16-НҰСҚА
46-есеп. “Автодор” ондірістік қауымдастығының ДРСУ-і кооператив жерлерінен өтетін облыстық маңызы бар жол учаскесіне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Құрылысшылар жөндеу кезінде айналып өтетін жол салмағандықтан, сол жерден өтетін көліктер кооперативінің жерінен өтеуге мәжбүр болған. Соның салдарынан 1,5 гектар жердегі егін жойылған, топырақтың құнарлы қабаты бұзылған, оларды қалпына келтіруге шығындарды талап ететін көліктердің терең іздері пайда болған. ДРСУ мәлімдеуі бойынша жерді жүріп өткен көлік бүлдірген, және ДРСУ оған жауапты емес.
Жер туралы заңдылық бұзылған жағдайда жерге меншік иесі және жер пайдаланушыға келтірілген шығынның орнын толтыру жағдайлары мен тәртібі.
- істі шешіңіз.
47-есеп. 1998 жылы Палеев Шығыс Қазақстан облысының Берестов ауданының “Заря” кооперативіне малшы ретінде жұмысқа алынды. Кооператив төрағасының бұйрығымен оған 0,3 га көлемінде жер учаскесі бөлініп берілген болатын. Осы жылы өз еркімен үй жанындағы учаскеге 0,25 га кооператив жерлерді қосып алып, жылдан жылға жеміс жидектерді сату үшін өндеді және өсірді. 2000, 2001, 2002 жылдары кооператив төрағасы жазбаша түрде Палеевке заңсыз жерлерді пайдаланғаны үшін ескетті және артық жерлерді кесіп алды, 0,25 га учаскесін пайдалануға рұхсат бермеді. 2003 жылы көктемде Палеев қайтадан ескертілген болатын, бірақ та ол қайтадан жер учаскесін егіп тастады. Осыдан кейін өз еркімен жерді иемдеп алғаны үшін материалдарды аудан прокуратурасына Палеевті жауапкершілікке тарту үшін өткізілген. Аудан прокуроры Палеевке өсірілген астықты өтеу жөнінде талап арыз жолдады.
өз еркімен жерлерді иемдеп алудың құқықтық салдары.
Жер пайдаланушы мен жер меншік иелерінің шығындарды өтеу тәртібі және жағдайы.
Істі шешіңіз.
48-есеп. Иримова Солтүстік Қазақстан облысының Қарасу аудандақ сотына “Барвинское” ЖШС-не қарсы өз еркімен басып алынған жер учаскесін қайтару және шығынның орнын толтыру туралы талап арызбен жолданған.
Сотпен анықтағандай, Иримова 2003 ж. маусым айында шаруа қожалығын жүргізу үшін 237 гектар жер алған. Сол кезде жер учаскесіне “Барвинское” ЖШС-ң егіні егілген болатын, ЖШС бұл жер учаскесін 1997 ж. бастап аудан әкімінің ауызша рұқсаты бойынша пайдаланып келген. Иримова 102,4 тонна бидай; 1,2 млн теңге алынбаған табыстың қайтарылуын және 300000 тг. моральдық зиянның өтелуін талап еткен.
Жер учаскесіне құқықша рәсімдеу тәртібі және шарттары.
Жерді өз бетімен басып алудың құқықтық салдары.
Істі шешіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |