрамы арқылы адамның өндірістік іс-әрекетімен және оның (адамның) барлық жұмыс саласындағы басқа да іс-әрекеттерімен тікелей байланысты. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларының дамуына байланысты туған жаңа заттар мен құбылыстарды және олардың ұғымдарын тілде сөзбен атаудың қажеттілігінен туынды жаңа сөздер жасалады немесе олар тілде бұрыннан бар сөздермен аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. Осыдан тілдің сөздік құрамы үздіксіз толығу, даму күйінде болады.



Әдебиет:

1 Сусов И.П. История языкознания.  М.: Восток-Запад, 2006.  296 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Фомина М.И. Лексикология русского языка.  М.: Высшая школа, 1990.  415с.


3 дәріс тақырыбы: Орыс тілінің фонетикалық жүйесінің эволюциясы. Орыс тілінің грамматикалық құрылысының дамуы.

Ежелгі орыс фонетикалық жүйесінің сипаттамасы. Орта орыс кезеңнің фонетикалық ерекшеліктері. Қазіргі заманғы орыс кезеңінің фонетикалық жүйесінің сипаттамалық нұсқалары.

Ежелгі, орта және қазіргі заманғы орыс тілінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері. Ежелгі, орта және қазіргі заманғы орыс тілінің негізгі синтаксистік ерекшеліктері.

Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық құбылыстармен әрдайым байланыста, қарым-қатынаста болады.

Фонетика грамматиканың морфология саласымен де, синтаксис саласымен де байланысты. Морфология сөздердің өзгеру, түрлену ережелерін белгілей отырып, фонеиканың қағидаларынан аулақ емес. Дыбыстардың алмасу құбылысы грамматикалық тәсіл ретінде морфологиялық қызмет атқарады.

Фонетиканың синтаксиспен байланысы мынадай жайлардан көрінеді: сөйлемдердің әрбір түрі (типі) өзіне тән интонациямен айтылады. Сөйлем пауза, фразалық екпін және мелодика арқылы мүшеленеді.



Әдебиет:

1 Зиндер Л.Р. Общая фонетика.  М.: Просвещение, 1979.  313 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Джусупов М. Звуковые системы русского и казахского языков. Слог. Интерференция. Обучение произношению.  Ташкент: Фан, 1991.  239 с.

4 Жунисбеков А. Просодика слова в казахском языке.  Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова, 2010.  110 с.
4 дәріс тақырыбы: Орыс тілінің теориялық фонетикасының пәні мен нысаны. Дыбыс сөзінің фонологиялық аспектісі.

Фонеманы белгілеудің мәселелері. Фонемалар тәсілдерінің бірінші және екінші дәрежелі типтерін түсіну. Фонемалардың қызметтері.



Буындық құрылым. Буын  фонетикалық бірлік. Буынның жасалымы және бөлінуі. Буынның негізгі түрлері. Орыс тілінің буын құрылымының қызметтері.

Акценттік құрылым. Сөз екпіндерінің ұғымы. Сөз екпіндерінің әр түрлілігі. Орыс сөздерінің акценттік құрылысының қызметтері.

Интонациялық құрылым. Интонация анықтамасы және просодия. Интонация компоненттері: сөйлеу ырғағы, фразалық екпін, уақыт сипаттамасы (созылыңқылық, темп, үзіліс), тембр, ритм. Синтагманың, фразалардың, абзацтың, текстің және дискурстың интонациялық құрылымы. Интонацияның және просодияның қызметі.

Фоностилистика. «Айтылу стилінің» анықтамасы. Мәтіндер мен дискурстардың фоностилистикалық ерекшеліктері.

Әдебиет:

1 Зиндер Л.Р. Общая фонетика.  М.: Просвещение, 1979.  313 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Джусупов М. Звуковые системы русского и казахского языков. Слог. Интерференция. Обучение произношению.  Ташкент: Фан, 1991.  239 с.

4 Жунисбеков А. Просодика слова в казахском языке.  Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова, 2010.  110 с.

5 Хусаинов Б. Звукоизобразительность в казахском языке.  Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2010.  267 с.

5 дәріс тақырыбы: Орыс тілінің лексикологиясының пәні мен нысаны.

Сөз. Сөздің объективті қажеттілік факторлары. Сөздің көп деңгейлі құрамы. Сөздің тілдегі қызметі. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы.

Лексикалық-семантикалық жүйедегі мағыналық қатынастар. Көп мағыналылық немесе полисемия. Омонимия. Синонимия және антонимия.

Сөз дамуының негізгі жолдары мен әдістері. Сөз мағынасының өзгеруі. Кірме сөздер. Сөздің жасалымы: аффиксация, сөздердің бірігуі, конверсия.

Сөздіктің әлеуметтік-территориялық ерекшеліктері. Сөздік құрам және қоғам. Кәсіби лексика. Әдеби тілдің лексикасы. Күнделікті тұрмыстық-сөйлесу тілінің лексикасы. Диалектілік лексика. Аумақтық лексика. Қоғамдық лексика.

Фразеология. Фразеологиялық бірліктердің категориалдық сипаттық белгілері. Фразеологиялық бірліктердің құрылымдық-семантикалық типтері.

Әдебиет:

1 Венцкович Р.М. История языкознания: курс лекций для студентов-заочников.  М.: МГПИИЯ им. М. Тореза, 1968.  205 с.

2 Кондрашов Н.А. История лингвистических учений.  М.: Просвещение, 1979.  224 с.

3 Фомина М.И. Лексикология русского языка.  М.: Высшая школа, 1990.  415с.

4 Виноградов В.В. История русских лингвистических учений: Учебн. Пос. для студентов вузов.  М.: Высшая школа, 2005.  559 с.

5 Карымсакова Р.Д. Казахский язык: Страноведение через фразеологизмы.  Алматы: Жібек жолы, 1997.  75 с.


6 дәріс тақырыбы: Орыс тілінің лексикографиясының теориясы.

Лексикографияның теориясы. Сөздіктердің түрлері. Түсіндірме сөздіктің құрылымы. Фразеологиялық сөздіктер.

Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс деп аталады. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әр түрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын жете білуді қажет етеді. Сөздік құрастыруда айрықша назар аударатын мәселелер: сөздің лексикалық мағыналарының типтері, мағына мен қолданылыс, сөз мағыналарының сөздікте берілу тәртібі, полисемия құбылысы мен омонимия құбылысының айырмашылығы, фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері, сөздікке кіретін туынды сөздердің түрлері және олардың аумағы мен шегі сөздерге берілетін анықтама (түсіндерме) мен стилистикалық мінездеме және т.б.

Әдебиет:

1 Сусов И.П. История языкознания.  М.: Восток-Запад, 2006.  296 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Фомина М.И. Лексикология русского языка.  М.: Высшая школа, 1990.  415с.

4 Ожегов С.И. Словарь русского языка: Ок. 57 000 слов/Под ред. чл.-корр. АН СССР Н.Ю. Шведовой. – 20-е изд. – М.: Рус. яз., 1988. – 750 с.

5 Александрова З.Е. Словарь синонимов русского языка. – М.: 1975.  258 с.

6 Быстрова Е.А. и др. Учебный фразеологический словарь русского языка. – Л.: Просвещение, 1984. – 271 с.

7 дәріс тақырыбы: Орыс тілінің теориялық грамматикасының пәні мен нысаны. Негізгі грамматикалық ұғымдар.

Грамматикалық форма. Грамматикалық мағына. Грамматикалық категория. Сөз формасы, морфема. Морфология. Синтаксис.

Грамматикалық форма туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланыста. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. Тілдегі грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы болған жағдайда ғана, грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз. Керісінше, белгілі бір форманың грамматикалық форма ретінде танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны білдіруі қажет.

Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады, олармен әрқашан тығыз байланыста болады. Грамматикалық мағына  грамматикалық категорияның элементі. Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құралады.

Сөздің морфологиялық құрылымы морфемалардан тұрады. Морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Лексикалық мағынаны білдіретін морфема  негізгі морфема (түбір морфема), ал грамматикалық мағынаны білдіретін морфема  аффикстік морфема.



Әдебиет:

1 Краткая русская грамматика / Под ред. Н.Ю. Шведовой, В.В. Лопатина; Ин-т русского языка АН СССР.  М.: Русский язык, 1989.  639 с.

2 Колодезнев В.М. Морфология русского языка: Практический курс.  М.: Владос, 1999.  264 с.

3 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.


8 дәріс тақырыбы: Сөз таптарының лексикалық, морфологиялық және синтаксистік сипаттамасы.

Сөз таптары. Грамматикалық категориялардың ерекшеліктері. Сөз таптарының классификациясы. Олардың лексикалық, морфологиялық және синтаксистік сипаттамасы.

Тіл білімінде сөздерді негізгі немесе атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер дер әр түрлі топтарға бөледі. Атауыш сөздердің қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа-белгінің және іс-әрекеттің атаулары жатады. Олардың әрқайсысында толық мағына бар және сөйлемде өздігінен дербес мүше ретінде қызмет атқара алады. Атауыш сөздердің қатарына зат есім, сын есім, үстеу, етістік және сан есімдер мен есімдіктер жатады. Көмекші сөздердің қатарына әр түрлі тілдердегі артикльдер, предлогтар, жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер енеді. Сөздер семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша сөз таптарына бөлінеді.

Әдебиет:

1 Краткая русская грамматика / Под ред. Н.Ю. Шведовой, В.В. Лопатина; Ин-т русского языка АН СССР.  М.: Русский язык, 1989.  639 с.

2 Колодезнев В.М. Морфология русского языка: Практический курс.  М.: Владос, 1999.  264 с.

3 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.


9 дәріс тақырыбы: Синтаксистік бірліктер және олардың жасалуы.

Сөз тіркестері. Сөз тіркестерінің әр түрлі типтері және оларды классификациялаудың принциптері. Сөйлем: сөйлемді классификациялау принциптері. Жай және күрделі сөйлемдер, олардың түрлері.



Мәтін синтаксисі. Мәтін туралы түсінік және оның сипаттамасы. Мәтін қатынас бірлігі. Мәтін бірлігі. Дискурс категориясы.

Сөз тіркесі  мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі.

Сөз тіркесі сөйлем құрамында қолданылғанда ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативтік қызмет атқара алады.

Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі және аралас сөз тіркесі болып үшке бөлінеді.

Сөйлем  ең басты тілдік бірліктердің бірі. Ол өзімен сырттай ұқсас тілдік басқа құбылыстардан ең алдымен коммуникативті қызметі, яғни шындық болмыстың әйтеуір бір бөлшегі жайында хабар беру қызметі жағынан ажыратылады.

Әдебиет:

1 Краткая русская грамматика / Под ред. Н.Ю. Шведовой, В.В. Лопатина; Ин-т русского языка АН СССР.  М.: Русский язык, 1989.  639 с.

2 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.

3 Левицкий Ю.А. Основы теории синтаксиса: Учебн. пос. для вузов.  М.: Комкнига, 2005.  367 с.

4 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.
2.2 Тәжірибелік сабақтарға ұсынылатын тақырыптар мазмұнының қысқаша сипаттамасы:

1-3 тәжірибе тақырыбы: Орыс тілінің тарихы.

Ежелгі орыс кезеңі (б.э. V- X ғғ.). Орта орыс кезеңі (XI ғ. ортасы - XV ғғ.). Ежелгі және орта кезеңдерінің негізгі фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктері. Орыс тілінің сөздік қорын топтастырудағы кірме сөздердің рөлі. Грек, француз, латын, түрік кірме сөздері. Қазіргі орыс тілінің негізгі ерекшеліктері.

Кірме сөздер әрбір тілдің лексикасында кездеседі. Дүние жүзіндегі түрлі халықтар өз ара бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Орыс тіліне түркі тілден енген сөздер: изюм, утюг, чекмень, тесьма, тулуп және т.б.



Әдебиет:

1 Сусов И.П. История языкознания.  М.: Восток-Запад, 2006.  296 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Фомина М.И. Лексикология русского языка.  М.: Высшая школа, 1990.  415с.


4 тәжірибе тақырыбы: Орыс тілінің теориялық фонетикасы.

Дыбыстардың фонологиялық жақтары. Буын жасалымы және буын бөлінуі. Орыс тіліндегі сөздің акценттік құрылымы. Мәтін интонациясы туралы. Айтылудағы дауыс ырғағының рөлі.



Әдебиет:

1 Зиндер Л.Р. Общая фонетика.  М.: Просвещение, 1979.  313 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Джусупов М. Звуковые системы русского и казахского языков. Слог. Интерференция. Обучение произношению.  Ташкент: Фан, 1991.  239 с.

4 Жунисбеков А. Просодика слова в казахском языке.  Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова, 2010.  110 с.

5 Хусаинов Б. Звукоизобразительность в казахском языке.  Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2010.  267 с.


5 тәжірибе тақырыбы: Орыс тілінің лексикологиясы.

Лексикалық-семантикалық жүйедегі мәндік қатынастар. Аффиксация. Сөз жасалым. Конверсия.

Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан түрлі. Осыған орай тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымы да, сөз құрылымындағы да түрлі-түрлі морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді. Негізгі морфема (немесе түбір) морфеманың жалпылама лексикалық мағынасы (общее лексическое значение) заттық мағына (вещественное значение) деп аталады.

Өз алдында дербестігі жоқ, тек сөз құрамында түбір морфемаға жалғанып қолданылғанда ғана, белгілі бір мағынаға ие болатын көмекші морфемалар аффикстік морфемалар немесе аффикстер деп аталады. Аффикстер мағынасы мен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып келеді.



Әдебиет:

1 Жаналина Л. Сопоставительное словообразование русского и казахского языков.  Алматы: РИК, 1998.  158 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.

6 тәжірибе тақырыбы: Орыс тілінің фразеологиясы.

Фразеологиялық бірліктердің құрылымдық-семантикалық түрлері. Фразеологиялық бірліктердің категориалдық-семантикалық белгілері.

Тіл арқылы қатынас жасау үрдісінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Сөздердің тілдің грамматикалық заңдарына орайласып, емін-еркін тіркесінен синтаксистік бірліктер  еркін сөз тіркесі мен сөйлемдер жасалады.

Екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік фразеологиялық оралым деп аталады.



Әдебиет:

1 Сусов И.П. История языкознания.  М.: Восток-Запад, 2006.  296 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Фомина М.И. Лексикология русского языка.  М.: Высшая школа, 1990.  415с.

4 Ожегов С.И. Словарь русского языка: Ок. 57 000 слов/Под ред. чл.-корр. АН СССР Н.Ю. Шведовой. – 20-е изд. – М.: Рус. яз., 1988. – 750 с.

5 Александрова З.Е. Словарь синонимов русского языка. – М.: 1975.  258 с.

6 Быстрова Е.А. и др. Учебный фразеологический словарь русского языка. – Л.: Просвещение, 1984. – 271 с.

7 тәжірибе тақырыбы: Орыс тілінің теориялық грамматикасы.

Сөз таптарының лексикалық, морфологиялық және синтаксистік сипаттамасы. Сөз таптарының грамматикалық категориялары.

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен байымдаулар бар.

Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді.

Әдебиет:

1 Краткая русская грамматика / Под ред. Н.Ю. Шведовой, В.В. Лопатина; Ин-т русского языка АН СССР.  М.: Русский язык, 1989.  639 с.

2 Колодезнев В.М. Морфология русского языка: Практический курс.  М.: Владос, 1999.  264 с.

3 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.

8 тәжірибе тақырыбы: Синтаксистік бірліктер. Сөз тіркестері.

Сөз тіркестері. Сөйлем хабардың бірлігі ретінде, оның негізгі тұрпаттары мен сипаттары.

Сөз тіркестерінің арасындағы байланыс түрлері.

Сөйлем  коммуникативті қызметімен, яғни шындық болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беретін қызметімен, сипатталатын синтаксистік бірлік. Сөздің де, сөз тіркесінің де қызметі  номинативті қызмет болса, сөйлемнің қызметі  коммуникативтіі қызмет.

Сөйлемнің құрылымдық үлгісі  бастауыш-баяндауыштық үлгі. Сөйлемге тән белгілердің бірі  интонация. Сөйлем тілдік басқа құбылыстардан интонациялық белгісі жағынан да ажыратылады.

Сөйлем объективтілік модальдылық категориясы, синтаксистік шақ және рай категорияларымен және осы категорияларды білдіретін құралдардың жүйесімен сипатталады.

Предикативтілік  әрбір сөйлемге тән басты белгі. Предикативтік сөйлемнің грамматикалық мағынасы ретінде танылады.

Әдебиет:

1 Краткая русская грамматика / Под ред. Н.Ю. Шведовой, В.В. Лопатина; Ин-т русского языка АН СССР.  М.: Русский язык, 1989.  639 с.

2 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.

3 Левицкий Ю.А. Основы теории синтаксиса: Учебн. пос. для вузов.  М.: Комкнига, 2005.  367 с.

4 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.
9 тәжірибе тақырыбы: Синтаксистік бірліктер. Сөйлем.

Сөйлемдерді классификациялау принциптері. Жай және күрделі сөйлемдер. Мәтіннің синтаксисі. Дискурс.

Ойлау мен тілдің байланысы көбінесе ұғым мен сөздің, байымдау мен сөйлемнің негізінде қарастырылады.

Байымдаудың өзіне тән логикалық құрылымы, логикалық элементтері бар. Жай сөйлеммен айтылған байымдаудың құрылымында, байланысты құрылымдық элемент ретінде есептемегенде, екі элемент болады: оның бірі  логикалық субъект (ойдың заты туралы ұғым), екіншісі  логикалық предикат (ойлауға қатысты белгі жайындағы ұғым).



Әдебиет:

1 Краткая русская грамматика / Под ред. Н.Ю. Шведовой, В.В. Лопатина; Ин-т русского языка АН СССР.  М.: Русский язык, 1989.  639 с.

2 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.

3 Левицкий Ю.А. Основы теории синтаксиса: Учебн. пос. для вузов.  М.: Комкнига, 2005.  367 с.

4 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

2.3 Өз бетінше жұмыс істеуге арналған тақырыптар мазмұнының қысқаша сипаттамасы:

1 тақырып: Орыс тілінің тарихы.

Орыс тілі тарихының кезеңдері. Славян тілдері. Шығыс славян тілдері тобындағы орыс тілі.

Үнді еуропа тілдерінің құрамына славян тобы да енеді. Тілдердің славян тобы өз ішінде кіші үш топқа бөлінеді: а) шығыс славян тобына енетін тілдер: орыс тілі, украин тілі, белорус тілі; ә) оңтүстік славян тобына енетін тілдер: болгар тілі, македон тілі, словен тілі; б) батыс славян тобына енетін тілдер: чех тілі, словак тілі, поляк тілі, кашуб тілі.



Әдебиет:

1 Венцкович Р.М. История языкознания: курс лекций для студентов-заочников.  М.: МГПИИЯ им. М. Тореза, 1968.  205 с.

2 Кондрашов Н.А. История лингвистических учений.  М.: Просвещение, 1979.  224 с.

3 Иванов В.В. Историческая грамматика русского языка.  М.: Просвещение, 1990.  400 с.

4 Виноградов В.В. История русских лингвистических учений: Учебн. Пос. для студентов вузов.  М.: Высшая школа, 2005.  559 с.

2 тақырып: Орыс тілінің фонологиялық жүйесі.

Буындық құрылым. Орыс тіліндегі буын жасалымы және буынға бөлінуі.

Орыс тіліндегі сөздің акценттік құрылымы. Сөз екпіндерінің түрлері. Сөз екпінің дәрежесі.



Әдебиет:

1 Зиндер Л.Р. Общая фонетика.  М.: Просвещение, 1979.  313 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Джусупов М. Звуковые системы русского и казахского языков. Слог. Интерференция. Обучение произношению.  Ташкент: Фан, 1991.  239 с.

4 Жунисбеков А. Просодика слова в казахском языке.  Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова, 2010.  110 с.

5 Хусаинов Б. Звукоизобразительность в казахском языке.  Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2010.  267 с.


3 тақырып: Орыс тілінің интонациялық жүйесі.

Интонация құрамы: сөйлеу ырғағы, фразалық екпін, тембр, ритм. Интонацияның және просодияның қызметі.



Әдебиет:

1 Зиндер Л.Р. Общая фонетика.  М.: Просвещение, 1979.  313 с.

2 Джусупов М. Звуковые системы русского и казахского языков. Слог. Интерференция. Обучение произношению.  Ташкент: Фан, 1991.  239 с.

3 Жунисбеков А. Просодика слова в казахском языке.  Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова, 2010.  110 с.

4 Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясының негіздері.  А., 2002.
4 тақырып: Орыс тілінің сөз жасалымы.

Аффиксация, оның түрлері, конверсия, сөздің бірігуі.

Түбірге (немесе негізге) аффикстер жалғау арқылы грамматикалық мағынаның берілу тәсілі аффиксация тәсілі деп аталады. Аффиксация тәсілі  грамматикалық тәсілдердің ішіндегі ең кең тараған тәсіл. Аффиксация тәсілі түркі тілдерінде деривациялық мағынаны да, реляциялық мағынаны да білдіреді. Демек, аффиксация тәсілі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін жұрнақтарды да, жалғауларды да пайдаланады.

Әдебиет:

1 Жаналина Л. Сопоставительное словообразование русского и казахского языков.  Алматы: РИК, 1998.  158 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.

5 тақырып: Орыс тілінің омонимі.

Орыс тіліндегі омонимдер түрлері. Омонимдердің пайда болу жолдары.

Тіл-тілдің лексикасында дыбысталу бірдей де, мағынасы әр басқа сөздер. Омонимдердің пайда болуының бірнеше жолы бар: а) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика-грамматикалық тәсілі арқылы пайда болған. Тілдің даму барысында көп мағыналы сөздің мағыналарының арасындағы семантикалық байланыс үзіліп, осының нәтижесінде әр басқа екі сөз  омонимдес сөздер жасалуы мүмкін. Бұл тәсілді сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі деп аталады. б) Тілдегі омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық озгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған. в) Омонимдер сөздердің түбіріне (немесе негізінде) омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады. Түбір сөздерден жасалған омонимдер түбір омонимдер деп аталса, түбірге омонимдес аффикстердің жалғануынан жасалған омонимдер деп аталса, түбірге (немесе негізгі) омонимдес аффикстердің жалғануынан жасалған омонимдер туынды омонимдер деп аталады.

Әдебиет:

1 Сусов И.П. История языкознания.  М.: Восток-Запад, 2006.  296 с.

2 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

3 Фомина М.И. Лексикология русского языка.  М.: Высшая школа, 1990.  415с.


6 тақырып: Орыс тілінің морфологиясы.

Сөз формасы. Грамматикалық форма. Грамматикалық мағына. Грамматикалық категория.

Сөз таптары. Сөз таптарының классификациясы. Сөз таптарының лексикалық, морфологиялық, синтаксистік сипаттамасы.

Грамматикалық форма туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланыста. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. Тілдегі грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы болған жағдайда ғана, грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз. Керісінше, белгілі бір форманың грамматикалық форма ретінде танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны білдіруі қажет.

Тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталады
7 тақырып: Орыс тілінің синтаксисі. Сөз тіркестері.

Сөз тіркестерінің әр түрлі типтері және оларды классификациялаудың принциптері.

Сөз тіркестерінің құрылымы, олардың модельдері сөз тіркесіндегі ұйытқы сөздің қай сөз табына қатысты болуына және категориялдық мағынасы мен қасиетіне қарай айқындалады. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң және күрделі болып бөлінеді.

Әдебиет:

1 Краткая русская грамматика / Под ред. Н.Ю. Шведовой, В.В. Лопатина; Ин-т русского языка АН СССР.  М.: Русский язык, 1989.  639 с.

2 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.

3 Левицкий Ю.А. Основы теории синтаксиса: Учебн. пос. для вузов.  М.: Комкнига, 2005.  367 с.

4 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.
8-9 тақырып: Орыс тілінің синтаксисі. Сөйлем. Мәтін.

Сөйлемді классификациялау принциптері. Жай және күрделі сөйлемдер, олардың түрлері. Мәтіннің сипаттамасы. Мәтін бірлігі. Дискурс категориясы.

Сөйлем  коммуникативті қызметімен, яғни шындық болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беретін қызметімен, сипатталатын синтаксистік бірлік. Сөздің де, сөз тіркесінің де қызметі  номинативті қызмет болса, сөйлемнің қызметі  коммуникативтіі қызмет.

Сөйлемнің құрылымдық үлгісі  бастауыш-баяндауыштық үлгі. Сөйлемге тән белгілердің бірі  интонация. Сөйлем тілдік басқа құбылыстардан интонациялық белгісі жағынан да ажыратылады.

Мәтіннің қызметі. Оның құрылымы.

Әдебиет:

1 Краткая русская грамматика / Под ред. Н.Ю. Шведовой, В.В. Лопатина; Ин-т русского языка АН СССР.  М.: Русский язык, 1989.  639 с.

2 Максимов В.И. Грамматика русского языка: Конспект лекций. Ч.1. Морфология.  СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.  61 с.

3 Левицкий Ю.А. Основы теории синтаксиса: Учебн. пос. для вузов.  М.: Комкнига, 2005.  367 с.



4 Норман Б.Ю. Теория языка: вводный курс.  М.: Флинта: Наука, 2008.  293с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет